қағады. Арада жылдар жылыстап өткенде барып, жастай қосылған күйеуінің кейін
ауылдан, адамдар ортасынан безініп, бұған түсініксіз болып бара жатқан күйкі тірлігі,
тоңмойын мінезі, тіпті өзіне әйел ретінде қарауды қойған мейірімсіздігі, қыл аяғы жар
қызығына да зар болып, жастық, қызулық ғұмырының қараң тартып бара жатқаны,
Еріктің анау ауылдан итше ертіп келген, өзін бір жерден көргендей, досына деген
қатыгездігіне әбден көзі жеткенде ғана көп-көп ойларға беріліп, көкірегі қарс айырылады.
Иә, Айнаның Тағанды аспирант кезінде көргені рас-ты. «Студенттік өмірінің ішінде, әсіресе
есінде қалғаны – үнеміo бір ой үстінде жүретін қара бура шашты, кірпіктері қолмен
қондырғандай үлкен қара көзін қоршап тұрған аспирант еді. Жалғыз-ақ рет көрсе де өмір
бойы есінде қалған. Кей кезде түсінде көріп, қиялында қалған аспирантты шақырып жатып
оянатын мезеттері де болған».Мінеки, шығарманың шап-шағын құрамдағы кейіпкерлерінің
қуатты типтері, ең алдымен олардың ішкі әлемі барынша кең ауқымды қамти тұра, қат-
қабат тағдыр айдап бүгінгі тіршіліктері тар кеңістікте тоғысқандықтан да, оқиғалардың
Достарыңызбен бөлісу: |