«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика
Көшпенділер мәдениеті. Орфография
Денсаулық – зор байлық. Лексика
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Үзіндіні тыңдап, оқиғаның жалғасын өз болжамыңызбен жалғастырыңыз. Жұбыңызға
интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып айтып беріңіз.
2. Түпнұсқаны тыңдап, болжамыңыздың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы туралы
кері байланыс беріңіз.
[10]
1-мәтін
Бәйшешегі бүр жарған көктемнің соңын ала бере, алқаптарда қызғалдақтар тербеле бастаған
мезгілде ауылдағы шеткері бір үйден шыр етіп жылаған нәрестенің дауысы естілді. Отағасы
баласының есімін Есқали деп қояды. Есқали жиырма жасқа толғанда әке-шешесі оған үйлену
керектігі жайлы әңгімелер айта бастайды. Ондай кездері Есқали жәй ғана жымиып,
сырғақтай құтылады екен. Бір күні жігіт үйіне жүзі салыңқы болып оралады. «Балам-ау,
саған не болды?» деген анасының сөзіне Есқали көрші ауылдағы
бір қызға ғашық болып
қалғандығын айтады. Жігіттің ата-анасы бұл жаңалыққа қуанады. Бірақ қыздың есімін
естігенде ата-анасының да қуаныштары су сепкендей басыла қалады. Ол қыздың есімі Жәния
болатын. Қыздың әкесі маңайға айлакерлігі мен пайдакүнемдігімен аты шыққан ауқатты жан
еді. Есқалидың әке-шешесі де бағымызды сынап көрелік деп үстеріне
бар жақсысын іліп,
сый-сияпаттарын алып, қызға құда түсуге барады. Бай қонақтарды сыпайы қарсы алып,
әңгімелерін тыңдайды. Сыйлықтарын қабыл алады. Содан кейін құда түсіп келгендерге
былай дейді....
Сұрақ:
Қызға құда түсу оқиғасы әрі қарай қалай өрбиді? Қыздың әкесі не дейді?
- Қымбатты қонақтар! Менің сіздерге қояр шартымды
орындасаңыздар ант етемін, қызым
Есқалидікі болады. Осынау алқабымызда әдемі бір көлдің пайда болғанын қалаймын, оның
ауа райының өзгеруіне көмегі тиер еді. Ол көлдің түсі менің қызымның көзі түстес көк-
жасыл түсті болуы шарт. Сендер маған асыл тастар мен алтын-күмістерден тұратын бағалы
сыйлықтар әкелулерің керек. Есқали байдың тілегін орындау үшін, жел перісі, тас перісі, су
перісіне барып, айласын асырып,
Жасыл көл жасатып, судың түбін зүбаржат тастарға
толтыртып алады.
Бай шарасыздықтан ақылды да епті жігітке ай десе ауызы, күн
десе көзі бар Жәниясын
берген екен. Жасылкөл жайлы аңыз бізге осылай сыр шертеді. Алматы жаққа барсаңыз
міндетті түрде соға кетіңіз. Негізі көл суының түсі өзгеруі тәулік пен ауа райына
байланысты. Көл астынан зүбаржат тас алудан аулақ болыңыз...
2-мәтін
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл, құйрық жүні
ұзын кезде
дәл біздің осы күнгі кейбір жалқау балалар сияқты сидам сирақ жастар өте көп болыпты.
Әдетте жалқаулардың құрғақ уайымға көп салынатын әдеті ғой. Сондай жалқаудың бірі:
– О, Жаратқан ием-ай, жарық дүниеге әдейі әкелген соң дәулеті шалқыған бай етіп жаратсаң
етті! Жалғанды жалпағынан басып шалқып өмір сүретін жасымда ішсем тамаққа, кисем
киімге жарымай жүрген түрім мынау! – деп уайымдапты.
Оның мұңын естіп қалған бір ақсақал:....
9
Сұрақ
: Ақсақал балаға не дейді? Оқиғаны жалғастырыңыз.
– Ей, қарағым, сен несіне қайғырасың? Байлықтың бәрі
өзіңде тұр ғой, – депті.
Ақсақалдың сөзін мені мазақтағаны деп түсінген жігіт:
– Сіз қайдағы байлықты айтып тұрсыз? – деп ашуланыпты.
Ақсақал ештеңе болмағандай сабыр сақтай отырып:
– Шырағым, сен екі көзіңді маған сатшы. Мен саған қалағаныңша алтын, күміс берейін! –
дейді.
Жігіт ашуланып:
– Екі көзден айырылғаннан кейін сіздің алтын, күмісіңіздің керегі не? Ондай байлығың
өзіңе!
Ары қарай он екі мүшесіне біртіндеп саудаласып, сұрай бастаған ақсақалға әбден ашуы
келген жігіт:
– Ат басындай алтын берсеңіз де, ешқайсысын сатпаймын! Өйтіп мүгедек болар жайым жоқ!
– деп кесіп тастапты.
Сонда барып ақсақал:
– Е, ендеше адамның ең қымбат байлығы – денінің саулығы. Сен сияқты төрт мүшесі түгел
адам – бай адам.
Оны ешқандай алтын, күміске айырбастап ала алмайсың! – деген екен.
Достарыңызбен бөлісу: