Қазақ тілі сабағында оқушылардың тілін дамьітудың тиімді жолдары



Дата17.06.2018
өлшемі23,74 Kb.
#43212
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЬІТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Искакова К.Б., қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,

№14 мектеп-гимназия, Астана қаласы

Аннотация

ЭФФЕКТИВНЫЕ МЕТОДЫ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ НА УРОКАХ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА

В этой статье говорится об эффективных методах и приемах развития речи на уроках казахского языка и литературы в школах с русским языком обучения


Summary

THE EFFECTIVE METHODS TO DEVELOP IN THE LESSONS OF KAZAKH LANGUAGE

In this article is spoken about effective methods and forms to develop speaking skills in the lessons of Kazakh language and literature at schools with Russian language studying


Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» және «Тіліміздің - мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінің қолданылуындай болып қолданылуы ушін қолдан келгеннің бәрін істеу керек» деген тұжырымдары бар.

Бүгінгі танда білім беру саласындағы негізгі бағыт - «білім берудің мазмұнын орталық білімнен біліктілік мазмұнына қарай (нәтижеге бағдарланған білім беру) өзгерту» болып табылады. Сондай - ақ, тұжырымдамада «білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамассыз ететін: тіл мен әдебиет ... сиякты білім беру салалары арқылы іске асыру» қажеттігі айтылған.

Нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі оқушының дара тұлғалық қабілеттерін дамытумен анықталады.

Дара тұлғаға бағытталған педагогика, өзінің аты айтып тұрғандай, білім беру процесінде оқушыны негізгі тұлға деп қабылдау болып табылады.

«Дара тұлғаға бағытталған білім — ізгілендіру міндетін шешеді; оқу процесінің тиімділігін арттырады; оқушылардың даралық сапаларын дамытады (өз бетінше білім алуға, өзін — өзі тәрбиелеуге, өзін -өзі дамытуға қабілеттері; шығармашылық қабілеттері, алған білімін іс жүзінде қолдана алу, танымдық қызығушылық, еңбекке қарым - қатынасы); оқушының коммуникативтік және әлеуметтік қабілеттерін жетілдіреді; оқушыны таным субъектісі ретінде тануға, оның өзіндік мүмкіндіктерін бағалай алуға, оқушының субъект ретінде тани отырып дара тұлғалық ерекшеліктерін ескеру; оқу әрекетін өз бетінше іске асыру барысында оқушы өзі ізденіп, білім алып, өзін - өзі дамытады; өзгермелі әлеуметтік жағдайға бейімделу үшін алған білімін болашақта сәтімен іске асыру максатында сабаққа деген қызығушылығы оянады» (1) Егер дәстүрлі білім философиясында дара тұлға дамуынын қоғамдық - педагогикалық моделі танымдық қызмет негізінде жасалынса, дара тұлғаға бағыттай білім беру бала танымында көрініс табатын субъектінің бірегейлігіне негізделеді. Міне, осындай білім беру қажеттілігі тұрған кезде мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыру - өмір талабы.

Қазақ тілін ғылым ретінде оқытудың педагогикалық, методикалық ғылыми негіздерін Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов жасап берді. Орыс аудиториясында казак тілін оқытудың методикалық негіздерін Ш.Х. Сарыбаев, Ы. Маманов, С.Жиенбаев, Ә.Жүнісбеков, Ш.Бектұров т.б. жасады. Осы методист - ғалымдардың еңбегіне сүйену керек.

Кез келген тілді оқытуда әдіс - тәсілдерді пайдаланудың маңызы зор. Бүгінгі күні казак тілін оқыту барысында сол әдіс - тәсілдерді одан әрі жетілдіру міндеті тұр. Ол үшін тілге үйретіп, тілді дамытатын әдістердің тиімділігін арттыру керек. Сол тиімділікті арттыру шарттардың бірі- сабақта әр түрлі әдістер мен кұралдарды пайдалану. Бұл үшін әдістеме шеберлік қажет.

Қазір инновациялык технология туралы көп айтылып жүр. Осы «инновациялық технологиялар» деген сөз тіркесінін тарихына үңілетін болсақ, «инновация» - жаңа, жаңалык енгізу, өзгеріс деген мағынаны білдіреді екен. Ағылшын ғалымы А.Роджерс «инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея», - дейді. Олай болса, әр жаңалықтан біз жүйелі міндетіміздің жүзеге асуын күтеміз. Бұл ұғым туралы Қазакстандық ғалым Н.Нұранбетов «инновациялык үрдіс» - деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалыктарды жасау мен меңгеру, таратуға байланысты бір бөлек қызметі», -деп жазады. Ендеше, инновация дегеніміз білім, тәрбие жұмысына жаңалык енгізу, яғни, жаңа әдістемелік, амал-тәсілдерді, кұрал-жабдықтарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған. (2)

Қазақ тілі пәннің негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет - ғұрпын, тарихын танып білуге талпындыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Ал мүның бәрі - оқушылардың интернационалдық, патриоттық рухта тәрбиелеу жұмысымен ұштасып жатыр.

Оқушылардың мемлекеттік тілді үйренуі сөздік қордың байлығы арқылы ғана іске асатындығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан да мен осы жұмысымда тіл дамытудың тиімді жолдарын іздеп, қолдану барысын көрсеттім. Оқушылардың сөздік қоры көбейген сайын бақылау жаттығуын жүргізу, бақылау тест алу , оқушылар көптік, септік, тәуелдік жалғауларын есте сақтап қалу үшін арнайы перфокарталар арқылы тексеріп отыру, грамматикалық тапсырмаларды сызба арқылы беру, оқушылардың шығармашылық жұмыстары тіл дамытуда тиімді әдістердің бірі болып табылады.

Қазақ тілі әдістемесі - тарихи жағынан дамыған , жетілген теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір жүйеге келген ғылым.Орыс тілді оқушыларға қазақ тілін оқытудағы басты мақсат - сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге үйрету, сондықтан да коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрады да, грамматика екінші орында тұрады.Қазақ тілін орыс тілді балаларға игертуде коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрғандықтан, тіл материалдары болсын, оны игеруге негізделген жаттығулар болсын, сондай-ақ тіл дамыту жұмыстары болсын түгелдей қазақша сөйлей білуге, өз ойын айта білуге бағытталуы қажет. Сөйлей білуге машықтандыратын ұтымды жолдарының бірі - жаттығу жұмысы. Жаттығулар - тіл дамыту жаттығулары ыңғайында болуы керек. Жаттығулардың тиімділігі - тіл үйренушілердің сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға пәрменді ыкпал жасайды. Тілді жеке түрінде емес, сөйлем түрінде үйреткен тиімді. Тіл үйренушілердің ана тілін таяныш ете отырып, грамматикалық тақырыптарды меңгерту керек. Өз ана тіліндегі грамматикалық материалды жақсы игерген адам, өзге тілдің грамматикалық материалын салыстыра отырып тез әрі оңай игереді. Грамматикалық тақырыптар бір жүйелік ретпен берілуі керек.

Қазақ тілі мұғалімдерінің мақсаты сөйлей білуге, өз пікірін өзгеге жеткізе білуге , тілдік қорын дамытып, қазақ тілін қатынас құралы ретінде пайдалана білуге үйрету. Ол үшін мына әдістерді пайдалана отырып жұмыс жүргізу керек.



Түсіндіру әдісі - мұғалімнің оқу материалын тиянақты, сапалы түрде жеткізуі, яғни мұғалім түсіндірілетін тақырыпты айқын етіп қойып, дәйекті түрде жеткізеді. Грамматикалық тақырыпты басқа ұлт өкілдеріне түсіндірген кезде орыс тілінде салыстырмалы түрде түсіндірген өз нәтижесін береді.

Сұрақ-жауап әдісі - ауызша сөйлеуге, тіл дамытуға көмектеседі, бұл әдіс, әсіресе, мәтінмен жұмыс жасау кезінде өтілген грамматикалық тақырыптарды бекіту мақсатында қолданылады.

Мәтін бойынша тіл дамыту әдісі - белгілі бір тақырыптағы мәтінмен, мәтінде қолданылатын сөздікпен жұмыс жүргізу барысында, мәтіндегі жаңа сөздерді игеруде оқушы лексикалық қорын байыта отырып, қазақша сөйлеуге, сұхбаттасуға мүмкіншіліктері арта түседі.

Аударма әдісі - екі тілге тән грамматикалык ерекшеліктерді игерту үшін өзара салыстыра отырып қазақ тілін саналы меңгерту үшін аса тиімді әдістің бірі. Аударма әдісі сөйлем құрамындағы сөздердің орын тәртібін, қазақ тіліндегі сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақғардың ерекшеліктерін т.б. меңгерту үшін қолданылады.

Сөздікпен жұмыс істеу әдісі - жаңа сөздерді, сөз тіркестерін аударып немесе мағынасын синоним сөздер арқылы түсіндіріп, сөздердің өзара байланысын түсіндіріп, сөйлем құрып үйрету арқылы түсіндіру.

Демонстрациялау әдісі - материалды сурет, бейне фильм, схема т.б. экрандық құралдар аркылы тез, сапалы түсіндіру.

Қайталау әдісі - өткен тақырыптарды тиянақты есте қалдырудың ұтымды тәсілі. Бұл да жүйелі, үздіксіз қайталау нәтиже береді.

Жаттығу әдісі арқылы қазақ тілі грамматикасынан түсініктеме беріп, оны жаттығу жұмыстары арқылы дәлелдеп, үйренушілерге бірінші орында грамматика емес, сөйлей білуге үйрете алады.

Әңгімелесу әдісі арқылы мұғалім оқушының білімін бақылай отырып, жеке оқушымен де, топтағы оқушымен де, әңгімелесу арқылы да сабаққа қорытынды жасай алады. Басты көңіл бөлетін мәселе - тіл дамыту мен байланыстырып сөйлеуге арнайы мәтіндер беріліп, олардың үйретілетін грамматикалық тақырыптармен байланысы ескерілуі жөн.

Жаттығу материалдары оқушылардың жалпы ой-өрісін, білімін, дүниеге көзқарасын қалыптастыру мақсатын көздеуі керек. Мысалы,мәтінді алып,түсіндіру кезінде сөздерді дұрыс түсініп, пайдалану үшін оқушыларға сөздің негізгі мағынасын білдіру мақсат етілгені жөн. Ең алдымен оқушыға сөздің негізгі мағынасын түсіндіру керек. Қазақ тіліндегі бірқатар сөздердің жеке тұрған күйінде негізгі мағынасының бола алмайтынын аңғартуымыз керек. Сөздің негізгі және тура мағынасын сөйлем ішінде контекстерде тұрғанда ғана ажыратуға болатынын айтуымыз керек. Мысалы: Ананың ақ сүтін ақтау. Істің ақ пен қарасын білу. Мал семірер, ақ пен ас көбейер. Бұл сөйлемдерде "ақ" деген сөздің әр түрлі мағына білдіретінін түсіндіруіміз керек.

Мемлекеттік тіл ретінде окытылатын казак тілі пәнінде тіл дамыту жүмыстарын жетілдіру үшін, ең алдымен, бүл пәнді қатысымдық тұрғыда оқыту керек.. Белгілі әдіскер Ф.Оразбаева казак тілін қатысымдық тұрғыдан оқытудың

- түтастық (оку, жазу, ауызша сөйлеу, тыңдау, қайталау, жауап беру);

- сөйлесімге қатысты басты ережелерді меңгеру;

- грамматикалық заңдылықтарды есте сақтауға, жазуга үйрену;

- сөйлесімнің түрлерін меңгеру;

- ынталандыру;

- сөйлесуге қатысты ішкі күшті пайдалану;

- орта мен жағдайды ескеру принциптерін ұсынады.

Тіл үйренудің тиімділігін арттыруда оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім әрекеттерін қатар ұйымдастырудың маңызы зор. Оқылым бойынша берілген материалдағы әрбір тілдік қатысымдық тұлғалардың мағынасын біле отырып, оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалана білу мүмкіндігіне ерекше мән береді. (3 )

Жазылым бойынша: оқушының айтар ойын басынан аяғына дейін толық жаза білуі; көзқарасын, пікірін қағазға түсіріп жеткізуі; суреттерді, заттарды, кейбір іс-әрекеттерді бейнелеп жазып, қысқаша әңгімелеп бере білуі; естігенін не оқығанын кысқаша жаза білу кажеттігі ескеріледі.

Тыңдалым бойынша: есту арқылы қабылдау және ұғу; мағыналы, маңызды хабарды ұғып алып, есту арқылы қабылдау және ұғу; мағыналы, маңызды хабарды ұғып алып, қажетке жарата білуі көзделеді.

Айтылым бойынша: оқушының сөйлей білуі, айтар ойын жеткізе білуі; екінші адаммен түсінісе білуі; ойын ауызша жеткізіп қана қоймай, оған жауап ала білу мақсаты қойылады.

Тілдесім бойынша: өзара пікірлесудің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсіну және оған жауап қайтара білу; тілдесім арқылы бір-бірінің сезімін, көңіл-күйін, бөлісе алуы тиіс.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі казак тілі сабақтары тек мәтін окумен, оны қазақшаға аударумен шектеліп және орыс тілінде жүргізіліп кету тәжірибесінен үзілді-кесілді аулақ болу мақсатында, тілдік қызметтің бес түрі де: сөйлесім, оқылым, тыңдалым, жазылым, тілдесім ұтымды қолданылып, тілдің қатысымдық жағына басты назар аудару алғы шарт ретінде алынуы керек. Сонымен, қорыта айтқанда, өзге тілді мектептерде оқылатын қазақ тілі сабақтарында коммнуникативтік ұстанымға негізделген оку процесінде баланың сөздік қорын молайту аркылы, өзінің ойын еркін жеткізе білуі, жаза білуі, өзінің көзкарасын дәлелдеп, қорғап шығуы, тілдік қатысымдық тұлғаларды қарым-қатынас барысында пайдалана білуі арқылы оқушыны қалыптастырудағы маңызы зор.



Сонымен тіл дамыту - ой дамыту деген сөз. Тілі жақсы дамыған бала дұрыс ойлап, сол ойын дұрыс жеткізе алады. Тіл дамытуда оқушылардың акыл-ойы, қабылдау формалары төмен болса, онда мұғалім жоғарыдағыдай түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып белгілі нәтижелерге жетуіне болады.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі білім тұжырымдамасы (1)

  2. М.Д. Султангалиева. Сборник Инновационная технология в организации высшего профессионального образования, (доклад). Костанай, 2003 (2)

  3. Қ. Бітібаева, М. Мұқашева. Технология талаптары және әдебиет сабағы (мақала). Қазақ тілі мен әдебиет, 2/2004 (3)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет