«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата20.10.2023
өлшемі1,13 Mb.
#186900
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 7кл

 
Оқылым
Тапсырма 
Берілген мәтіндерді мұқият оқып шығыңыз. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз..
А мәтіні 
Ұлы Абайдың «Әннің де естісі бар есері бар» дейтін дана сөзі бар. Әуеннің иіріміне түскен 
толқын құлақтан кіріп бойыңызға тараған кезде түрлі әсерде боласыз. Бұл – барлық адам 
баласына тән қасиет.
Музыка – адам жанының кілті 
Адам музыка тыңдау арқылы ішкі жан дүниесін сыртқа шығарады. Мұңайған сәтте қуану 
үшін ең жақсы көретін музыкаңызды тыңдау жеткілікті болуы да мүмкін. Жан дүниенің нәзік 
қылдары әуенмен бірге толқиды. Бұл – жанның тыныштығы.
Музыка – дәрігер 
Музыка ішкі эмоцияңызбен күресуге көмектеседі. Желпініп тұрған, сабырсыз мінезіңізге 
әуен әсер еткен болса, сіз сабырлыққа үйренесіз. Музыка – дәрігер. Себебі ежелден бері 
адамдар музыканы емге пайдаланған. Табиғаттың да өз әуені барын ұмытпаңыз. Әрбір 
құстың сайрауы, судың сылдыры – бәрі адам миына әсер ету күші бар табиғи емдер. 
Музыка – қару 
Қоғамда түрлі әлеуметтік жағдай өріс алып жатқаннан кейін, музыканы қару ретінде 
пайдалануға болады. Тіпті даңғаза музыкалардың толқынына еріп кетсеңіз өзіңізді таппай 
қалатын деңгейге жетесіз. Кейбір әндердің әуендері ғана емес сөздері де адамға әсер етеді. 
Әр ритмге, әр әуенге селқос қарамаңыз. Себебі адам миы мен жүрегі сезімтал және сырттан 
келетін кез келген дүниені қабылдауда белсенді. Музыканы да талғаммен тыңдай біліңіз.
Ә мәтіні 
Ата-бабаларымыз достың ақылды болуын қалап: «Ақылды дұшпаннан қорықпа, ақымақ 
достан қорық», «Досың өзіңнен жақсырақ болсын», - деген. Дос – кез келген адам баласының 
қасынан табылатын, қиындықта да, қуанышта да бірге болатын жан жолдас, сенімді серік.
Дос – серігің 
Тәулік бойы қасыңыздан табылмаса да, керек кезде жаныңыздан табылатын адам – досыңыз. 
Дос ғұмырлық және сенімді серік болу керек. Әңгімесі сізді сергітіп, ойыңызды жинақтауға 
көмектессе, серігіңіз болса ол нағыз дос. 
Дос – қорғаның 
Дос сенің қорғаушың болу керек. Достың ішіндегі ең маңыздысы осында: «бір дос бар 
кеудесінен жан шыққанша»... 
Кез келген жерде сіздің сөзді сөйлеуге ұмтылу керек. Сіздікі дұрыс болмаған күннің өзінде 
екі жақты мәмілеге кірісіп шешім жасау керек. Бұл нағыз достың белгісі. 
Дос – өзің 
«Дос» деген сөзді түсіну үшін өзіңізді тауып алыңыз. Себебі дос деген ең бірінші өзге емес, 
өзіңіз. Адалдық сізден де, достан да аңқып тұру керек. Сол кезде барып сіз дос таба аласыз 
және дос сізді табады. 
1. Әр мәтін бойынша екі проблемалық сұрақ құрастырыңыз. 


20
А мәтіні 
Сұрақтар 
1) 
2) 
Ә мәтіні 
Сұрақтар 
1) 
2) 
[4] 
2. Әуеннің адам баласына әсер ету күші қандай, неге өзімізге ұнайтын музыканы тыңдай 
бергіміз келеді? Ойыңызды 3-5 сөйлеммен білдіріңіз. Жоғарыда ғаламтордан алынған 1-
мәтіннің авторларына сілтеме (автордың көзқарасы, ойы, көтерген мәселесі) жасаңыз. 
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________ 
[3] 
3. «Нағыз дос деген қандай болу керек?» деген сауалға, өз пікіріңізді 3-5 сөйлеммен 
білдіріңіз. Жоғарыда ғаламтордан алынған 2-мәтіннен сөздерді, түйінді ойларды 
қолданыңыз. 
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________ 
[3] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет