Сабақтың басы
5 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Зейінін шоғырландыру»
Қайырлы күн тілеу.
Рапорт тапсыру.
Оқушыларды мадақтау арқылы өз- өздеріне деген сенімділігін арттыру.
Үй тапсырмасын сұрау. «Сен маған, мен саған» әдісі.
Сұрақ- жауап.
Етістік дегеніміз не
.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
Етістіктің қандай түрлері бар?
ҚБ: Түрлі түсті қарындаш
Етістіктің үш шағына байланысты суреттер көрсету
Әр суретке сөйлем құрап, іс - әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтау.
1 - суретте іс - әрекеттің нақты қазір болып жатқанын көрсетеді (осы шақ).
2 - суретте іс - әрекеттің болып кеткендігі көрсетіледі (өткен шақ)
3 - суретте іс - әрекет әлі жүзеге асқан жоқ, болашақта болатыны айтылады(келер шақ).
(Етістіктің үш шағына байланысты суреттер көрсету)
Етістік іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Осыған байланысты бүгінгі біздің жаңа сабағымыз: Етістіктің шақтары деп аталады.
- Алдымен, балалар шақ деген сөзді қалай түсінеміз?
Шақ дегеніміз – мезгіл, кезең,
Мақсатты қою
– Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?
– – етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану – дереккөздерден (мəтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мəнмəтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалаймыз
|
Ширату жаттығуын орындайды.
Мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарады. Сұрақтарға жауап береді.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі
|
|