ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
биеттер тізіміне бір қарап шыққанда-ақ,
жұмыс тың сапасы туралы алғашқы пікірлері
қалыптасып қояды. Тақырыптың теориялық
жағынан зерттелуін мұқият қарастырған оқу-
шы таптаурын болған пікірлерді қайталау,
ескі көзқарастағы еңбектерге сілтеме жасау,
тақырып бойынша ең басты əдебиетті қал-
дырып кету тəрізді қателіктерді жібер мейді.
Жобада оқушы ғалымдардың пікірлерінен
(талапқа сай рəсімдей отырып) цитаталар
келтіріп, оларға байланысты өзіндік пікір,
тұжырымдарын айқын көрсетіп отырса,
жұмыстың құндылығы арта түседі.
Жұмысты жаза бастаған алғашқы күн-
нен бастап əдебиеттер тізіміне мұқият қарау
қажет. Оқушы библиографиялық көрсет кіш-
термен жұмыс жасағанда, конспект жаса-
ған, оқып шыққан əрбір еңбектің толық
басы лымдық көрсеткіштерін (автор(-лар)ы,
кітаптың, мақаланың аты, журналдың аты,
жылы, нөмірі, цитата алынған беттері, кітап-
тың толық бет саны, томы, баспаның аты т.б.)
жеке блокнотқа жазып алып жүруі керек.
Кейде кітапханадан ксерокөшірмесін алған
материалдың басылым көрсеткіштерін жазып
алуды ұмытып кетіп жатады.
Мысалы, «Ф.Оразбаева Тілдік қатынас»
деп жаза салу аздық етеді, «Оразбаева Ф.Ш.
Тілдік қатынас: Теориясы жəне əдістемесі. –
Алматы: Ы.Алтынсарин ат. ҚБАРБК, 2000.
– 208 б.» деп жазу керек. Жобаны қорғауға
ұсынар алдында, соңғы рəсімдеулер кезінде
ол кемшіліктер алдыдан шығады, материал-
дарды екінші рет ақтарып іздеуге, артық күш
жұмсауға əкеледі.
8. Зерттеу əдіс-тəсілдерін дұрыс меңгермеу.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында жоба-
ның тақырыбына сəкес түрлі зерттеу əдіс-
тəсілдері қолданылуы керек. Бақылау, сипат-
тау, баяндау əдістері зерттеу жұмысының
негізі болғанымен, тек оларды ғана қолдану
жұмыста біржақты, қарабайыр пікірлермен
шектеліп қалуға ұрындырады.
Егер жоба жазушы оқушы өз жұмысында
статистикалық талдау жасау əдісін оңтайлы
қолдана алса, ол оқушының өзіндік тұжы-
рымдарын айқын көрсете алуына көп жағдай
туғызады.
9. Жұмысты жазу барысында тараулар,
тармақтар арасындағы логикалық байла ныс-
тың болмауы.
Бұл типтес қателіктер əдетте жұмыстың
мақсат-міндеттері айқын болмаған кезде жиі
ұшырасады. Содан келіп, жұмыстың өн бой-
ында өріліп тұруы тиіс идеяның айқын көрін-
беуі, жалпы тақырыптың ашылмауы тəрізді
кемшіліктер орын алады.
10. Жазылған жобаны қорғап тұрған оқу-
шының жұмыстың ішінде кездесетін кейбір
терминдерді білмеуі.
Бұл қателік ең алдымен оқушының тақы-
рыпты толық меңгермегендігін көрсетеді.
Сол терминдер кездесетін сөйлемдерді бір
жерлерден көшіріп жазған екенсіз, оның
мағы насын да түсінуге тырысыңыз.
11. Жобаның жазылу тілінде кететін қате-
лер:
- ғылыми стильмен жазылмауы;
- ұғымға ауыр тиетін құрмалас сөйлемдерді,
күрделі фразалық тұтастықтарды жиі қол-
дануы;
- орфографиялық, пунктуациялық қателер-
дің болуы.
Ғылыми стильді жақсы меңгеру үшін
оның анықтамасын оқып шығу жеткіліксіз.
Ғылыми əдебиеттерді көп оқып, біртіндеп
ғылыми мақала, тезис, хабарлама тəрізді ша-
ғын ғылыми жұмыстарды жаза берген сайын,
оқушының ғылыми стилі қалыптаса береді.
Жұмысты жазу барысында бірнеше рет
қайталап оқымаса, өзі де, жетекшісі де түсін-
бейтін, қабылдауға ауыр тиетін күрделі аб-
зацтарды қайта қарап, түсінікті, нақты етіп,
жеңілдету жағын ойластыру қажет.
Əсіресе тіл мен əдебиеттен жазылатын
жұмыстарда орфографиялық, пунктуациялық
қателердің болуы ешқашан кешірілмейді.
Ондай қателерді көп жағдайда компьютерге
жауып жатамыз, адамның өзі болмаса, ол ма-
шина қайдан қате жіберсін? Сондықтан, жо-
баны жазып, теріп болғаннан кейін бірнеше
рет тексеріп, қателерін мұқият қарап шығу
қажет.
Ғылыми жобаларды сауатты орындатып,
толық аяқтап жазып шығару үшін ең алды-
мен қазақ тілі мұғалімінің өзінен ғылыми-
189
Білім берудің қазіргі əдістемелері мен технологиялары – Современные методики и технологии обучения
зерттеушілік құзыреттілігі талап етіледі.
Өзі де ғылыммен шұғылданатын, ғылыми-
теориялық базасын үнемі толықтырып оты-
ратын ұстаз ғана ғылыми жобаны талапқа
сай етіп орындата алады. Қазақ тілін ғылыми
тұрғыдан терең меңгертіп, рухани құндылыққа
айналдыру оқу үдерісінің бас ты мəні мен
мақсатына айналған кезде, оқу шылардың
зерттеушілік құзыреттілігіне қол жеткізіледі.
Оқушының қазақ тілі сабағында ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізу ар қылы таным
көгжиегінің кеңеюі, мол ақпа раттар ағымының
ішінен өзіне керекті, ма ңызды, қажетті деген
ақпаратты таңдап алу, оны өңдеу, керегіне
жаратып, пайдалану мүм кіндігінің артуы,
жинақтаған білімі мен қалып тастырған білік,
дағдысын ғылыми-зерттеу əрекетінде қолдана
білуі оның жаңа əлемдегі жаңа Қазақстанның
лайықты азаматы ретінде қалыптасып келе
жатқандығының көрінісі бола алады.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Құсайынов А. Білім жүйесін рефор-
малаудағы жаңа буын оқулықтары // Қазақ
тілі мен əдебиеті. − №2. 2003. − 7-13 б.
2 Абай шығармаларының екі томдық толық
жинағы. І том. Өлеңдер мен аудармалар. − Ал-
маты, Жазушы. 1986. − 304 б.
3 Мектеп оқушыларының ғылыми жоба-
ларының республикалық жарыстарына қаты-
су шыларға арналған ақпарат // ssn.kz/images/
news/treb_kaz. doc
4 Жарыстарға ұсынылатын ғылыми жоба
мен оларды рəсімдеуге қойылатын талаптар
// bylym-shyely.narod.ru/bake_portfolio/OGK/
Gilimi_ereje. ppt
5 Битуова Т.Р., Құлахметова А.Т., Искако-
ва А.Е. Ғылыми жобаны əзірлеу жəне қорғау
бойынша əдістемелік құрал. – Астана: Дарын,
2011. – 68 б.
6 Бітібаева Қ.О. Оқушыларды ғылыми-
зерттеу жұмысына баулу жолдары. – Мұға-
лімдерге арналған əдістемелік нұсқау. – Ал-
маты: Дəуір-Кітап, 2012. – 124 б.
М.Т. САТИЕВА, Ш.Н. ДҮРМЕКБАЕВА, А.Г. КАЗМАГАМБЕТОВ
Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Биология жəне оқыту əдістемесі кафедрасы
satievam@mail.ru;
biologia_imp@mail.ru
Көкшетау қ., Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |