Қазақ тілі пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
8-сынып
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Балл саны: 15
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 2 компоненттен тұрады: Біріншісі-оқылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі- жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [7]
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлде өткізіп, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, демалыс дәмін татқысы келеді. Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар.
Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары белгіленді.
Елімізде бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтады. Өйткені туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға барлық жағдайдың жасалуына байланысты. Сол себепті сыртқы елдерге шығатын туристер саны әлі де басым болып отыр.
Соңғы кездері Қазақстан саяхатына шетелдік қонақтар қызығушылық танытуда. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастады деп түсіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.
Мәтін не туралы?
В)Отандық саяхатты өркендету жолдары туралы
[1]
Шетелде демалатын туристердің көптігі жайлы мәтіннің қай бөлігінде айтылған?
С)3
[1]
Мәтіннің тақырыбы қандай?
В)Қазақстанда туризм саласы қашан дамиды?
[1]
Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылған?
Мәтіннің соңғы бөлімінде Қазахстан саяхатына шетелдік қонақтар қызығышулық танытуда делінген.Қазақстанның әлемдік туризм нарағының биігіне көтерілуіне мүмкіндік бар. [1]
5, 6. Сөйлемдерді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдеріңізді берілген сөздермен
бастаңыз.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады.
Туризм саласы дамудың-Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін ойнайды.
Мәтіннен алынған пікірге өз тұжырымыңызды білдіріңіз.
Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар...
Туризм саласы Қазақстанда әліде төмен төмен деңгейде қалып отыр,
[3]
Жазылым
Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай, сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін қолданып, аргументативті эссе жұмысын орындаңыз.
Өз еліңізде саяхаттау мүмкіндігі болса, қай жерге барар едіңіз? Неліктен?
Егер менің өз елімде саяхаттауға мүмкіндігім болса, Қазақстанның керемет түкпір түкпір әдемі , көрікті жерлеріне баратын едім. Тіпті қай жерге баратынымды да білмеймін. Себебі, менің кең байтақ жерімнің барлық жері ерекше әдемі.
Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз. Ол – біздің Отанымыз.
Қазақстанның территориясы батысында Волганың төменгі ағысынан, шығысында Алтайға дейін 3000 км созылып жатыр. Ал солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шаньға дейін 2000 км-ге жуық қашықтыққа созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Қазақстан Республикасы Евразия материгінің ортасында орналасқан.
Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.
Табиғаттың әсемдігін көріп, сүйе білетін адам, оны қорғаудың қажеттігін сезініп, түсінеді. Қоғамның материалдық және рухани байлықтарының қайнар көзі – табиғат. Табиғаты әсем сұлу қалалардың қатарына Алматы қаласын жатқызуға болады. Алматы – Алатаудың қасында орналасқан. Алатау – биік, әдемі тау.
Мен Қазақстанда тұратынымды мақтаныш етемін. Қазақстан азаматы ретінде туған Отанымды, халқымды құрмет тұтамын.
Әрбір Қазақстандық азамат атамекенін, ел намысын қорғайтын, ата салтын бұзбайтын, қайырымды болуы керек.
Қазақстандық азамат отанды сүйетіндігін сөзбен емес, іспен дәлелдеуі қажет. [8]
БОЛАТБЕК МЕРЕЙ 8А
Достарыңызбен бөлісу: |