«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 2021-2022ж Инстаграм


«Табиғат тағдыры – адам тағдыры» мәселесі бойынша өз ойыңызды пайымдап жазыңыз



бет59/63
Дата17.05.2022
өлшемі0,77 Mb.
#143556
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
2021 Эссе жауаптары жаратылыстану математикалық бағыттағы2


45. «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» мәселесі бойынша өз ойыңызды пайымдап жазыңыз.

Табиғат ежелден бері адам­ға қызмет етіп келеді, бұл оның өмірінің қайнар көзі. Мыңдаған жылдар бойы адамдар қорша­ған орта­мен үйлесімді өмір сүрді және оларға табиғи байлық шексіз болып көрінді. Бірақ өркениеттің дамуымен адамның табиғатқа арала­суы арта бастады. Мыңда­ған тү­тінді өнеркәсіп кәсіп­орындары бар ірі қалалар бүкіл әлемде пайда болып жатыр. Олардың қосалқы өнімдері біз дем алатын ауаны, ішетін суды, астық пен көкөніс өсі­ретін жерді ластайды.



Ғылыми-техникалық прогресс адамзат алдында бұ­рын-соңды кездеспеген бірне­ше жаңа, өте күрделі мәселелерді қойды. Олар­дың ішін­де адамды қоршаған ортамен бай­ланысты­ратын қарым-қатынас ерекше орын алады. ХХ ғасырда табиғатқа ауыртпалық көбеюдің 4 есе­ге және әлемдік өндіріс көлемі­нің 18 есеге өсуімен байланыс­ты болды. Ға­лым­­дардың ай­туы бойынша, 1960-1970 жылдар аралығында адамзат­тың әсерінен болатын экология­дағы өзгерістер бүкіл әлемде пайда болды, яғни планетаның барлық түкпіріне әсерін тигіз­ді, сондықтан да бұл мәселелер жаһандық сипатқа ие бола бас­тады.
Жыл сайын өнеркәсіп атмосфераны шамамен 1 трлн тонна шаң мен басқа да зиянды заттармен ластайды. Көптеген қалалар түтіннен зардап шегеді. Кең ормандар кесіліп, өртеніп жатыр. Олардың жоғалуы оттегінің тепе-теңдігін бұзады. Нәти­же­сін­де, жануарлардың, құстар­дың, балық­тардың және өсім­діктердің сирек кез­десетін түр­лері мәңгіге жоғалып, бір­­қатар өзендер мен көлдер құр­ғап кетті. Ауаның және дүние­жүзілік мұ­хиттың ластануы, озон қабатының бұ­зылуы адамның табиғатпен рабайсыз араласуының нәтижесі болып саналады. Ал бұл – экологиялық дағдарыстың бел­гісі.
Экологияны қорғаудың маңызын түсінсек, оны сақ­тап қалудың шараларын қарас­тырайық:
Біріншіден, су және жарық энергия­сын үнемді пайдалану.­ Бұл табиғатқа ғана емес, сіздің әмияныңызға да пай­­дасын тигізеді. Яғни, барлық электр құрылғыларын өшіріңіз, ұй­қы­ режімінде де компьютер қуат­ты тұтынады, үйден шыққан кезде әрдайым шамдарды сөндіргеніңізге көз жеткізіңіз, энергия үнемдейтін шамдарға ауысыңыз, үй­дегі барлық сан­техниканың жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз, өйткені күніне 20 литрден астам су ағып кетуі мүмкін.
Екіншіден, қағазды үнемді пай­далану. Біз көбінесе қағаз­дың ауадан шықпайтынын және қажет емес баспалардың бә­рі ағаштардың қира­ғанынан пай­да болғанын ойламаймыз. Сондықтан бір нәрсе ба­сып шығармас бұрын, оның қанша­лықты маңызды екені туралы тағы бір рет ойланыңыз. Қазір билет­терді телефон экранында көр­сету жеткілікті, бұл үшін арнайы электронды биле­т­тер іске қосылған. Әрине, ағаш отыр­ғызуыңыз да әлемге кіш­кене болса да пайдасын тигізер еді.
Үшіншіден, полиэтиленді пакеттерден арылу. Әрине, бәріміздің үйі­мізде әйгілі «па­кет­тері бар пакет» бар, яғни бір пакеттің ішіне 100 пакет са­лып қоямыз ғой. Қане, шындыққа тура қарайық, полиэтиленді пакеттер қоршаған ортаға зиян­ды, сондықтан дү­кенге барар­да үйіңізден ескі пакет­терді алып шығуға тырысыңыз және сол пакетті жыртыл­ғанша қол­да­ныңыз.
Төртіншіден, пластикті қол­да­ныстан шығарып тас­тау. 2015 жылы АҚШ-тың Джорд­жия технологиялық универ­­ситетінің профессоры Дженна Джамбек пластикке қатысты «Тек жағалауларда ғана жыл сайын 12,7 миллион тоннаға дейін қалдық жиналып қалады. Дүние жү­зі бойынша жағалауларда әр қадам басқан са­йын іші қо­қысқа толы 15 полиэтилен па­ке­тінің шашылып жатқанын елес­тетіп көріңізші. Ал сол қал­дықтардың биоыдырауға ұшырап, толықтай жойылып кетуі үшін орташа есеппен 450 жыл қажет», деген сенсациялық мәлімет таратты. Сол себепті, плас­тикті қолданыстан мүлдем алып тас­тау қажет.
Табиғи ортаның ластанбауына адамдардың терең түсінік-пайы­мы керек. Біз қор­шаған ортаны қорғай­мыз десек, балабақшадан бастап эко­логиялық тәрбиені үйрет­кеніміз дұ­рыс. Ата аналар тазалық сақтауды бала­ларының бойына неғұрлым ерте сіңірсе, соғұрлым іс алға басып, бү­гінгідей күрделі жағдайлар­дың алдын алуға септігі тиеді.


Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет