Insagram :@UBT_GARANT
https://www.instagram.com/ubt_garant/
12. «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі»,-деген Бауыржан Момышұлының аманат сөзін өз пікіріңізбен дәлелдеп жазыңыз.
Қымбатты жас өрендер! Өскелең ұрпақтың, әсіресе, өздеріңіз секілді жас өрендердің өз еліне, туған халқының тарихына деген қызығушылығы ана тіліне деген сүйіспеншіліктен басталуы тиіс.
Тұтас аумағына бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жеріміздің сан ғасырлық тарихы да, қазақ жерін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғай білген ата-бабаларымыздың ерлігі мен батырлығы да осы ана тіліміз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен, ұлы мұраға айналды.
Бұл турасында қазақтың көрнекті қоғам қайраткері және жазушысы Жүсіпбек Аймауытов: “Ана тілі-халық болып жасағаннан бергі оның жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі”, — деген болатын.
Қазақстан Республикасының Президенті, Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», дей келіп, «Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», — деген ашық ұстаным айтты.
Иә, әрбір халықтың бақыт шекарасын айқын¬дайтын өлшемдер бар десек, оның ең бі¬ріншісі – тілі, екіншісі – асыл діні, үшін¬шісі – ғасырларға созылған тарихы.
Патриоттық құндылық дегенiмiздің өзі — елi мен туған жерiн, Отанын сүю, мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, ділін, салт — дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту.
Ал қазақстандық патриотизм — қазақстанды мекендейтін барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетінің әлемдік биіктен көрінуі үшін білім, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, еліміздегі бейбітшілік, бірлік пен тәуелсіздікті сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсауы.
Қазақстандық патрио¬тизм – бүкіл қазақстандықтарды жасампаз еңбекке ша-қыру, береке-бірлікті, баянды ынтымақты орнықтыру.
Отансүйгіштік рух — тәуелсіз еліміздің әлемдік өркениет көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орнын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Төл тарихы, мәдениеті мен өнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал оларды кең таныту үшін алдымен өз қадір-қасиетіңді өзің жақсы білуің, мақтаныш ете алуың керек.
Әр адам ата-бабаларымыз негізін салып кеткен игі дәстүрлерді мақтан ете отырып, өз ұлтын терең сүю арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.
Саналы азамат болып қоғамға пайда келтіру, білім мен тәрбие алу, ата-ананы сыйлау және қартайған шағында оларға қамқорлық жасау әрбір жасөспірімнің парызы болып саналады.
Ал ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап қалу, ата-баба дәстүріне өте сезімталдықпен қарау.
“Парыз — ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар-ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтиды…, және де
Парыздан мықты күш жоқ,
Парыздан берік сауыт жоқ,
Парыздан нәзік сезім жоқ,
Парыздан қатал қазы жоқ”, — дейді халық батыры Бауыржан Момышұлы.
Қымбатты жас өрен, қай заманда болмасын тарихтың қозғаушы күші сол дәуірді тудырған әйгілі тұлғалар.
Халқымыздың ұлы ақыны Абай “адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады”,-деген тұжырым жасайды. Ал отансүйгіштік рухтың өзі адам бойындағы рухани-адамгершілік сезімнен бастау алады.
Қазақстандық патриотизм – еліміз бен жеріміздіңің тәуелсіздігі, білім мен ғылымда, мәдениетте, спортта әлемдік сатылардың биік шыңынан көріне білу.
Қазақстандық патриотизм — әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезінуі, мемлекеттік рәміздерге, мемлекеттік тілге құрметпен қарауы.
Міне, бүгінгі жас өрендер, сіздер, ата-бабадан келе жатқан дархандық пен бауыр¬¬малдықты, татулық пен мейірімділікті бойларыңызға сіңіре отырып, туған еліміз — Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне, туған тіліміз – қазақ тілінің өз мәртебесіне сай дамуына үлес қосады, еңбек етеді деген сенімдемін.
Достарыңызбен бөлісу: |