Президент өз мақаласында, еліміздің әрбір азаматын, бүгінгі жаhандану
заманында әлеуметтік жауапкершілікті сезіне білуіне ерекше көңіл аударады. Бұл
мәселенің шешімін Абайдың» «кемел адам» формуласынан іздеуді ұсынады.
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деп дана
ақынның өзі айтқандай, жастарымызды білімді, өзіне сенімді, ізгілік пен
жақсылыққа ұмтылатын адам ретінде тәрбиелеу бүгінгі күннің басты
мұраты.
Кезінде Абайдың қазақ баласына өсиет еткен «кемел адам»
философиялық ұғымын
Тұңғыш Президентіміз –
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та
өзінің «Абай туралы сөз» атты кітабында тілге тиек еткен болатын. «Абай сөзі –
қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы –
қазақтың ең қасиетті қазынасы», –
деп
жазған еді.
Достарыңызбен бөлісу: