Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз. Шамамен 200-250 сөз болуы тиіс.
Қолындағы телефонға шүйлігіп, балабақшадан ертіп келе жатқан қызына көңіл бөлмеген әкесіне сөзін жеткізе алмаған бала: «Құдай мені телефон қылып жаратқаныңда ғой. Әкем маған ғана қараушы еді» - деп іштей жалбарыныпты.
«Әлеуметтік желінің әлегі» - деген пікірді жоққа шығарып немесе жақтап, сюжетті әңгіме жазыңыз. Әлеуметтік желінің пайдасы немесе зияны туралы дәлел келтіруге тырысыңыз. Өз көзқарасыңызды бір жақты ұстаныңыз.
Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды тұтынушылар – өзіміз, біздің жақындарымыз.
Сіз күнделікті өмірде осы жайтқа куә болып жүрсіз. Айналаңыздағылар да бұған мән бермейтінін байқайсыз. Олардың санасына ұлттық табиғи өнімдердің пайдалы екенін ескертіп, өз пікіріңізде нақты дәлелдерді пайдалана отырып, өз сыныптастарыңызға арнап мақала жазыңыз.
№
|
Балл
|
Грамматика мен лексиканы
дұрыс қолдануы
|
Сұрақты түсіну мен толық жауап
беру қабілеті
|
1
|
9-10
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.
|
Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.
Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
|
2
|
7-8
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.
|
Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
|
5-6
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.
|
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
|
3-4
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.
|
Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
|
Тыңдалым және айтылым
|
1-2
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді.
Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.
|
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.
Талқылауға өте аз қатысады.
|
№
|
Жауап
|
Балл
|
1
|
В
|
1
|
2
|
В
|
1
|
3
|
Ықтимал жауабы: Елімізде қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Олардың ішінде адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көп. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек
Қазақстанда жасап жатыр. /Оқушы жауабы ескеріледі./
|
3
|
4
|
|
1
|
5
|
|
1
|
6
|
Ықтимал жауабы: Қазақстан көп ұлтты ел болғандықтан экономикасы жақсы. Оған себеп, әр түрлі ұлттар әр түрлі жеке кәсіптермен айналысады. Халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болады. /Оқушы жауабы
ескеріледі./
|
3
|
Барлығы
|
10
|
Оқылым
Жазылым
|
1-2
|
Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.
Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
|
№
|
Балл
|
Сипаттамасы
|
1
|
9-10
|
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.
Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.
|
7-8
|
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған.
Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.
|
5-6
|
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.
Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
|
3-4
|
Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.
Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |