«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 5-сынып 2019-2020 оқу жылы Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі


-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет10/15
Дата24.08.2020
өлшемі275,58 Kb.
#76714
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ОШ СОр Казахский язык Т1 5кл

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Қиял әлемі. Морфология», «Көлік және жол белгілері. Морфология»





Оқу мақсаты

5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

  • Көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді

Білу және түсіну

Қолдану


Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

ЖЖ.

1. Мәтінді мұқият тыңдап, оның жалпы мазмұнына қатысты жұбыңызға 2 сұрақ дайындаңыз. Сұрақтарыңызбен алмасып, жауап беріңіз.

Қиял туралы жалпы ұғым


Ертегі десе әдетте әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, бай мен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ Күлше қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша сарайында би кеші өтетінін қайдан білсін?! «Сұлу мен Құбыжық» ертегісінде жазушының айтпағы, сырт келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін құбыжық болып қала бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға айналады? Адамның сырт келбетті жоғары қоятыны, билікті, байлықты аңсайтыны ертегілерде де көрініс тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты байқай  алдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па? 
2. Мәтінен қандай ой түйдіңіз. Автордың «қиял-ғажайып ертегілердің түп негізі шынайы өмірден алынған» деген ойына Сіздің көзқарасыңыз қандай?




Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

1

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырады:

1-сұрақ;


2-сұрақ;

1

1



Сұрақтарға жауап береді:

1-жауап;


2-жауап;

1

1



Көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді

2

Сұраққа өз көзқарасын білдіреді;

Көзқарасына дәлелдер келтіреді;

Жүйелі сөйлейді.


1

1

1



Барлығы

7


«Қиял әлемі. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді



Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырып, қойылған сұрақтарға жауап беруде қиналады

Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырып, қойылған сұрақтарға жауап беруде қателеседі.

Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырып, қойылған сұрақтарға жауап береді


Көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді

Көтерілген мәселеге өз көзқарасын дәлелді білдіріп, ойын жүйелі жеткізуде қиналады

Көтерілген мәселеге өз көзқарасын дәлелді білдіріп, ойын жүйелі жеткізуде қателеседі

Көтерілген мәселеге өз көзқарасын дәлелді білдіріп, ойын жүйелі жеткізеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет