Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары 1 – нұсқа Дауыссыз дыбыстардың түрлерін көрсет



бет1/4
Дата23.05.2023
өлшемі23,68 Kb.
#177545
  1   2   3   4
Байланысты:
тест (2)
ref -dene-shynyqtyru-zhane-belsendi-qozgalys, Реферат «Дене шыны тыруж не спорта», Айналмалы тоқ және трансформатор, Айналмалы тоқ және трансформатор, 23-сабақ. Д.Исабеков «Әпке» драмасы (1), sabaq-kz attachment mzh.-aza-kinosy-men-dulat-isabekov-pke-dramasy, 3-сабақ. 3 практикалық жұмыс Сұйытылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесу реакциясы. Көмірқышқыл газына сапалық реакция, 11 сабақ Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу, Кибербуллиинф для школьников, БЕС АСЫҚ ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ, Кибербуллинг туралы мұғалімдерге, Сабаққа қатысу парағы, 11-сабақ. ХХ ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебит пен өнердің дамуы

Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары
1 – нұсқа
1. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін көрсет.
А) жуан, жіңішке Ә) қатаң, ұяң, үнді Б) ашық, қысаң
2. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсет
А) Әжем кесте тігуге үйретті. Ә) Әже, кесте тігуге үйретші б) Ертегі оқыды.
3. Ұяң дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді көрсет.
А) сап ә) шелек б) жаза
4. Мәндес сөздерді тап
А) атақты, әсем ә) батыр, ақылды б) бала, сәби
5. Зат есімді сөзді тап
А) жүгіріп келді ә) құстар б) он бес
6. Етістік дегеніміз не?
А) заттың атын білдіретін сөздер ә) заттың түрін, түсін, дәмін білдіретін сөздер
Б) заттың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөздер
7. Берілген сөйлемдердің қайсысында сын есімді сөз бар?
А) Бірінші әріп ауысты. Ә) Үсен үй тапсырмасын жаңа дәптерге орындады.
Б) Асан мектепке сегізде келді.
8. Неліктен? Сұрағына жауап беретін мәтіннің қай түрі?
А) пайымдау ә) сипаттау б) әңгімелеу
9. Бастауыштың сұрақтарын тап.
А) Не істеді? Не қылды? Қайтті? Ә) Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Б) Қандай? Қай?
10. Не істеді? сұрағына жауап беретін мәтіннің қай түрі ?
А) әңгімелеу мәтіні ә) сипаттау мәтіні б) пайымдау мәтіні
11. Сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін сөздер қалай аталады?
А) бірыңғай мүшелер ә) сөйлем мүшелері б) сөз таптары
12. Берілген сөйлемнен бастауышты тап.
Балалар бүгін музейге барады.
А) балалар ә) музейге б) барады
13. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін ата
А) баяндауыш ә) толықтауыш б) бастауыш
14. Баяндауыштың сұрақтары қайсы?
А) кім? не? Ә) не істеді? не қылды? Б) қандай? қай?
15. Тұрлаулы мүше дегеніміз не?
А) зат есім, сан есім, сан есім ә) бастауыш, баяндауыш
Б) жалпы, жалқы есімдер




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет