Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
4.1.3.1* Тыңдалған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер
құрастыру/болжау
4.2.1.1* Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
Ай – Жерге ең жақын орналасқан суық аспан денесі. Ол өзінен жарық шығармайды. Айға күн сәулесі түседі, сондықтан ол жарқырап тұрады. Ай Жерден әлдеқайда кіші.
Ай өте үлкен және жарық, сондықтан ол әрқашан адамдарды қызықтырды. 1969 жылы Айға алғаш рет ғарышкерлер барды. Айда олардың іздері әлі сақталған. Себебі Айда іздерді жоятын жел де, су да жоқ.
Айда өмір сүруге болмайды. Өйткені онда ауа жоқ. Бірақ адамдар болашақта Айға үй салып, өмір сүруді армандайды.