Қазақ тілі пәнінен 2 тоқсандық бақылау жұмысы. 11 сынып Тыңдалым мәтіні : Жер жаннаты — Жетісу



бет5/19
Дата07.02.2022
өлшемі84,41 Kb.
#94355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Жетісу туралы

3) ОҚЫЛЫМ. МӘТІН. І НҰСҚА
Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-әжесін өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы.
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған.
1. Қазақ отбасының әулет басшысы?
А) Бала В) Қыз бала С) Ұл бала D) Әке Е) Ана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет