Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет39/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Еңлік-Кебек туралы ойларың


2. Еңілік-Кебек қалай туындаған
3. Еңілік-Кебек ескерткіші қай жерде орналасқан.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Абай жолы

Тарихты көркем әдебиетте бейнелеудің әлем әдебиетіндегі тамаша үлгілерін еске ала отырып, біздегі, яғни қазақ әдебиетіндегі бірегей үлгі ретінде ұлы жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» романын айта аламыз.


«Абай жолы» - қазақ өмірінің айнасы, үлкен бір энциклопедиясы, тұтас бір дәуірді жан-жақты толық бейнелеп берген, мазмұн-мағынасы, көркемдік бітімі, сипат-ерекшелігі жағынан да үздік шығарма.
Ал біздің қарастыратын мәселеміз: «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ғашықтық сезімді беру жолындағы жазушының шеберлігі, шығарманың өне бойында табиғи өріліп отыратын махаббат тақырыбы.
Роман-эпопеяның екінші кітабында әрқайсысы жеке шығармаға арқау болатын тақырыптар жеткілікті. Солардың бірі - әйелдің бас бостандығымен жалғасып, сабақтасып жататын махаббат тақырыбы.
Романда бір-бірін жүрек қалауымен ұнатқан екі жастың қосылуына ешқандай мүмкіндік болмады. Олардың бас еркін өздеріне билетпей, танымайтын, білмейтін жат адамдармен атастырған әке әмірі жүріп тұрған кез. Тағдырдың жазуынан, әкенің әмірінен асар дәрмен жоқ. Өзімен терезесі тең Алшынбайдай құда тапқанына Құнанбай риза. Әке-шешенің Абайдан ықтияр, таңдау сұрамай, қақпалап апарып Ділдәға қосады.
Тоғжан Абайдың тұрмыс-дәулетіне қызыққан қыз емес, оның ақыл-парасатына, биік адамдық тұлғасына бас иген. Адал жүрегін ұсынған. Мәңгілік жүрегіне жазылмас жара салған Абай - Тоғжан өмірінде қайталанбас, орны бөлек адам. Екі жүрек егіздік тапқан, бірін-бірі іштей танып, тіл қатқан. Біржола келмеске кеткен, Тоғжанын күн өткен сайын сағынады. Ата заңымен ұзатылып кеткен, бақыты басқа біреуге бұйырған, басқа құшақтағы Тоғжанның жүрегі де Абайын іздеп қан жылайды. Бұлқынып шығар дәрмен жоқ. Жүрекке түскен сары уайым оның жанын да жегідей жеп жатыр. Тоғжан үшін Абайсыз өмір – қуыс дүние, өлі тіршілік. Еріксіз ұзатылып бара жатқанда, «өзіне оң сапар тілеген жоқ», өлім тілеп кетті. Яғни бұдан түйер ой - жүрек қалауымен қосылмаған пендеге өмір өліммен тең екендігі.
Шығармадағы Тоғжан бейнесі – шынайы махаббаттың, қазақ қыздарының ғажайып үлгісі ретінде нанымды суреттелген. Абай Тоғжанмен кездесуі мен сырласуын бүкіл саналы ғұмырының мағыналы сәті, бақыты деп санайды. Абай мен Тоғжанның ішкі сезімі мен толғаныстары барынша реалистік тұрғыда суреттелген.
Романда Абай мен Әйгерім арасындағы махаббат та өте бір әдемі нәзіктікпен, табиғилықпен суреттелген. Әйгерімінен Тоғжанын тапқан Абай өзінің жуандығын бұлдап, тізе көрсетіп оны еріксіз алмақ емес, Әйгерімге сөз салуға Жиреншені жіберіп жатқанда, Абай осыны қатты ескертеді. «Бір нәрседен қатты сақ бол. Бар-барымша айтатыным сол. Қайсысы көнсе де, Құнанбай баласы еді, елге істейтін тізесі көп жуан ауыл еді, бермесем әлгі бола ма, кесірі тие ме деген ойды ойлай көрмесін. Ата айдынымен, ауыл атағымен алар болсам, онда қыз алған, жар алған болмаспын, қорлық алған болармын»-дейді [33,317-б.]. 19 Абай мен Әйгерімді қосқан екеуінің бойындағы өнерге деген үлкен құрмет, өнерді жанымен түсініп, сезінетіндіктері де болар. Тоғжанын жоғалтып, көңілі құлазып жүрген кезінде, кездейсоқ жағдайда әдемі, әсем әнімен Абайды ұйқысынан оятқан, өмір сүруіне деген үлкен құлшыныс әкелген Әйгерім, Абайдың бойындағы көпке дари бермейтін ұлы қасиеттерін, өнерге деген ыстық ықласын, оған үлкен жанаршырлықпен қарайтынын түсініп, бағалай білді. Әйгерімін Абай да қадірлей білді. Әйгерім үшін әнсіз өмір жоқ. Әйгерімнің салған әні Абайға қуаныш әкелді, жанын жадыратты.
«Абай жолында» ән өнеріне, ән айтылатын, жастардың басын қосатын, ғашықтарды табыстыратын халқымыздың түрлі ойын-сауық кештеріне, той-думандарға баса назар аударады. Жазушы адам өміріне ән мен жырдың қаншалықты қатысы барлығын Абай басынан өткен барлық жағдай оның ішінде Абай – Тоғжан, Абай - Әйгерім және маңындағы жастар Әмір мен Үмітей, Оралбай мен Керімбала арасындағы қарым-қатынастарды сөз еткенде тереңірек тоқталады. Бұлардың ғашықтығының трагедиялық салдары – халықтық дәстүрдің өзгермес заңына қарсылық нәтижесі. Шығармадағы Мәкен – Дәрмен, Қуандық, Салтанат, Салиха мәселелері де айтылмыш жағдайлармен тамырлас.
Бүгінгі күні әдеби процесте ерекше көкейкесті деген мәселелердің бірсыпырасы осымен, адамның өзін-өзі танып, білуге деген талпынысының терең сипат алуымен тығыз байланысты. Адамның өз ішіне бойлауы, өз жанының иірімдері бұрылыс бұлтарыстарындағы құпиясын ашуға, оны тануға, көркейтуге деген саналы құштарлығы неғұрлым күшейе түскен сайын оның белсенділігі де соғұрлым ұштала түсуде. Осы ретте суреткерлердің адамның жан дүниесіне тереңдеп баруы, түрлі сезімдік, ақыл-ой толғаныстарына талдау жасауы, соның бәрінде адамгершілік, тазалық пен тиянақтылық бірінші орынға қойылуы, біздің қоғамымыздың өз даму сатысы талабынан, рухани және материалдық талабынан туып отырғаны даусыз.
Сондықтан М.Әуезов шығармаларына талдау жасағанда, олардың шығармаларындағы авторлық бағытының ерекшелігімен қатар, ұлттық, халықтық сипат – белгілеріне де назар аударамыз.
Тоғжанмен арадағы бақытты шақ, Тоғжанды жоғалтудың ауырлығы, Әйгеріммен табысу, бұл табысудың налаға ауысуы – бәрі бір-бірімен қарама-қарсы мәндегі оқиғалар. Табиғи ортада да Абай осындай қым-қиғаш өмірді бастан өткереді. Аңшылық пен пәк табиғатты тамашалау, оның ләззаты, одан ауыр, тым жабырқау күйге ауысуы – бұлар да контрастық қатынаста алынған. Осы боранды күні Абайдың Тоғжанмен ұшырасуы бұған дейінгі қарама-қайшылық барлық оқиғаларға түгелдей қайшы әрі бұл қарама-қарсылықтардың ең шырқау биігі болып табылады.
Жазушы кейіпкер психологиясын ашуда ішкі және сыртқы әрекеттер мен қоршаған табиғи, әлеуметтік орта құбылыстарын керемет жарасымдылықпен астастырып, тұтастырып жібереді. Сонда кейіпкердің санасындағы ішкі монолог пен диалог та, оның іс-әрекеті мен сыртқы түр-қалпы да, табиғат құбылыстары мен әлеуметтік алғышарттар – бәрі де астасып кетіп, басты бір мақсатқа, кейіпкер характерін кең әр қырынан ашуға қызмет етеді. 20

Ғашықтық сырларды, ғашықтық жұптар арақатынасын суреттеуде М.Әуезов пен классикалық орыс әдебиеті өкілдерінің арасындағы тақырыптық жалғастық байқалады. Жоғарыда келтірілген үзінділерден А.С.Пушкиннің «Евгений Онегиндегі» Татьянасы мен Тоғжанның ішкі жан дүниесіндегі қиналыстары бірін-бірі толықтырып тұрған сияқты. Ауырып келген Абай мен оны көріп тұрған Тоғжанның жағдайы, Тоғжанның жан қиналысынан шыққан сөздері Пушкин кейіпкерлерімен рухтас, үндес болып келеді. Абай мен Тоғжан, Абай мен Әйгерім арасы – ғашықтық сезімнің қатпары мен бұралаңы мол, жанды ауыртар дерті де бар таза, табиғи көрінісі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет