9.Бұрынғы өткен шақтағы етістікті табыңыз.
А) Бастамақ В)Оқыған С)Жүреді Д)Аяқтар Е) Бөлді
10.Сөздің тура мағынасын анықтаңыз.
А) Ащы тіл В) Мінезі ауыр С)Қалың ой Д) Қисық мінез Е) Қисық ағаш
11.Дара сөзді табыңыз.
А) Ауарайы В) Бидай өңді С) Тон пішу Д) Ата баба Е) Мемлекеттік
12. Сөйлемді толықтыратын талғаулықты жалғаулық шылауды анықтаңыз.
Тұсаукесер тойында баланың тұсауын....ауылдың құрметті әйелі,... көпті көрген әже кеседі. А)егер, егер де В) мен, менен С) себебі,өйткені Д) бірақ, алайда Е) не, не
13.Қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталған ұлы тұлға есімін көрсетіңіз.
А)М.И.Әлімбаев. В)Ыбырай Алтынсарин. С) Дулат Бабатайұлы. Д) А.В.Толстых.
Е)Бауыржан Момышұлы.
14.Қандай? қай? –қай сөйлем мүшесінің сұрақтары екенін анықтаңыз.
А) Толықтауыш. В)Пысықтауыш. С) Бастауыш. Д) Баяндауыш. Е) Анықтауыш.
15.Құрмалас сөйлемді анықтаңыз.
А) Қазақстанның негізгі халқы- қазақ халқы. В) Бүгінгі Қазақстан – білімді, дербес, жоғары мәдениетті, дамыған ел. С) Қазақ жері- пайдалы кендерге өте бай.
Д) Қазақстан табиғаты өте әдемі,біз өз Отанымыздың табиғатын сүйеміз!
Е) Біздің жерімізде көптеген өзен, көл мен су қоймалары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |