«Адамзатдамуыныңжаһандықмәселелері.Тілдікжүйежәненорма»бөлімібойыншажиынтықбағалаудыңнәтижесінеқатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі
Оқужетістігідеңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Коммуникативтік
жағдаятқа сай көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтай отырып сөйлейді
Көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін, әдеби тіл нормаларын сақтап, аудиториямен дұрыс байланыс орнатуда, мәселенің шешу жолдарын ұсынуда қиналады.
Көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін, әдеби тіл нормаларын сақтап, аудиториямен дұрыс байланыс орнатуда, мәселенің шешу жолдарын ұсынуда қателеседі.
Көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін, әдеби тіл нормаларын сақтап, аудиториямен дұрыс байланыс орнатады, мәселенің шешу жолдарын ұсынады.
«Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқумақсаты
10.2.4.1 Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе);
Бағалау критерийі
Білімалушы
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады
Клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, дискуссивті эссе жазады
Ойлаудағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындаууақыты
15-20 минут
Тапсырма Берілген екі мәтінді мұқият оқыңыз.
Жылдыңбастығылымижаңалықтары Ғалымдар адам өмірін ұзарту үшін барын салып зерттеу жүргізіп жатыр. Бұл еңбектері нәтижесіз емес. Олар адам ДНК-сын ауыстырудың жолын тапты. Сол арқылы осы уақытқа дейін емі табылмаған көптеген ауруларды емдеуге болады.
Гендік инженерия арқылы адам мүшелері өсірілді.Ғалымдар донорлық мүшелердің жетіспеушілігі енді азаяды деп сендіруде. Себебі америкалық ғалымдар гендік инженерия арқылы адам мүшелерін өсірудің жолын тапты. Калифорния университетінің профессорлары CRISPR технологиясы арқылы шошқаның ішінде адам мүшелерін өсіріп, тәжірибе жасап көрген. Ол үшін шошқаның эмбрионынан ұйқы безіне жауапты ДНК-ны алып, орнына адамның индукцияланған діңгекті жасушаларын салады. Осы арқылы шошқаның ішінде адамның ұйқы безі өсіп шығады деп болжап отыр. Бұндай эмбриондар “химер” деп аталады. Әзірге ғалымдар “химерлерді” тек 28 күнге ғана шошқаның ішінде қалдырып көрді. “Химерді” зерттеген ғалымдар осы жолмен донорлық мүшелерді өсіруге болады деп отыр.
Жасанды тері жасап шығарылды.Жасанды тері – фантастикалық фильм үшін емес, кәдімгі адамның терісін алмастыру үшін ойлап табылған. Ол адам терісінен аумайды, сол сияқты созылмалы, сол сияқты тегіс. Оны әжімдерді азайту үшін косметикалық жолда немесе түрлі тері аурулары кезінде қажет болатын ылғалдандыру үшін қолдануға болады.Гарвард медициналық институты мен Массачусетс технологиялық институты ғалымдары жасанды теріні бірнеше адамның қолына, аяғына, көзінің астына жабыстырып көрді.Тері синтетикалық материалдан жасалғанымен, ауа өткізетін саңылаулары бар. Соның арқасында терінің тыныс алуына кедергі келтірмейді. Әрі қандай ауа райы болса да, түсіп қалмайды.Ғалымдар бұл теріні енді коммерциялық мақсатта пайдаланғалы отыр. Ол үшін тері ауруы бар адамдарға жасанды теріні жабыстырып, сынақ жүргізіп көрмекші.
Омырау ісігін емдеудің жаңа жолы табылды.Британдық ғалымдар 11 күннің ішінде қатерлі ісікті азайтып, кейбір түрін жойып жіберетін 2 препарат тапты. Басында олар рак жасушаларының тасымалына аталған препараттардың қалай әсер ететінін көрмек болып, ота
жасатуға келген әйелдерге енгізіп көрген. Диагноз қойылып, ота жасалатын уақыт аралығында препарат қатерлі ісіктің белгілерін бірін қалдырмастан жойып жіберген. Бұл жаңалыққа ғалымдардың өзі де таң.Бұл препараттар «Lapatinib» және «Trustumazab» деп аталады. Соңғысы Herceptin деген атпен танымал. Олар омырау ісігінің пайда болуына әкелетін HER2 ақуызына әсер етеді.