«Қай буынды жоғалттым?»
Мақсаты: буын туралы түсінік беру, сөздерді буынға бөлуге үйрету, ойын дамыту. Көрнекіліктер: ойыншықтар, суреттер.
Ойынның барысы: Тақтаға ойыншықтардың суреттері ілінеді. Мұғалім бір ойыншықтың бастапқы буынын айтады, оқушылар қай ойыншық екенін айтады.
«Сөз ойла, тез ойла»
Мақсаты: өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту, ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
Көрнекіліктер:суреттер, ойыншықтар.
Ойынның барысы: Мұғалім өтілген дыбыстардың біреуін атайды, балалар сол дыбысқа сөз ойлайды. Сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірлеп беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Балалар осы сөздерге сөйлем құрап, әңгімелейді.
«Балықшы»
Мақсаты: алған білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: аквариумнің суреті, балықтар.
Ойынның барысы: Балалар суреттегі аквариумнан балықтарды аулап алады да, балықтың артындағы қандай әріп екенін тауып, сол әріпке сөз құрау қажет.
«Жоғалған әріптер» ойыны
Ойынның мақсаты: оқушыларды сауатты жазуғадағдыландыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу. Мысалы: к…гершін, балдыр…ан, ән…ран, к…тап, к…ктем, …же, …ңгіме, о…ушы, айда…ар, а…
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады
«Заттың атын ата»
Мақсаты: заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту. Заттарды сипаттау барысында сөздерді орынды қолданып, дыбыстарды дұрыс айту арқылы баланың тілін жетілдіру.
Көрнекілік: ыдыс, суреттер (көкөністер, жемістер) мульяж, қоржын.
Ойын шарты: Әр түрлі жемістер, немесе көкөністер суреттері, мульяждары салынған ыдыстан бала бір затты алады. Сонан соң сол затты жан-жақты сипаттайды және заттың атын атап, түр-түсін ажыратады. Мысалы, бала ыдыстан немесе қоржыннан алманы алып, пішінін, түсін, дәмін және қасиеттерін айтады. Немесе баланың көзін байлап қойып, қоржыннан бір затты алғызады. Ол оны сипалап, не екенін ажыратады да, сипаттайды, атын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |