Қазақ тілі өзге тілді мектептің 5 – 7 сыныптарына арналған тапсырмалар жинағы Астана, 2012



бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі473,06 Kb.
#32664
  1   2   3
АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КАДРЛАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ



Қазақ тілі

өзге тілді мектептің 5 – 7 сыныптарына арналған тапсырмалар жинағы

Астана, 2012

Пікір жазғандар:

Б.Ғ. Ғалымжанов., Астана қаласы Білім беру жүйесіндегі кадрлар біліктілігін арттыру институты гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі.

М.Қ. Аманғазиева, ф.ғ.к., доцент С. Бәйікеев атындағы Ақтөбе университетінің аға оқытушысы.

Құрастырған: А.Қ. Нұрғалиева., Ж.Қ. Күленова Астана қаласы № 22 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдері.

Бұл – оқу өзге тілде жүргізілетін мектептердің 5-7 сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру дәрежесін, сөздік қорын ескере отырып, оқулықтағы материалдарды толықтыру мақсатында қолданылатын қосымша құрал.

Қосымша құралда жасақталған тапсырмалар Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі бекіткен оқулықтардағы грамматикалық тақырыптарға сәйкес етіп құрастырылған.

Астана қ. № 22 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінде қаралып мақұлданған № 5, 10.01.2012 ж.



Түсінік хат

Ұсынылып отырған өзге тілді мектептің 5 - 7сыныптарына арналған тапсырмалар жинағының негізгі мақсаты оқушылардың грамматикалық тақырыптар бойынша білімдерін одан әрі жетілдіре отырып, мемлекеттік тілде сөйлеу тілдерін дамыту болып табылады.

Бұл тапсырмалар жинағы Мемлекеттік білім стандарты «Қазақ тілі

(негізгі және орта деңгей) оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы» негізінде 5-7 сыныпқа арналған бағдарламамен оқулықтарды басшылыққа ала отырып құрастырылды.



Тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған біліктерін пысықтауға арналған. Берілген тапсырмалар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой еңбегімен айналысуына көмектеседі. Бұл тапсырмаларды тақырыпты пысықтау,қайталау негізінде пайдалануға болады. Тапсырмалар жинағы оқушылардың сөздік қорын байытуға,тілін дамытуға бағытталған.

5 – СЫНЫП

ФОНЕТИКА. ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ.

  1. Фонетикалық талдау жаса, үндестік заңын түсіндір:

Мұражайда, бұйымдар, теңіз.

  1. Фонетикалық талдау жаса, үндестік заңын түсіндір:

Құрмет, қонақ, көже, тату, қамқор, дәреже

3.Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалға:

Қыз, ұл, құс, қол, қонақ, ақын, қант, қазақ, ұшқыш, ұста, жұмыс, ғалым, жұмысшы, қала, әке, шеше, әже, ата, әнші, әзіл, есік, дәрігер, аға, іні, мұғалім, аң, аңшы, қасқыр, қоян, оқушы.

4. Сөздерді аударып, көптік жалғауын жалға:

Тетрадь, линейка, учебник, повар, учитель, зверь, птица, стул, класс, мел, одежда, шуба, сапоги, магазин, сахар, листья, овощь, фрукт,дерево,друг,часы, библиотека.

5. Жаңылтпаштарды 1-2 рет оқып, жатта.

- Шын еңбекшіл өрмекші,

Өрмекші шын өрнекші.

  • Күн ыстық, күнге қыздық.

Суға түстік үздіксіз жүздік.

6. Мына мақалдарды қалай түсінесін өз сөзіңмен айт, 1-2 рет оқып жатта.

1.Жері байдың – елі бай.

2.«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

7. Абайдың нақыл сөзіне эссе жаз.

«Еңбексіз тапқан мал дәулет болмас, қырдың суы секілді тез суалар...»

Абай

АНТОНИМ. СИНОНИМ. ОМОНИМ.

1.Антонимдерді тап:

Ащы- ... Кел- ...

Жақсы- ... Қымбат- ...

Аз- ... Өмір- ...

Алыс- ... Ақыл- ...

Биік- ... Еңкеу- ...

2.Синоним сөздердің сыңарын жаз :

Қиын,әдемі, жақсы, шал, мағына.

3.Антоним сөздердің сыңарын жаз:

Қалың, қымбат, үлкен, бар, жуан.

4. Төмендегі сөздердің сыңарын тап:

ә) синоним

Оқушы,сұлу, биік, зат, дос.

5. Төмендегі сөздердің сыңарын тап :

а) антоним

Жақсы, көп, жылау, аз, қиын

6. Берілген сөздерге қарама-қарсы сөздерді тауып бер.

Оңтүстік ,шығыс, терең, тәтті, жуан, биік

7. Омоним сөздердің сыңарын жаз:

Би, жаз, ара, бағана, қара

8. Төмендегі сөйлемдердің асты сызылған сөздердің мағынасын дұрыс түсіндіріп бер.

Атасы немересінің отауына кірді. Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау (жұмбақ). Жазда арамшөпті отау керек. Біздің жағымызда мықты спортшылар болды. Баланың тісі ауырып, жағы ісіп кетті. Сен ана жақта бол, мен мына жақта боламын. Бір құмалақ бір қарын майды шіртеді (мақал). Құмалақшы кісі құмалақ салды. «Тоғызқұмалақ» - есеп ойыны.

СӨЗ ҚҰРАМЫ.

1. Сөз құрамына талдау жаса.

Орыспыз, ұшқышсыздар, досымның, мұғалімдерден

2. Берілген сөздерді сөз құрамына талда:

кезекші, күздік,

жидектер, кемелер, жапырақтар,

жазғы, бақша, астық, жаңбырлы

егістік, ауамен, пайдалы,бұлтты

жұмысшы, дүкенші, кезекшілер, білім

далалар, суретші,ақылшы,оқушылар, хаттар

үлкендер, балықшы, жастық, балалық, бестік

өтірікші,тәрбиеші, әнші, бірлік, байлық

3. Мына сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің түбірін, қасымшаларын ата.

  1. Менің жолдасым тәртіпті. 2. Сенің қарындасың әдепті. 3. Ағаштың көркі жапырағы.

4.Келесі сөздерге морфологиялық талдау жаса.

Оқушыларымыздың, аспаздың, кезекшілері, дәптерге, дүкендерімізден.

5.Төменде берілген сөздердің қосымшаларын анықтап бер.

Бақша, кітаптар, жұмысшылар, кітапханашы, ғарышкер.

6.Сөздерді көшір. Түбір сөздің астын бір, қосымшаларының астын екі сыз.

Оқушы, жылқышы, суретші. Егінші, келіншек, қапшық, ботақан, құлыншақ, сусын, көрпеше, аспаз , астық, асхана.

Бұлар қандай сөздерден жасаланған?
ЗАТ ЕСІМ.

1. Асты сызылған сөзге сұрақ қойып, жалғауын анықта:

a) Сережа велосипедпен келді

б)Маша Витямен киноға барды

2. Асты сызылған сөзге сұрақ қойып, жалғауын анықта:

a) президент жұмысшылармен сөйлесті

б)Катя салатты ыдысқа салды

3. Мына сөздерді салыстыр :

Орын –орындық сұрағы- не?

Жол- жолаушы сұрақтары- не? кім?

Көз -көзілдір сұрағы- не?

Өрмек- өрмекші сұрағы- не?

Ән- әнші сұрақтары- не? кім?

- Салыстырылған сөздердің құрамында, мағыналарында қандай айырмашылықтар бар екенің айтыңдар.

4. Қандай сөздердің бас әріптен басталып жазылғанын түсіндір.

Жанат пен Қанат



Жанат үшінші сыныпқа көшті. Ал Қанат бірінші сыныпты бітірді. Олар ауылдағы атасының үйіне қыдырып барды. Атасы Қанат пен Жанатты қуана қарсы алды.

(М. Балақаев)

5.Мәтінді оқып, жалқы есім мен жалпы есімді тап:

Сарыарқа

Орталық Қазақстанда ағаштың бірнеше түрі бар. Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Ереймен тауларында әдемі ақ қайыңдар, боз талдар өседі.

Орталық Қазақстан түсті маталдарға өте бай. Республикамызда көмір, мұнай, мыс, темір шығатын жерлер – Қарағанды, Екібастұз, Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл, Қарқаралыдағы Кентоғай,, Қостанайдағы Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен орындары. Орталық Қазақстанда тұзды көлдер бар.

Сарыарқа – Шоқанның туып-өскен алтын бесігі. Ыбырай Алтынсариннің қазақ жастарына арнап мектеп ашып, білімге жетелеген өлкесі. Бұл - Ақан серінің, Біржанның, жаяу Мұсаның, Майраның алуан түрлі әндері тараған өлке.

(Н. Баяндин)

6.Мына сұрақтарға толық жауап бер:

Ағаштан не жасалады?

Матадан не тігіледі?

Темірден не жасалады?

Жауаптар:



Ағаштан орындық,шкаф , ... жасалады.

Матадан көйлек, ... тігіледі.

Темірден пеш, күрек,...жасалады.

Осындағы зат есімдерді ата. Көп нүктенің орнына тағы қандай зат есім қоюға болады?

8.Көп нүктенің орнына керекті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз.

...сиыр сауады. ...темір соғады. ...бала оқытады. ... көмір қазады. ...ауруларды емдейді. ...сурет салады. ...зауытта, фабрикада істейді.

9. Сөздерді оқы.Бұлар қайсысы қыста, қайсысы жазда болатынын айт.

Қар, жаңбыр, боран, аяз, мұз, құйын,шық, қырау, сең, ыстық, суық.

10. Фонетикалық жаттығу

Жері байдың- елі бай . Табиғатты сүю- Отанды сүю. Туған жердей жер болмас, туған еелдей ел болмас.

Табиғат туралы берілген мақалдардың мағынасын түсіндір. Өзің тағы 2 мақал тауып жаз.

11. Қазақшаға аударып, 7 сөйлем құрастыр.

Зовут Марата, книга Марата,позвонить Марату, увидеть Марата, гостил у Марата, взял у Марата, ходил с Маратом.

В школе, за школой, перед школой, в школу, из школы, со школой, от школы, школу, к школе, над школой. Родной язык, с родным языком, с родного языка,родному языку , родным языком, к родному языку, в родном языке.

12. Қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын анықта:

Жаңа жыл қарсаныңда.



Бұл күндері орталық телеграф үйіне келушілер көп. Қала тұрғындары өздерінің достарын, туысқандарын Жаңа жылмен құттықтап, жеделхат жіберіп жатыр. Олар жақындарына Жаңа жылда жаңа табыстарға жете беруге тілектестік білдірді.

Жаңа жыл жақындаған сайын, жас жеткіншектер мен балдырғандар қуанышқа бөленуде. Олар жаңа жылдық мерекеге әзірленуде. Біреулері билейтін биін, айтатын өлеңі мен тақпағын үйреніп жатыр.

«Балалар әлемі» дүкенінде бұл күндері қызу сауда жүріп жатыр. Мұнда жаңа жылдық шыршаға керекті ойыншықтар өте көп. Кейбіреулер өздерінің балаларына сыйлықтар сатып алуда.

«Балдырған» журналынан

Тағы қандай септік жалғаулар кездесуде?

13. Түбір сөздерді тәуелдеулі сөздермен салыстыр. Түбір сөздер

тәуелденгенде қандай өзгерістерге ұшырағанын айт.

Бөрік – бөркім

Әріп – әрпі

Халық-халқым

Ауыл – аулым

14.Сөйлемдерді оқы.

Қазақ халқы соғысты қаламайды, бізге керегі бейбітшілік. Сәуле орнынан тұрды да, бірдеңе айтқысы келіп ернін жыбырлатты. Балқаш көлінің балығы мол. Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар.

  1. Қарамен жазылған сөздерде қандай дыбыс өзгерістері бар?

  2. Ол сөздерді түбірлерімен салыстыр. Дыбыс өзгерістері қай буында екенін айт.

15.Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауын жалғап жаз.

  1. Сенің ..(дауыс) естілмейді. 2. Менің ...(уақыт) болмады. 3.Мемелекеттің...(мүлік) шашпа. 4. Дәмеш...(ерін)жыбырлатты. 5. Нәрестенің...(қарын) ашпасын. 6. Біздің...(халық) бақытты.

  2. Түбір сөздердің дыбыс кұрамы түгел сақталды ма?

  3. Ол создердің қай жақта екенін айтыңдар.

16.Мәтінді оқы.

Екі дос.

Серік пен Берік тату дос. Олар үйлеріне келсе, Беріктің әкесі баласын тосып отыр екен.

  • Кел, балам, - деді, жұмысқа амданып.

  • Күннің ашық кезінде бітіріп тастайық. Шешең дәрігерге кетіп еді. Қап, кірпіш әперіп тұратын бір адамның жоғын қарашы! ...Әзірше өзіміз амалдай тұрайық.

  • Кірпіш әперетін кісі бар, әне, - деді, Берік қасындағы даланы нұсқап, - мына Серік көмектеседі.

Абдолла ағай Серікке қарады.

  • Мен көмектесейін, - деді, Серік өз ниетін білдіріп.

  • О, міне азамат! – деп қуанды Абдолла ағай, - достар осындай болады! Рақмет!

Ж. Мұсаев

Сұрақтар:

1.Екі дос кімге көмектеседі? Не істеді?

2.Мәтіндегі тәуелдік жалғыулы сөздерді көшір. Олар қай жақта қолданылғанын айт.

17.Зат есімдердің жекеше, көпше түрлерін салыстыр:

Жекеше:



Шана, арба

Құс, үйрек

Торғай, балапан

Түйе, бұзау

Көпше:


Шаналар, арбалар

Кұстар, үйректер

Торғайлар, балапандар

Түйелер, бұзаулар

18.Төмендегі сөздерге көптік жалғыуын жалғап, көшіріп жаз.

Арба, терезе, шана, машина, қала, кілем, мал, тас, қап, қауын, өрік, жұмысшы, колхозшы.

19.Мәтінді оқы.

Балық аулаға барған балалар.

Күн жылы еді. Балалар өзенге келе жатты. Біраз жүрген соң қатты жел тұрды. Аспанды бұлт қаптады. Сіркіреп жауын жауды. Сәлден соң жауын кұйып кетті. Балалардың үсті-басы су болды. Олар ағаштардың арасына тығылды.

Жауын басылды. Бұлт арасында жарқырап күн щықты. Балалар өзенге келді, қармақ салды. Олар балық ұстады. Кешке үйге қайтты.

М. Балақаев.

1.Зат есімдердің астын сыз.

2.Әр зат есімге қандай сұрақ қоюға болатынын айт.

3.Өзен, бұлт, жауын, ағаш,қармақ, балық сөздеріне жалғауын жалғап, көшіріп жаз.

20.Өлеңді көшіріп жаз

Ұшқыш ағалар.

Москваға да ұшамыз,

Тәшкенге де ұшамыз.

Туваға да ұшамыз,

Кубаға да ұшамыз.

Ұшақпен балалар

Жердің жүзін аралар

Құтты болсын мереке, батыр ұшқыш ағалар

Ұ. Есдәулетов

Жалқы есімдер нені білдіретінін аңғар. Олардың жазылуында жалпы есімнен қандай өзгешелігі бар екенін айт.
21.Көмекші есімдер. (служебные слова)

Комекші есімдер: іші (внутри), сырты (снаружи, вне), үсті ( верх), асты ( под), алды (спереди), арты (сзади), жаңы, қасы ( около, возле).

Көмекші есімдер в падежных окончаниях соответствуют родительному, творительному и предложному падежам русского языка: Асан үйдің жанында тұр. – Асан стоит около дома (родительный падеж). Доп үстелдің астында жатыр. – Мяч лежит под столом (творительный падеж). Кітап үстел үстінде жатыр. – Книга лежит на столе (предложный падеж).

22.Оң жақта тұрған сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер.

Оқушы ненің алдында тұр? Айманның

Сен кімнің жанында отырсың? Тақтаның

Цирк ненің қасында? Стадионның

Ненің іші халыққа толы? Үстелдің

Сен кітапты ненің үстінен алдың? Клубтың

23.Сөйлемдерді көшіріп, керекті сөздерді орындарына жаз.

Мектептің...стадион салынды. Балалар стадионның ... ойнап жүр. Үйдің ... жап-жарық, тап-таза. Інім әжемнің ... отыр. Дүкеннің ... бір машина тоқтады.

Комекші есімдер: қасында, жанында, іші,алдында, алдына.



24.Қазақ тіліне аудар:

Женя положила ключ на край стола. Книги лежат на столе. Кто стоит у доски? Наша школа находится за стадионом. Ручка упала под парту.

25. Сөйлем құрап, жаз:

К...тап



Света ти...н алды

Ыд..с

26.Дұрыс сөйлем құра

Әңгімеледі, туралы, Сәния, сынып.

Борщті, ұнатамын, мен.

Шығады, кітап, болып, басылып, баспаханадан

Үшін, кеседі, жасау, кітап, адам, орманнан, ағаш

Болуды, келешекте, азамат, армандады, жақсы.

Қалдырды, ұрпақтан, ұрпаққа, еті, мені, мирас.

27. Өзің туралы әңгімеле:

Менің жасым ... . Мен ... сыныпта оқимын. ... ауылында тұрамын. Біздің отбасымыз .... Әкем ... жұмыс істейді. Шешем ... жұмыс істемейді.

СЫН ЕСІМ

1. Жұмбақтардың шешуін тап:

  1. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

(күн)

  1. Ортасында шегесі,

Жіп­­-жіңішке денесі.

(қарындаш)

  1. Түсі аппақ қардан да,

Жесең тәтті балдан да.

(қант)

Жұмбақтардағы сөздер: ақ, жіп-жіңішке, аппақ, тәтті қай сөздерге қатысты?

Оларға сұрақ қой. Нені білдіретінін айт.

2. Өлеңді оқы.

Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Тұра берші ырғалып,

Тұра берші нұрланып.

Гүлдер­­-қызыл гүлдер,гүлдер-көк гүлдер деген сөздерді

салыстыр.

Қызыл,көк сөздері гүлдердің қандай сынын білдіреді?

3. Көп нүктенің орнына қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз қойып көшір.

... мақта, ... шөп,... сиыр,... балапан,... қауын,... алма,... айран,...өрік.

Керекті сөздер: көк, ақ, тарғыл, сары, тәтті, ашы, тұщы, қышқылтым.

4.Мәтінді оқы.

Алматы

Алматы – Қазақстанның ірі қалалардың бірі. Алматы қаласының тұрған жері – Алатаудың етегі, айналасы – асқар тау, жасыл шөп, бәйшешек, бау-бақша.

Алматының маңын аралап, табиғатын тамашалаймын деген адам оның жанындағы тауларға шықсын. Алдымен Кіші Алматы тауындағы қорықты көруге болады. Одан да жоғары көтерілген адам Тұйық су құзына кездеседі.

(Б. Құлмағамбетова)

Қандай? деген сұрак қоюға болатын сөздерді тап.

5.Сын есімнің шырайлары

Жай шырай

Салыстырмалы шырай

Күшейтпелі шырай

Ақ

Қызыл


Дәмді

Үлкен



-рақ, -рек жақсырақ, әдемірек

-ырақ, -ірек үлкенірек,қызылырақ

-лау, -леу дәмділеу, ашылау

-дау, -деу үлкендеу, қалындау

-тау, -теу алыстау, биіктеу

Күшейткіш буын: жап-жасыл, әп-әдемі, үп-үлкен

Күшейткіш үстеу (тым, өте, аса, тіпті): өте жақсы, тым үлкен, аса көрнекті

Мәтінді оқып, ондағы шырай формаларын тап, кестеге сүйеніп, олар қай шырай екенін айт.

Біз қысқа жақсырақ дайындалып жатырмыз. Менің ағам сізден биіктеу. Менің апам жап-жақсы адам. Ол өте жақсы білім алған. Тап-таза асхананың аса дәмді тамағы бізге өте ұнады. Шайхананың бауырсағы тым дәмді. Ағам – жап-жасам жігіт. Апам алыста тұрады. Бұл – өте биік үй.

6.Берілген сың есімдерді салыстармалы және күшейтпелі шырайға айналдыр.

Жақын, биік, жүйрік, ащы, таза, әдемі, жылы, суық.

7.Мәтінді аударып, сын есімдерін тап. Қай шырайда тұрғанын анықтап, тіркесін сөзбен көшіріп жаз.

Сен білесің бе?

Әлемдегі ең ұзын темір жол – Мәскеу – Владивосток темір жолы. Оның ұзындығы 9216 шақырым. Жануарлардың ең үлкені – кит. Оның салмағы 35-40 пілден салмағындай болады. Байқал – дүние жүзіндегі ең терең қөл. Оған бес жүз қырық төрт өзен құяды.

(Б. Құлмағамбетова)

8.Қазақ тіліне аудар.

Город Алматы больше, чем город Шымкент. Сегодня день теплее, чем был вчера. На самолете прибудешь быстрее, чем на поезде.

9.Мәтінді оқы. Жақшадағы сөздердің қайсысын көп нүктенің орнына қойып айтуға болады?

Медеу шақталы.



Алматы ... (қаласынаң, өлкесінің) оңтүстік жағасында Алатау бар.

Алатаудың ... (қаласында, бауырында) Медеу шақталы бар.

Медеу шақталына мұз ... (айдыны, алаңы) салынған. Онда дүние жүзі

конькишілерінің ... (айтысы, жарысы) өтіп тұрады. Медеу мұз айдыны әлемге әйгілі.

Әр сөйлемнің соңыда каңдай белгі койылған?

СӨЙЛЕМ. СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ ОРЫН ТӘРТІБІ.

1.Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Жаз, күз, егің, малға, менің, трактормен.

2.Мәтінді көшіріп жаз. Әр сойлемнен кейін нүкте қой. Нүктеден кейінгі жаңа сойлемнің бірінші созін бас әріптен бастап жаз:

Бал арасы

Еңбек етуді арадан үйрену керек олар күні бойы тыным таппайды гулден гулге ұшып-қонып,шырын жинайды бір килограмм бал жинау үшін қаншама гулге қонып,үш жүз мың километр жерді шырлайды бал арасы,міне,осындай еңбекқор келеді.

(М. Балақаев)

3.Оқып шығып,жаттап ал. 1. Еңбек етсен ерінбей, 2. Тамағы тоқтық, Тояды қарның тіленбей. Жұмысы жоқтық мақал-мәтел Аздырар адам баласын.

Абай

4.Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.

Менің кішкентай мысығым болды. Аулада ақ күшігім жататын. Ешкіміздің үш лағы болды. Жеңімпаз бала үшінші лақты алатын. Жарыста мен озып шықтым. Мысық пен күшік ақ лақпен жақсы дос болды.



5. Көп нүктенің орнына баяндауышты қойып көшір.

Керекті сөздер: тұрады, қалдыр, жаттым, қатысады, тұрдым, келдім, алды.



Біздің сыныптың оқушылары спорт жарыстарына ... . Жеңімпаз спортшы жүлде ... . Жүйрік бала жарысқа ... . Бұл кітапты сен өзіңе ... . Демалыс үйінде мен үш досыммен бірге ... , бірге ... . Достар бір-бірімен тату ... .

6. Төмендегі етістіктерді баяндауыш етіп, сөйлем құра.

Демаламын, жарысамыз, береді, алады, әкелдің, шықтым, болды.

7. Төмендегі сөздерді бастауыш және баяндауыш етіп, сөйлем құра.

Бастауыш: Әкем, әжесі, балалар,қойшы,інісі,қарындасың,анаңыз.

Баяндауыш: Демалады, оқиды, жұмыс істейді, ойнайды, кесте тігеді,

қой бағады, сурет салады, көмектеседі.

8. Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.

Балапандарымен, келді, алаңға, тауық. Ойнап, балапандар, кішкентай, кетті. Ақыл, айтып, тауық, отыр, балапандарға. Анасы, көрсетеді, балапандарына, әрқашан, үлгі, осылай. Балапандар, ойнап, жүр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет