түйсіктің нышаны да жоқ. Тіпті туған анасы мен жарына да жаны ашымайтын, түпкі мағынасын өзі де түсіне бермейтін беймәлім мақсатына ерекше тоңмойын, тасырлықпен ұмтылады. Шығармада шартты түрде біз талдап отырған үш арнаның ішінде зиянды, кері тартқан, регрестік, әділдікке емес зұлымдыққа, қайырымға емес қиянатқа, дамуға емес анархияға апаратын апатты бағыттың уәкілі. Бәлкім, бұған артында қалар ұрпағының да керек еместігі сондықтан.«Атау кере» елімізге нарық заманы енді ғана келе бастаған уақытта жазылғанын ескергенде, автордың Ерік бейнесі арқылы қоғамда «бәрін сатуға, бәрін сатып алуға болады» деген көрсоқыр, аса қатерлі, адамдыққа да жаратылысқа да