Ассоциация құру.
«Отан» сөзіне ассоциация құру.
22-жаттығу. (Ұ) Өлеңді мəнерлеп оқу. Н. Ғалымбекұлының «Отан» өлеңін мəнерлеп оқу.
Өлеңнен етістікті тауып, олар қашан болған істі білдіріп тұрғанын талқылау.
23-жаттығу. (Өздік жұмыс) Берілген сөздермен сөйлем құрастыру.
Берілген сөздерді пайдаланып, бірнеше сөйлем құрастырып, дəптерге көркем жазу.
Саралау «Қарқын» тәсілі арқылы жүргізіледі.
Қарқынды оқушыға:
- Берілген сөздерді пайдаланып, бірнеше сөйлем құрастырады
Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсету, үйрету.
Жаңа ақпарат.
Келер шақ етістіктер іс-əрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді.
Келер шақ етістіктер Не істеймін? Не істейсің? Не істейді? деген сұрақтарға жауап береді.
24-жаттығу. (ЖЖ) Өлеңді тиісті етістіктерді қойып жазу.
Өлеңді тиісті етістіктерді қойып, қатесіз көшіріп жазу. Каллиграфиялық нормаларды сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |