«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 2021-2022ж Инстаграм


М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақындық әлемінің қуаттануына әсер еткен себептерін талдап жазыңыз



бет30/51
Дата17.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#153442
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
Байланысты:
2021 Эссе жауаптары жаратылыстану математикалық бағыттағы2

26. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақындық әлемінің қуаттануына әсер еткен себептерін талдап жазыңыз.
Insagram :@UBT_GARANT
https://www.instagram.com/ubt_garant/
Абай және Әуезов, Абай тәлімі, Мұхтар Әуезовтің Абайды танып-білуге қосқан үлесі. Мұның өзі екі үлкен сала. Бірі Мұхтар Әуезовтің абайтануға, яғни Абайдың өмірі мен шығармашылығын, оларға қатысты мәселелерді баяндайтын ғылыми еңбектерін, зерттеулері мен мақалаларын талдап бағалау. Екіншісі Мұхтар Әуезовтің көркем шығармаларында Абай бейнесін суреттеуі, оның заманын, өмір жолын, ақындық, ағартушылық, қоғамдық қызметін сипаттап көрсетуі, яғни Мұхтар Әуезовтың Абайға арналған пьесасы, опералық либреттосы, киносцена­рийі, әсіресе төрт томдық «Абай жолы» эпопеясы төңірегінде айтылған, қорытылған ой-пікірлер. Тағы бір өте маңызды қыры бар. Ол Абай шығармашылығының, әдеби мұрасының Әуезовке әсеры қпалы туралы, әсіресе «Абай жолы» роман-эпопеясында Мұхтар Әуезовтың Абай шығармаларын деректік тірек етуіне қатысты айтылатын жайлар. Мәселеге бұдан да кеңірек келсеқ Абай мен Әуезовті қазақ әдебиетіндегі екі дәуірдің, екі ғасырдың (яғни 19 ғасыр мен 20 ғасырдың) аса ірі өкілдері ретінде алып, ұлттық сөз өнеріміздегі дәстүр жапғастығы тұрғысынан қарап, олардың үндестігі мен өзгешелігі қандай екенін байыптаудың өзі осы екі сөз шеберінің өнерпаздық тұлғасын айкынырақ түсінуімізге себін тигізеді. Абай мен Мұхтар Әуезовтің екі заманның перзенті екені рас. Алайда Мұхтар Әуезов өмір сүрген, әдебиетке араласып, шығармашылық ғүмыр кеш­кен дәуірі Абай заманынан тым қашық емес, сипаты, мазмұны мүлде өзгеше заман болса да, мерзімдік жағынан жалғас, өзектес. Әуезов жасы ұлғайған Абайды бес жастағы көзінде бір ғана көріп, ол кезде оның кім екендігін, ұлы екендігін біліп, түсіне алмаса да, ол кейінірек сол ортада, Абайды көрген, білген, өлеңдерін естіген, сөздеріне әбден қанық адамдардың ортасында есіп, ержетті. Мұхтар Әуезовтің Абайдың елендерін, калдырған енегесін осындай ортада жүріп қабылдап, жасынан көңіліне құйып ескені, олардың арасында рухани жалғастык тууына жағдай жасағанын толық ескеру қажет. Жалпы тарихи-әдеби зандылық шеңберінде осылай бола тура, Мұхтар Әуезовтің Абаймен рухани жақындығының сыры мен сипаты бөлек. Өзгені былай қойғанда, «Абай жолы» роман-эпопеясында Абай за­мены, дәуірі, халықтың тағдыры аса мол, терең бейнеленетінін ескерсеқ осы мәселелерге Абайдың кезқарасы мен Мұхтар Әуезовтің кезқарасы, уғым-тусініктері арасындағы үндестіктер бар екені анық анғарылады. Абай мен Мұхтар Әуезов үндес, жақын болумен қатар, бірін-бірі қайталамайтын, біртуар өзгеше дарын екенін де есте тұту шарт. Абай ойшыл, философ, сазгер, ағартушы екені рас, бірақ ең алдымен ақын. Ақын болғанда, ұлы ақын, классик ақын. Мұхтар Әуезов акын емес, бірақ шебер прозаик-суреткер, драма­тург ретінде ақынға жақын. Мұхтар Әуезовтің прозалық шығармаларында да, драмалық туындыларында да лирикалық сарындар, лирикалық сезімталдық айқын керініс беретін тустар аз емес. Бірақ ол алдымен кең құлашты романист-жазушы, эпостық жанрдың асқан шебері және оқиғаны шиеленіскен таластартыс, қақтығыстармен керсете білетін драматург. Бұлар оның өнерпаздық шеберлігіне тән сипаттар, Мұхтар Әуезовтің шығармаларында Абайдың ақындық өнерімен астаса алатын бұл айтылған жайлар бірінбірі ешбір жоққа шығара алмайды. Өнер салалары, қырлары әр алуан, арасында пышақ кесті жік жоқ, ауыс-түйіс болуы толық мүмкін, тіпті қажет те. Тек Абай поэзиясындағы кейбір сарындардың Мұхтар Әуезов прозасынан, айтапық, «Абай жолы» роман-эпопеясынан көрініс табуы үлкен ізденісті, жаңаша көркемдік шешім табуды қажет еткен. Абайдың әдебиеттегі орнын тұңғыш рет бағалап, ақынның әдеби мұрасы туралы қүнды деректер берген Кәкітай Құнанбайұлы мен Ә. Бөкейханов мақалаларына қоса, А. Байтурсыновтың және М. Дулатовтың құнды пікірлері ұлы ақын шығармашылығын дұрыс танып-бағалауға жол ашқанын, мұның абайтану ғылымына тірек боларлық апғашқы қадамдар екенін айтуымыз керек. Абайтануды дербес ғылым дәрежесіне көтерген Мұхтар Әуезов болды. Оның Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылым саласының мызғымас негізі болып табылады. Абай шығармаларының 1933 жылғы жинағын баспаға дайындау барысында Мұхтар Әуезов ақынның жас көзінде шығарған, ел арасында ауызша айтылып жүрген бір топ елендерін жазып алып, сол жинаққа енгізді, «Әзім» поэмасы да алғаш осы жинақта жарық көрді. Мұхтар Әуезов осы кезден бастап 1957 жылға дейін ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мұрсейіттің бірнеше қолжазбасы және басқа кейбір белгілі жазбалар негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе 1957 ж. «Ғылым» баспасынан жарық көрген, Әуезовтін басшылығымен және тікелей қатынасуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет. Өйткені осы 1957 жылғы жинаққа Мұхтар Әуезов жай әншөйін сыртта жүріп редактор бола салған жоқ, текстологиялық жүмыстың барысында қолжазбалар мен бұрынғы басылымдар салыстырылып тексерілгенде, алты ай бойы үзбей басы-қасында болды. Мұхтар Әуезов Академияға, өзі қызмет істейтін сол кездегі Тіл және әдебиет институтына бейсенбі сайын таңертеңгі 9-да келіп, түске дейін болып жүрді. Абайдың 1957 ж. басылған екі томдық толық жинағының ерекше құндылығы Мұхтар Әуезовтің текстологиялық жүмыстарға тікелей қатынасуының, ерінбей-жалықпай басшылық етуінің нәтижесі. Мұхтар Әуезовтің айрықша бағалы еңбегі ол ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың тұңғыш ғылыми өмірбаянын жазып шықты және оны бірнеше рет ендеп, толықтырды. Ұзақ уақыт Қазақ мемлекеттік университетінде абайтану пәні бойынша оқыған дәрістерін жинақтап, үлкен монографиялық зерттеу жазды. Ол еңбегі кейін «Абай Құнанбаев (мақалалар мен зерттеулер)» атты кітапқа енгізілді (1967, 15-228-беттер). Бұл енбегінде Мұхтар Әуезов Абайдың ең басты-басты дерлік өлеңдеріне, сонымен қатар поэмалары мен қарасөздеріне талдау жасап баға берген, олардың тақырыптық, жанрлық ерекшеліктерін тиянақты түрде сипаттаған. Абай шығармаларының жазылған жылдарын анықтап, оларды өзінше топтастыру жағынан да Мұхтар Әуезовтің атқарған еңбегі айтарлықтай. Мұхтар Әуезов Абайдың елеңдерін талдап бағапағанда, кейде әр түрлі сын пікірлер айтатын тустары да кездесіп отырады. Мысалға, «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты елең туралы келелі де келісті пікір айтқан: «Дәл осы өлеңнің тұсында, Абай әйел жынысына казақы көзбен, әсіресе бойжеткен қызға феодалдық орта қарайтын көзбен қарағандай болады. Сол себепті сұлудың жүзін бізге айтып беріп отырған акынның көзі кебінше қыз кере келген жігіттің, келін айттыра келген құданың көзкарасы сияқты. Нақтылы дәлдік болғанмен ішкі сезім сыры жоқ шығарма көрінеді. Белдеуге сұлу атты байлап қойып, мүсін-тұлғасына көлденен қарап отырған бағалаушының мінезін аңғарамыз. Кейінірек жазылатын «Ат сынын» осы қыз суретінің тұсында еріксіз еске алуға тура келеді. Онда да аттың көкілі, қүлағы, қабағы, мойны аталып келіп, ұлы денесі сипатталып кетеді. Бірак атқа солайша сырт мүсінін санап, сынау қаншалықты қонымды болса да, адамзатқа қолданған әдіс оншалық орынды емес». Аддымен Мұхтар Әуезовтің осы елеңді «нақтылы дәлдік болғанмен, ішкі сезім сыры жоқ шығарма» деуін бұл көркем туындының кемшілігінен гөрі өзіндік өзгешелігін керсеткен деп түсінгеніміз жөн сияқты. Өйткені елеңдегі негізгі мақсаттың өзі қыздын бет пішінін, келбетін, сымбатын, сыртқы көрінісін сөзбен бейнелеу ғой. Абайдың қазақ поэзиясында қалыптасқан осы дәстүрге назар аударып, елең тілінің сөз өрнектерін мол пайдаланып, сұлу қыздың кескін-келбетін, бой сымбатын бейнелеуде өнер өлшесіп байқағаны таңқаларлық іс болмаса керек. Қалай бағаласақ та, бұл салада Абайдың өнегелі еңбегі бар екені даусыз. Мұхтар Әуезов те өлеңнің сұлу қызды сипаттайтын алғашқы жағын «күшті бөлімі» деп бағалап, екінші бөлімін көбірек сынаған: «Екінші бөлімі Абайдың бұл өлеңін композициялық тұтастық, көркемдік күйден айырып, әлсіздікке ауыстырып әкетеді. Оның себебі өлеңнің бас жағы бір тақырыптан басталып, аяқ жағы екінші бөлек тақырыпқа ауысқанмен, әуелде іш пен мінез жоқ, тек сырт болса, кейін сырт жоқ тек мінез аталады. Басында сұлулыққа сүйсіне сөйлеп, кейін ұрсып тоқтайды. Сондай екіұдайылық сыртқы түрден, ақындық теңеу лексикасында айқын керінеді». Өленді тұтас алғанда әр қырынан қарап, әркелкі айтылған қарама-қарсы пікір, кереғар сезім-әсер шарпысқандай болады. Қыздың сұлулығын тамашалап, идеал түрінде бейнелеу өзінше ұтымды десек те, ақынның бір сәт іркіліп, толқуы, өмірде сұлулық пен мінезділіқ түрақтылық адамның бойында бірдей кездесе бермейтінін ойлап, өкініп-күйінуі де табиғи нәрсе емес пе? Ендеше осы өлеңдегі тосын нәрседей көрінген қарама-кайшылық өмір шындығынан алые деп үзілді-кесілді айта аламыз ба? «Ә, дегенде көрінер сұлу артық, Көбі көпшіл келеді ондай қаншық» дегенді басқа елеңдерінде де ашынып айтатын Абайдың сыншыл ойы сұлулықты мақтап, мадактаған сөздерімен жарыса келіп, өлеңнің екінші бөлігінде ақынның ішіне сыймай, кемерінен асып төгіліп сыртқа шыққандай әсер етеді. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы сұлу қыздың бейнесін суреттеуіне назар салсақ, Абай қолданған кейбір сипаттауларды өзі де жат кермейтінін байқар едік. Бір ғана мысал айтсақ, «Білектей арқасында өрген бұрым» дейтін өлеңінде Абай қыздың бұрымына сән беретін сыңғырлаған шолпы екенін тап басып, дәл көрсеткен. Мұхтар Әуезов Тоғжанның портретін бейнелегенде, оның шолпысының сылдырын жас Абайдың жүрегін толқытқан сиқырлы күші бардай етіп, үлкен мән беріп, арнайы суреттейтінін білеміз. Шолпының әдемі сылдыры жас қыздың қимыл-қозғалысының, жүрісінің бір ажырамас белгісіндей көрініп, Абай мен Тоғжанның алғашқы кездескен сәттері суреттелгөнде-ақ, біздің көңілімізге берік ұялайды. Шолпының дыбыстық әсері жас қыздың қимыл-қозғапысының айрықша келісті сәнділігін көзге елестетеді. Мұхтар Әуезовтің бұл тұста Абайдың өз өлеңімен үндес шығуы әбден занды. Ал Мағжанның да «Шолпы» атты әдемі лирикалық өлең жазғанын Мұхтар Әуезов, сөз жоқ, білгөн. Мәселе тікелей сабақтастық іздеуде емес, кең мағынасындағы әдеби дәстүр жалғастығын ескеруде. Келемді прозалық шығармада қыздың мінезін, іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын жан-жақты бейнелейтіндіктен, роман-эпопеядағы портреттің ауқымы кеңірек. Бір-ақ сөзбен мүсінделіп берілгеңдіктен, ол портрет те әр түрлі көркемдік детальдар жеке сипат-белгілер арқылы жасалады. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» дәуірнамасында Абай бейнесі, Абай заманының келбеті қалай суреттелген деген мәселелер төңірегінде әлі де айта түсетін, анықтай түсетін жайлар баршылық. Солардың көбі шығармадағы көркемдік шыңдық пен тарихи шындық қалай ұштасқан деген мәселеге саяды. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында жас Абай мен Құнанбайды әкелі-балалы екі адамды бір-біріне қарсы қойып, қарама-қайшы тұлғалар етіп бейнелеуінің мәнісі қалай деген сауал жиі қойылып жүр. Абай баласы Әбдірахманның дүниеден жас кеткеніне налып шығарған жырында оны жасынан ғылым жолына түскен жаңа буынның өкілі, жаңа заманның, «жаңа жылдың басшысы» еді деп, өзін «мен ескінің арты едім» деген болса, Мұхтар Әуезовтің роман-эпопеясында Құнанбайды ата жолын өзгертпей ұстауға тырысқан бұрынғылардың өкілі, «ескінің арты еді», ал Абай энер үйренуге, білім-ғылым игеруге үмтылған прогресс жолына бет алған жаңашыл жастардың ішіндегі ең бір озық жарқын тұлға деп қарағаны, солай етіп бейнелегені кеңілге қонымды. Егер байыптап дүрыс аңғара алсақ, Құнанбай мен Абай, әке мен бала ретінде бір-бірімен қайшы кэрінбейді, кэбінесе екі заманның өкілі, екі мақсаттың, екі қоғамдық көзқарастың адамы тұрғысында қарсы қойылады. Ал екеуінің мінезі екі түрлі болса, Құнанбай айлакер, қатал керініп, Абай адап, әділет іздеген ақын жанды мінезде кэрінсе, мұның өз қисындылығы бар. Құнанбай ел арасындағы түрлі талас-тартыстың, қайшылықшиеленістердің тізгінін қолына ұстап отырған, әбден әккі болған ел билеуші екенін, ал Абайдың қоғам өміріндегі қарым-қатынастарға енді ғана кез тігіп, араласып жүргенін естен шығармаған абзал. Роман-эпопеядағы көркем шындықты өмірде бол­тан оқиғалардың қаз-қалпындағы керінісі деп қарауға болмайды. Оның өзі кэбінесе автордың көркемдік парасатынан есіп, жетілген, сэйтіп эзара байланыс жүйесін тапқан өмір кэріністері боп табылады. Тек оқиғалар ментапас-тартыс төңірегінде ғана емес, белгілі кейіпкерлер мен оларға берілген көркем мінездемелер жэнінде де осыны айтуға болады. Эпопеяда автор ойынан туған көркем бейнелер мен қақтығыс жайларының өзі қаншама! Мүның қайсысы да автордың қоғам өміріндегі езекті мәселелерді көтеру барысында сол ортадағы әлеуметтік күштердің сан сапалығын, айрықша күрделілігін жарқын бейнелеп керсету мақсатынан туған. Эпопеяның түптеп келгенде, негізгі кейіпкері халық. Халық өмірінің алуан түрлі көріністері, құбылыстары шығармада ірілене, жинақтала, типтендіріле бейнеленеді. Романдағы бүкіл ірілі-ұсақты оқиға, тартыс, коллизиялар Абай арқылы, не оның тікелей қатысуымен, не әйтеуір қалайда араласуымен, не оның кэңіл күйіне, ой дүниесіне, жалпы кезқарасына, дүниетанымына байланысы арқыпы суреттеліп, бір-біріне ұласып, тұтасып жатады.[1]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет