Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет43/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   126
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Ғабит Мүсірепов «Қыран жыры»

Ғабит Мүсірепов 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, "Жаңажол" ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1958). Социалистік Еңбек Ері (1974). Қазақстанның Халық жазушысы (1984). Тоғыз жасқа дейін өз ауылында оқып, хат таныды. 1916 жылы екі кластық ауылдық орыс мектебінде бір жыл, одан кейін төрт жыл орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфакқа)түсіп, онда үш жыл оқыды. С.Сейфуллинмен танысты. 1926 жылы рабфакты бітірген соң, Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында бір жыл оқып, 1927- 1928 жж. Бурабай техникумында оқытушылық қызмет атқарды. Тұңғыш шығармасы - "Тулаған толқында" повесін осы тұста (1927) жазды. Он жыл бойы баспа орындарында, кеңес, партия мекемелерінде жауапты қызметтер (баспа директоры, "Қазақ әдебиеті", "Социалистік Қазақстан" газеттерінің бас редакторы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Өнер істері басқармасының бастығы қызметін) атқара жүріп, әдеби шығармашылығын үдете түсті. 1938-1955 жж. бірыңғай жазушылық жұмыспен шұғылданды. 1955-1966 жж. "Ара" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, 1958 жылдан бастап КСРО Жазушылар одағы басқармасы хатшыларының бірі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Бүкілодақтық комитеттің мүшесі болды.


Ұлы Отан соғысы жылдарының соңында "Қазақ батыры" (1945) повесін (кейін "Қазақ солдаты" романы) жазды. Бұдан кейін жарияланған (1953) "Оянған өлке" романы қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған шоқтығы биік туынды еді.
Атақты романдарымен қатар, Ғабит Махмұтұлы прозаның шағын жанрында да еңбек етті. Ондаған очерк, әңгіме, повестер жазып, жариялады. "Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін 1968 жыл Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. 1974 жылы "Ұлпан" повесін жариялады. Ал "Оянған өлкенің" заңды жалғасы - "Жат қолында" романы арада ширек ғасырдай уақыт өткен соң - 1984 жылы ұсынылды.
Отызыншы жылдарда драматург ретінде де бой көрсетті. Оның драматургиядағы тырнақалдысы - сахнада мың реттен аса қойылған "Қыз Жібек" операсының либреттосы (1935) еді. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" пьесасы да (1939) халық эпосының сарынында жазылған. Жазушының қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық еңбектері "Суреткер парызы" (1970), "Заман және әдебиет" (1982) атты кітаптарына енген.
Бесінші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 6, 7, 8, 9, 10, 11- сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
1974-1975 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Үш рет Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. 2002 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды.
1937-1938 жылдарда қара дауылдай соғып өткен сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы зиялыларын баудай түсірді; қазақ әдебиетінің негізін қалаған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров бастаған көптеген ақын, жазушылар нақақ жаланың, зорлықтың құрбаны болды. Жалған айып тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың қатары қырқылып кетуі қазақ мәдениетін орны толмас шығасыға душар етті. Дәл осы кезеңде өз басына қауіп-қатер төніп тұрғаныныа қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймағандардың бірі – Ғ.Мүсірепов еді. Ел басына түскен ауыр оқиғаларды барлық ақиқатымен айта алатыны оның «Бұл Шұғылада болған еді» деген әңгіме-очеркінен анық көрінеді.
Ғ.Мүсіреповтың шығармашылық жолын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезеңдегі (1928-1932) шығармалары – «Тулаған толқында», «Өмір ертегісі», «Көк үйдегі көршілер» т.б. суреткердің сенімді аяқ алысын байқатқан еді. Екінші кезеңде (1932-1938)өзіндік қалам қайратын, шеберлік келбетін көрсетіп, қазақ әдебиетін байытарлық туындылар жаратты. Олар: «Талпақ танау», «Шұғыла», «Ана туралы новеллалар», «Қыз Жібек» драмасы, Б.Майлинмен бірге жазған «Амангелді» пьесасы. 1939 жылы жарияланған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясыныан Ғ.Мүсіреповтың шығармашылығының үшінші кезеңі басталады. Осы кезеңде суреткердің дарыны кемеліне келді, өзіндік мәнері, стилін қалыптастырды, проза мен драматургияның татымды үлгілерін тудырды.
Жазушы, драмашы, публицист Ғабит Мүсіреповтың көп қырлы, сан сырлы шығармаларының бір саласы – новеллалар мен әңгімелер. Оның қазақ әдебиетіне әкелген идеялық-көркемдік жаңалықтары аз емес. Мұның бір қыры ана туралы новеллалар еді. Ана тақырыбына жазылған сегіз новелланың әрқайсысының мазмұндық, оқиғалық өзгелігіне қарамастан, солардың бәріне ортақ сарын да бар. Осы новеллалардағы ана тұлғалары - әдебиетімізге тұңғыш рет қосылған көркемдік жаңалықтар. Бұлардың ішінен үш әңгіме – «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ана кесімі айнымайды» - М.Горький шығармаларының ізімен жазылған.
«Адамның анасы» деген новеллада ертедегі жаугершілік заманда самсаған сары қолдан қаймықпай, туған қызын азат ету үшін қайрат көрсеткен ананың тұлғасы елестейді. Негізі аңыз әңгімеге құрылғанмен, шығарманың айтпақ идеясы анық. Ол – қарапайым ананың өз баласы үшін қаһармандық көрсетуі. «Ашынған ана» жасы жетпеген баласын майданның қара жұмысына еріксіз жіберген озбыр болыс, әкімге өштігі ішінде қатқан ана Қапия көрінеді. Ал «Ананың арашасында» жаралы қызыл әскерді құтқару үшін қауіпке басын тіккен, адамшылығы, аяушылығы мол ана тұлғасы бейнеленген.
Ғ.Мүсіреповтың проза жанрындағы алғашқы күрделі еңбегі – «Қазақ солдаты» романы. Шығарманың бастапқы нұсқасы «Қазақ батыры» деген атпен 1945 жылы жарияланды. Кейін 1950 жылы жазушы әдеби жұртшылықтың сын, тілек пікірлерін ескере отырып, романды толықтырып, «Қазақ солдаты» деген атпен бастырып шығарды. Романның оқиғалық мазмұны нақтылы адамның, Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұловтың өмір жолына негізделген. «Қазақ солдаты» - өзінің қамтыған өмір шындығымен де, көрсеткен адам характерлерімен де фашистік Германияға қарсы соғыс кезеңінің ақиқатын, әлемге үстемдік жүргізбекші боп адамзатты сансыз қасіретке душар еткен күштерді жоюға қазақ халқының қатысын, қосқан үлесін көркемдік шындық тілімен бере алған шығарма.
Ғ.Мүсірепов шығармаларынан ана тіліміздің мөлдір тұнығы табылады.Жазушының әдебиетімізге, мәдениетімізге қосқан ең үлкен олжасы – халық тілін еркін игеріп, сұрыптап, әдеби тілімізді дамытуы, көркейтуі. Ол тіл тазалығы мәселесіне арнап бірнеше мақала жариялады.
Қазақ әдебиетінің реалистік сипаттарын жетілдіруге Ғ.Мүсіреповтың қосқан үлесі мол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет