саналы, қабілетті деген мүшелерінің көзін құртуға тырысқан тоталитарлық жүйеде Тағандар азшылық, Тағандар әлсіз, ең бастысы қауіпті санатқа жатады. Оларды құртудың, қудалаудың сан-түрлі амал-тәсілі ойлап табылғаны мәлім, соның бірі «атау кере» аталып, талай жақсы мен жайсаңның түбіне жеткен арақ болатын. Әйтпесе, бір партияның диктатындағы барған сайын құлдырап бара жатқан тоталитарлық қоғамда ең алдымен ұлттық қасиеттердің, адамгершілік болмыстың жоғалып бара жатқанына қарсы дауыс көтерген Тағандардың: «біздер тарих-ананы қатты ренжіттік, өз ұлтымыздың тарихын