мәдениеттілік пен салт-дәстүрді қатаң ұстанатын үлгілі
ұстаздарымның арқасында қызығушылығым одан сайын артып,
шабытым ұлғая түсті.
«Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал
тұрған жерлерден жол ашады», - деп атақты ағылшын ойшылы
Джозеф Кэмпбэлл айтқандай, адам шың жүрегімен қатты қалаған,
талпынған ойы міндетті түрде жүзеге асады деп ойлаймын. Ал ол
үшін талпыныс қажет. Алға талпыну – тыныштықты жоғалту, бір
орында қалып қою – өзіңді жоғалту болып саналады. Одан соң
болжау, нақты қайда бара жатырсың, не үшін бара жатырсың,
соны болжалдап, нақтылап алып болған соң ғана талпынуымыз
керек. Ал жетістіктерге қол жеткізу үшін, әрекет етіп қана қоймай,
қиялдауымыз да керек, жоспарлап қана қоймай, сенуіміз керек. Ең
бастысы – сенім. Алға қойған мақсаттарым үшін еңбек етсем, сол
мақсаттарым болашақта елім үшін, мен үшін еңбек ететін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |