Сабақтың басы
5 мин
|
«Зейінін шоғырландыру» Қайырлы күн тілеу.
Күн шуағы
Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
– Балалар, көңіл күйлерің қалай? – Керемет! (бас бармақпен көрсету)
– Сабаққа дайындықтарың қалай? –Тамаша! (алақан шапалақтау)
– Ынталарың қалай? – Ғажап! (қол көтеру)
Үй тапсырмасын сұрау. 31- жаттығу89 бет
Сын есім дегеніміз не?
- Қандай сұрақтар қойылады?
Оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстыру.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау
|
Ширату жаттығуын орындайды.
Мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарады. Сұрақтарға жауап береді.
|
Ауызша мадақтау
|
|
Сабақтың ортасы
30 мин
|
33-жаттығу. (Ө) Мəтінді тыңдау.
Байқоңыр – Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш зымыраны сəтті ұшырылды. Ол – дүниежүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды.
Байқоңыр əлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты жəне көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым. «Уикипедия».
34-жаттығу. (Ұ) Мəтінді түсініп оқу.
Мəтінді бірінші толық оқып, содан кейін сын есімдерсіз оқиды. Оқушылар сонда мəтін мазмұнында болған өзгешеліктерді анықтайды.
Мəтінді көшіріп жазу.
35-жаттығу. (ауызша) Сын есімге сай келетін затты табу. Берілген сын есімдерге сай келетін затты табу. Өз жауабының дұрыстығын дəлелдеу.
ҚБ. Бармақ арқылы
|
«Автор орындығы» стратегиясы бойынша тірек сөздерді пайдаланып, мəтіннің мазмұнын айтады.
Дескриптор:
Мəтінді көшіріп жазып, каллиграфиялық нормаларды сақтайды, жазу техникасын жетілдіреді.
Сын есімдердің астын сызып, қайсысы негізгі, қайсысы туынды екендігі анықтайды
.
|
|