«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


Жазылымға арналған балл қою кестесі



бет37/47
Дата11.05.2022
өлшемі353,21 Kb.
#142255
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47
Байланысты:
@10SYNYPBJB ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚГБ 10 СЫНЫП ТБЖБ VK-10SYNYPBJB

Жазылымға арналған балл қою кестесі

Балл

Сипаттама

9-10

 Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мәтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған.
 Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған.
 Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған.
 Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді.
 Сауаттылықтың деңгейі жоғары.

7-8

 Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта біледі, мәтін формасының қолданысы жүйелі.
 Құрылымы сәйкес және сақталған.
 Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық.
 Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар.
 Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.

5-6

 Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді.
 Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар.
 Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде.
 Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолданады.
Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.

3-4

 Қажетті ұстаным мен мазмұн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады.
 Құрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап жеткізеді.
 Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері қанағаттанарлық деңгейде.
 Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады.
 Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.

1-2

 Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес, формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады.
 Құрылым әлсіз, ұйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады.
 Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес.
 Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

0

 Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес.
 Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет