Әбдірашевтің романтикасы реализммен астасып жатады. Ақынның әр жылдары жарыққа
шыққан жыр жинақтарына назар салғанда, үздіксіз ізденісті, көтеріңкі пафоспен өрілген
шешендік үлгідегі поэтикалық сөз тіркестерін молынан ұшыратамыз. Мағжанға тән терең
сыршылдық, адамның ішкі болмысына үңіліп, оны бейнелеп, айшықтап көрсету тәсілі
ақын лирикасында жаңаша қырымен түрленеді.Жарасқан Әбдірашев поэзиясының бір
саласын құрайтыны – ақынның эпиграммалары. Түп тамыры антикалық әдебиеттен
басталатын бұл жанр, ақынның өзі сипаттағандай «ежелден мәдениетті Еуропа поэзиясына
Достарыңызбен бөлісу: |