өзінен озғандарды, суырылып алған шыққан шешенсігендерді өлердей жек көреді, ол студент кезінен бері «мейманасы тасығандардың мысын басу, басына бақ қонғандарды басындырмау үшін жаралғандай» бойын соқыр қызғаныш билеген қараниет, пасық жан. Ғылым-білім, мәдениет-өнер жолындағылардың бәрін еңбексіз күн көретін арамтамақ санап, зиялы атаулыны ата-жауындай көреді. Бір кезде өзінен тым биікте тұрған, ғылым мен білімде қатарластарына дес бермеген аспирант кластасы Тағанның араққа ғана жеңіліп, алқаш атанып, ендігі бір жұтым сыра үшін мұның құлы болуға дайын екендігін көргенде төбесі көкке жеткендей қуануы да сондықтан. Аярлығының шексіздігі сонша - бір ауылда бірге өскен досының бейшаралық кейіпке түсіп, қамқорлыққа мұқтаж күйін көре тұра, атының артына мінгізбестен ауылдан қиян тауға қарай жаяу салпақтатады, ол аздай енді оны өмір бойы құлдықта ұстауды ойлайды.Өзіне қажеттінің барлығын ақшаға сатып алуға болады деген дүлей сенімге келіп, біржола байлықтың түбіне түскен. Бұл мақсатына жету үшін Ерік Алтайдың жомарт табиғаты аямай бертін бар байлықты: жан-жануарын, аң- құсын, қарағай, балын, егер мүмкін болса тауын тас-топырағымен, орман-тоғайын тамыр- жапырағымен қаладан вертолетпен келетін тамыры Прохор деген дәл өзіндей сұмдарға сатып жіберуге дайын. Мұның бойында туған жердің табиғатына жан ашу, елдің қажетін ойлау, жұрттың алға басуына немесе мемлекеттің мүддесіне қызмет ету дейтін сезім-