11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
2. Әңгімелерімен танысу, оқып мазмұнын айту.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
2. М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.
3. Шығармаларын оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Еңлік -Кебек» трагедиясы
6-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» эпопеясы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу. Ұлы суреткердің алғашқы шығармаларынан көрінетін азаматтық рух, еліне, халқына деген махаббатының мән- мағынасын ашу, эпопеяға барар жолдағы автор ізденісіне негіз болған қайнар бұлақтар;
Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..
Дамыту: өнерге айналған өмірді танып білу,өзіндік тұжырым-пікір жасау дағдыларына үйрету, жазушының суреткер ретіндегі ойшылдық шеберлігіне, тереңдігіне ену, ұғып, меңгеру;
Достарыңызбен бөлісу: |