Бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 6-сабақ. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері
Қосымша №1
Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой. Бұл сөздер қимыл иесі болып тұрғанын байқа.
Мұғалім түсіндірді. Мұз қатты. Күн шықты. Кино көрді.
Қосымша №2
Әр сурет бойынша сөйлемдер құрастырады. Жазған сөйлемдеріңнен бастауыш пен баяндауышты табу.
Тірек сөздер: күз, алма ағашы, жаңбырлы күн.
Сөйлем құрастырудың критерилері:
- тірек сөздер қолданылған;
- сөйлемдер суреттерге сай;
- сөйлемдерден бастауыш пен баяндауышты атайды.
Талқылау сұрақтары:
- Бастауыш дегеніміз не?
- Сөйлемде бастауышты қалай табуға болады?
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Сөйлемде баяндауышты қалай анықтауға болады?
- Егер біз сөйлесу барысында бастауыш пен баяндауышты қолданбасақ не болар еді?
Қосымша №3
Төмендегі сөздерді қолдана отырып өз жұбымен, «Телефонмен сөйлесу» тақырыбына бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
Сәлеметсіз бе, өтінемін, мазалағаным үшін кешірім өтінемін, белгіленген уақыт, сау болыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |