қайшы көзқарастың жаппай етек алуынан алдын-ала сақтандырғаны хақ. Ал, Еріктің
ақырында бүкіл тірлігі баянсыз болып, тіпті адам емес, жәндік-сонаға айналып қорлық,
мазақ күйде өлуі заңдылықтай қабылданады. Иә, ол өзі таңдап алған оңай жолдың, жат,
арамза тірліктің құрбаны болды. Табиғат ананың омырауын суалғанша сорып, жаратылыс
тегін беретін байлықты өзгеден бұрын, өзгелерден тез тартып алу үшін Ерік қолынан
келгенін аянбады, тіпті сонау мұхиттың арғы жағындағы тұқымы бөлек, өлермен,
тойымсыз шетелдік еркек араларды алдырып, олардың жергілікті «жеңілтек»
аналықтармен будандасуынан түрі бөтен, түсі суық қауіпті бір ұрпақ пайда болды. Бұлар
қылшығы бұзылмаған, жайқалып, тұнып тұрған майшелпек, әрі бөтен аймаққа келісімен
айналадағы өсімдік атаулының шырынын таусып біткенше тыным таппайды.
Өзі де «будан» тұқымға жататын ұлының қанағатсыз тірлігін жақтырмаған шешесі Нүрке
кемпірдің: «жат жұрттық ешқашан жарытқан да, жерсінген де емес, бүгін балын берсе,
Достарыңызбен бөлісу: |