8.16 Фариза Оңғарсынова
1939 жылдың 5 желтоқсанында Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауыл...нда туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттiк педагогикалық институты... тiл-әдебиет факультетi... бiтiрiп, Балықшы ауданының Еркiнқала, Октябрьдiң 40 жылдығы аты...ғы қазақ мектептерiнде ұстаздық еткен.
1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетiнiң партия тұрмысы бөлiмi... әдеби қызметкер болып істеген. 1968-1970 жж. республикалық «Лениншiл жас» газетiнiң Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншiктi тiлшi қызмет...н атқарған. 1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионерi» журналының бас редакторы болып iстеген.
Алғашқы өлең...i баспасөз беттерiнде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары, очерктерi, таңдамалы шығармалары, «Бiздiң Камшат» повесi, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрдi.
Ленин комсомолы Орталық Комитетiнiң, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгici», «Парасат» ордендерi... марапатталған. Халық жазушысы.
Тапсырмалар
1. Тыңдалым. Есіңізде қандай сөздер мен сөз тіркестері қалғанын жазыңыз. Осы сөздердің негізінде мәтін құраңыздар.
2. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.
3. Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.
4. Мәтіндер бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
5. Сөйлемдегі етістіктердің түрлерін белгілеңіздер: негізгі- туынды, негізгі- көмекші, сабақты- салт, болымды -болымсыз, дара -күрделі.
6. Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіздер.
7. Мәтіннен зат есімдерді (қатысты сөздерімен) жазып алып, жалғауларының түрін анықтаңыздар.
8.17 Сәкен Сейфуллин (1894-1938 жж.)
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин – 1894 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыған.
«Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын 1914 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастары ұйымдастырған «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болған. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске тілектес өлеңдерін жазған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен дәріс берген. Ақмола қаласында «Жас қазақ» революциялық ұйымын құрған. «Тіршілік» газетін шығаруға ат салысқан. 3 айлық педкурста мұғалім болған. 1917 жылы қарашада «Кел, жігіттер» өлеңін жазып, Қазан төңкерісін қуана қарсы алады. 1918 жылы «Жас қазақ марсельезасын» жазды, «Бақыт жолында» атты пьесасының премьерасы көрсетілді.
1918 жылдың 4 маусымында ақтардың көтерілісі болып, Ақмола Совдепі тұтқындалған. Атаман Анненковтың азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып, Сәкен Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады. 1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, халық ағарту комиссарының орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақстан Мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметтерін атқарған.
Сәкен Сейфуллиннің шығармалары: «Кел, жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», «Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ «Көкшетау», «Альбатрос» поэмалары, «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» повестері, «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары.
С.Сейфуллиннің Қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша еңбегі сіңірген. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына айрықша еңбек сіңірді. Сәкен – халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый-құрметіне лайық біртуар тұлға.
Сөздік
өңір – окрестность
қыстау - зимовка
қайраткер – деятель
жинақ – сборник
бастырып шығару – издавать, выпускать
ұйымдастыру – организовать, объединить
қауым – общество
ұлт-азаттық – национально-освободительный
көтеріліс – восстание
тілектес – поддерживающий
дәріс беру – вести занятия
ат салысу – принял участие
төңкеріс – революция, переворот
қуана – восторженно, радостно
қарсы алу – встретить
мүшелік – членский, членство
сайлану – быть избранным, избираться
тұтқындалу – быть арестованным
ажал – смерть
арпалысу – бороться
түрме – тюрьма
қашу – бегство, бежать
атқару – исполнительный
төраға – председатель
ағарту – просвещение
орынбасар – заместитель
әкімшілік – административный
бөлім – отдел
меңгеруші – управляющий, заведующий
қалыптасу – формирование
қалтқысыз сүю – зд: сильно любить
айрықша – особенно
сый-құрметіне лайық біртуар тұлға – личность, достойная почета и уважения
Тапсырмалар
Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыздар (дұрыс сөйлем- бұрыс сөйлем).
-Сәкен Сейфуллин – 1894 жылы дүниеге келген.
-Павлодардадағы мұғалімдер семинариясында оқыған.
-Ақмола қаласында «Қазақтар» революциялық ұйымын құрған.
-Сәкен Сейфуллиннің шығармаларының ішінде поэмалар, драмалар, өлеңдер.
-«Жаңа әдебиет» журналының басшысы болған.
-1925 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен дәріс берген.
-Тұңғыш өлеңдер жинағы 1918 жылы Ақмола қаласында жарық көрген.
2. Мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
3. Мәтіннен анықтағышты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
4. Мәтінді қысқартыңыздар.
5. Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
6. Мәтіннен келесі сөз тудырушы жұрнақтармен сөздерді теріп жазыңыздар: -лық, -лік,-дық, -дік, -тық, -тік; -ғы, -гі, -қы, -кі; -шы, -ші; -ма, -ме.
7. Қарамен берілген сөздерді формалдық белгілері арқылы қай сөз табына жататынын анықтаңыздар.
8. Мәтіннен есімшелерді жазып алып, олардың жұрнақтарын белгілеңіздер.
9. Мәтіндер бойынша кез келген сөздерді (сөйлемдерді) қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау.
8.18 Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920 жж.)
1893 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған, ХХ-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ, ақын-жазушы. Кедей отбасында туған. Әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) жас кезінде жоқшылықты көп көріп, кісі есігінде жалшы болған. С.Торайғыров үш жасқа шыққанда шешесі Зұфұннан жетім қалды. Алғашқыда үйде жүріп, әкесінен оқып қара таныған С.Торайғыров ауыл молдасы Мұқан деген кісіден сабақ алды. Ол араб, парсы қисса-хикаяларын өзінше аударатын, әрі жанынан қиыстырып өлең шығара алатын кісі болған. Оған еліктеп Торайғыров өлең жазып, машықтана бастайды.
1902-1911 жыл аралығында түрлі мектеп, медреселерде оқыды. 1911 жылы Троицк қаласынан оқып келген Нұралы деген жаңашыл мұғалімнен дәріс тыңдады. Ол қазақ, татар тілінде шығатын газет, журналдарды, әдебиет, тарих т.б. пән кітаптарын жаздырып алдырып, оқып тұратын болған. Сол арқылы Торайғыров қолына түскенін құныға оқып, қазақ, татар әдебиетінің бірқатар нұсқаларымен танысты.
Өнер-білімге құлшына бас қойып, өлең, әңгіме жазуға қызу кірісті. Осы кезде ол «Дін», «Сарыбас», «Соқыр сопы», «Оқу», «Кезек қашан келеді» т.б. өлеңдерін және «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Бұл шығармаларында жас ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, оқудың, өнер-білімнің пайдасы, дін, байлық, кедейлік, еңбек т.б. туралы сөз етеді. 1912 жылы қараша айында Торайғыров оқу іздеп, Троицк қаласына барды. Онда оқуда жүріп, «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Қандай», «Зарлау» шығармаларын туындайды.
С.Торайғыров аз жасаған адам. Жазушылықпен небәрі 11 – 12 жыл ғана айналысты. С.Торайғыров әдебиеттің әр жанрында жазатын, қабілетті, талантты ақын-жазушы, ғажап ақыл-ойшы. Киыншылықпен өткен қысқа өмірі ішінде ол 110-дай өлең, 5-6 поэма, 2 роман және мақала, очерк, әңгіме жазды. Ақын «Қамар сұлу» және «Кім жазықты» деген романдар, «Адасқан өмір» деген поэманың авторы.
С.Торайғыров 1920 жылы 21 мамыр күні қайтыс болды. С.Торайғыров – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті аталатын тұтас дәуірдің айырықша ірі тұлғасы.
Сөздік
өкіл –представитель
кедей отбасы – семья бедняка
жоқшылық – бедность, нужда
кісі есігінде жалшы болған – работал батраком
жетім қалу – остаться сиротой
оқып қара тану – научиться грамоте
қисса – быль, легенда
хиқая – мифы
өзінше – по-своему
қиыстыру – совместить
еліктеу – подражать
машықтана бастау – прививать навык
жаңашыл – новатор
дәріс – лекция
тыңдау – слушать
сол арқылы – с помощью него
құнығу – пристраститься, привыкнуть
әдебиетінің нұсқалары – образцы литературы
өнер-білім – искусство и знания
құлшына бас қою – окунуться с головой
қызу кірісу – приступить с пристрастием
айырма – отличие
дін – религия
аз жасаған адам – человек, который мало прожил
небәрі – всего лишь
айналысу – заниматься
қабілетті – способный
ғажап – удивительный
ақыл-ойшы – мыслитель
киыншылық – трудности
қысқа өмірі ішінде – за свою короткую жизнь
мақала – статья
«Кім жазықты?» – «Кто виноват?»
аталу – называть(ся)
тұтас – целый
дәуір – эпоха
айырықша – исключительно
ірі тұлға – крупная личность
Тапсырмалар
1. Мәтін бойынша диаграмманы толықтырыңыздар.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Ол кім?
Оның сауатын кім ашты?
1902-1911 жылдары қайда оқыды?
Алғашқы шығармаларында жас ақын не туралы сөз етеді?
Жазушылықпен неше жыл айналысты?
Неше өлең, поэма, роман жазды?
Романдары қалай аталады?
С.Торайғыров қашан қайтыс болды?
2. Мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
3. Мәтіннен мекенжайды, бірлескен іс- әрекетті білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
4. Берілген cөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендіріңіздер.
кедей отбасында ---------------------------------- өзінше аударатын
қазақ әдебиетінің ___________________________ жазатын
тұтас дәуірдің_______________________________сөз етеді
қабілетті, талантты______________________дәріс тыңдады
өнер-білімнің пайдасы туралы__________ айырықша ірі тұлғасы
бірқатар нұсқаларымен _________________________жетім қалды
араб қисса-хикаяларын ___________________________туған
үш жасқа шыққанда_________________________танысты
жаңашыл мұғалімнен_______________________ақын-жазушы
әдебиеттің әр жанрында__________________аса көрнекті өкілі
5. Мәтіннен сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
6. «Сын есім + зат есім», «үстеу + етістік», «зат есім + зат есім» сөз тіркестерін құрыңыздар. Сөз тіркесінің 1- сөзі мәтіннен болуы тиіс.
7. Сөздерді оқып, олардың қай сөздерден жасалатынын көрсетіңіздер: өзінше, шығарма, қабілетті, қиыншылық, жаңашыл, шығатын,жаздырып, аталатын, кедейлік.
8. Мәтіннен сан есімдерді теріп алып, мағынасын анықтаңыздар.
8.19 Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов (02.07.1942 жылы туған, Шымкент облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосы) – қазақ ақыны. Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). «Оңтүстік Қазақстан» (1960-65), «Лениншіл жас» (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы.
Алғашқы өлеңі («Сырдария») 1959 жылы жарияланды. Тұнғыш өлеңдер жинағы («Бақыт») 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың «Балладалар» (1968), «Ай туып келеді» (1970), «Қырандар төбеге қонбайды» (1974), «Сенім патшалығы» (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. «Махаббат заңы» атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974).
М. Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. М.Шаханов – Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Халық депутаты. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған.
Қырғыз Республикасының халық ақыны (1994), Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996). Білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығы берілген.
Тапсырмалар
1. Берілген тірек сөздердің көмегімен мәтіннің қысқаша мазмұнын қалпына келтіріңіздер: қазақ ақыны,институтты бітірген, алғашқы өлеңі, жарық көрді, кітаптары шықты, философиялық ой басым, сахнасына қойылды, әндер мәтіні, тілдеріне аударылған, басқа тілдерге аударылған, ҚР-сының Халық жазушысы.
2. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
3. Мәтіннен бағытты және толықтауышты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыз.
4. Қарамен берілген сөздерді формалдық белгілері арқылы қай сөз табына жататынын анықтаңыздар.
5. Мәтін бойынша кез келген сөздерді (сөйлемдерді) қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау.
9 Өнер адамдары
9.1 Шәкен Айманов (1914-1970 жж.)
Шәкен (Шаһкерім) Айманов – актер, режиссер, КСРО-ның халық әртісі 15 ақпанда 1914 жылы, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүние... келген. Айманов мектеп бітірген... кейін 1928 ж. Семейдегі педтехникумға түсті. Театр өнер...мен әуестенушілік те осы кезден басталады.
Шәкен 1933 ж. М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының құрамы... алынды, Аймановтың актерлік творчествосы... жиырма жылы осы театрдың сахнасы... өтті. Ол Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Исатай (Жансүгіров, «Исатай — Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Тихон (Островский, «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов актер ретінде алдымен кейіпкер...нің жан дүниесін ашуға ерекшеленсе, режиссер ретінде шығарма... көркемдік идеялық мазмұны... дарытуға, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер.
1947-1951 жж. Ш. Айманов Қазақ драма театрының бас режиссері болды. 1949 жылы өз инсценировкасы... қойған «Абай» спектаклі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлық... марапатталды.
Шәкен кино саласында да осы ұстанымдары... шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз», «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар Көсе», «Туған жер», «Атаманның ақыры» фильм...і қазақ кино өнер...не көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар. Әртүрлі кинофестивальдерде, симпозиумдарда Жан Габен, Жан Марэ, Лоуренс Оливье, Софи Лорен, Радж Капур, Френк Копра сияқты әлемдік киножұлдыздар... кездесіп, соларға еліктей жүріп, өзі сахна..., кино... ойнаған рөлдері... әлемдік биікке көтере білді. Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақ... сахна өнері мен кино өнер...нің қалыптасып, шыңдалуы... айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.
Ұлы режиссер Шәкен Айманов Москвада 1970 ж. 23 желтоқсанда қайтыс болды. 1984 жылы Алматыда «Қазақфильм» студиясына Айманов... есімі берілді. Ол тұрған үй мен студия ғимараты... мемориалдық тақта орнатылған.
Сөздік
әуестенушілік – увлечение
сахна – сцена
өту – проходить
сомдау – зд: изобразить
кейіпкер – персонаж, герой, образ
ерекше – особо, особый
ретінде – в качестве, как
көркем – художественный
мазмұн – содержание
дарыту – развивать
ой талғам – размышление
айырықша – особое
мән беру – придавать значение
дарынды – талантливый
сыйлық – награда
марапаттау – награждать
саласында – в отрасли, области
ұстаным – позиция, принцип
шебер – мастер
пайдалана білу – уметь пользоваться
төлтумалық – исконный, коренной
дарытқан – внедривший
өміршең – жизнеспособный
туындылар – произведения
еліктей жүру – подражать
әлемдік биікке – на мировую высоту
ойшыл – мыслитель
қалыптасу – формировать
шыңдалуы – совершенствование
айрықша –особое, значительное
ықпал ету – влиять
өшпес із қалдыру – оставить незабываемый след
тұрған үй – дом, где жил
ғимарат – здание
мемориалдық тақта – мемориальная доска
орнатылу – устанавливать
Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыздар (дұрыс сөйлем- бұрыс сөйлем).
Шәкен Айманов 1924 жылы дүниеге келген.
Ш. Айманов 1933 ж. атындағы Қазақ драма театрының құрамына алынды.
Ол Отелло, Хлестаков бейнелерін сомдады.
1945-1947 жж. Ш. Айманов Қазақ драма театрының бас режиссері болды.
Айманов 1928 ж. Семейдегі педтехникумға түсті.
1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлықпен марапатталды.
Әртүрлі кинофестивальдерде әлемдік киножұлдыздармен кездесті.
Шәкен Айманов Алматыда 1970 ж. 23 желтоқсанда қайтыс болды.
1984 жылы «Қазақфильм» студиясына Аймановтың есімі берілді.
2. Мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
3. Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.
4. Мәтіннен мекенжайды, мезгілді, бағытты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
5. Әр абзацтың бірінші сөйлемдерін оқып, қандай мәселелер қаралатынын айтыңыздар.
6. Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: ұстаным, өміршең, марапаттау, әлемдік, қалыптасу, дарынды, пайдалана білу, ерекше, еліктей жүру.
7. Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.
8. Мәтіннен етістіктерді, етістік формаларын жазып алып, құрамын көрсетіп, түсіндіріңіздер.
9. Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.
10. Мәтіннен алынған келесі сөздердің синонимдерін келтіріңіздер: дүниеге келу, кез, дарынды, қайтыс болу, есім, туындылар, айырықша.
9.2 Асанәлі Әшімов
Асанәлі Әшімов (08.05.1937 жылы туған) – актер, Қазақстанның және КСРО халық артисі. 1961 жылы Алматы өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
Студент кезінде-ақ «Ботагөз» фильмінде Кенжетай ролін ойнады. 1961-1963 жж. «Қазақфильм» студиясында киноактер болып, Жанай («Асау Ертіс жағасында»), Бектасов («Бір ауданда»), Болат («Ұшы қиырсыз жол»), Мұрат («Менің ұлым»), Ескендір («Торапта») секілді әр алуан мінездегі кейіпкерлерді ойнады.
1964 ж. Қазақ академия драма театрының құрамына қабылданды. Театр сахнасында ойнаған алғашқы ролі – М. Әуезовтің «Абай» спектакліндегі Айдар. Сондай-ақ театрда Кебек, Шуақ (Әуезовтің «Еңлік-Кебек» және «Қара қыпшақ Қобыландысында»), Қозы, Қодар, Сырым Датов, (Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Болашаққа аманатында»), Дон Жуан (М. Фриштің «Дон Жуанның думанында»), Виктор (Л.Г. Зориннің «Варшава сазында»), Еламан (Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде») рольдерін ойнап, кейіпкерлерінің ішкі жан-дүниесін терең аша білді.
Әшімовтің актерлік өнер шығармалары жоғары сахналық мәдениетімен, психологиялық тұрғыда айқын кескіндеуімен, қызу қандылығымен әрі әсерлі пластикалық қимыл-әрекетімен ерекшеленеді. Кинода Бекежан («Қыз Жібек»), Шадияров («Атаманның ақыры»), Қасымханов («Транссібір экспресі»), Кемел («Нан дәмі») т.б. рольдерді ойнады.
Әшімов режиссер ретінде де кең танымал. Ол сахналаған Н.В. Гогольдің «Ревизор», Мүсіреповтің «Амангелді», И. Оразбаевтің «Мен ішпеген у бар ма?», спектакльдері мен ол түсірген «Жылан жылы», «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармалығының да кең ауқымын көрсетеді.
Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері (2000), «Парасат» орденімен марапатталған.
Сөздік
кезінде- ақ – во время
секілді – подобный
әр алуан мінездері – разного характера
кейіпкер – персонаж, герой
қабылдау –принимать
сахна – сцена
сондай-ақ – также
ішкі – внутренний
жан дүние – мир
терең – глубокий, содержательный
Достарыңызбен бөлісу: |