Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану. 1 слайд. Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады слайд



Дата17.06.2018
өлшемі24,6 Kb.
#43241
Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану.

1 слайд. Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады.

2. слайд. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі - жаңа тарихи - әлеуметтік жағдайдың талабы.

Сондықтан өз білімін жетілдірудің тақырбын



3 слайд. «Қазақ тілі сабағында оқушылардың ақпараттық құзыретін дамыту» деп таңдадым.
4 слайд: Мақсаты: : ақпараттық технологияларды оқу процесіне енгізу арқылы қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту.

Міндеттері: білім беруде ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу;

-бұл технологияларды білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу бойынша іс-тәжірибе жинақтау;

-жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;

-оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.


5 слайд: Қазіргі заманның мұғалiмі – ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы, фасилитатор болуы тиіс.

Жақсы нәтижеге жетемін деген мұғалім алдымен өз жұмысында белгілі қағидаларға сүйенеді:

- бiлiмдер мен мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi;

- теория мен практиканың байланысы;

- бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;

- ғылымилық;

- оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы (интенсификация).
6 слайд: Мектепте балалардың ақпараттық құзыретін дамыту үшін, мұғалім ақпараттық орта құру тиіс. Яғни мен өз жұмысымда компьютер, электрондық оқулықтар, мультимедиялық құралдар, интерактивті тақта және интернет желісін қолданамын.
7 слайд: Ақпараттық технологиялармен жұмыс жоспарым үш кезеңдерден тұрады:

1 кезең: Қызметтік – ізденіс

2 кезең: Жүйелік-шығармашылық

3 кезең: Тәжірибе алмасу Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу құралын жасап шығару.



8 слайд: Ақпараттық технологиялар әртүрлі, олардың бәрін сабақта қолдану мүмкін емес, сондықтан мен өзіме бұл технологияны іске асыру құралдарын таңдап алдым.

1. компьютерлiк үйрету бағдарламалары

2. электрондық оқу құралдары

3. компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау бағдарламалары

4. электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар

5. аудио видеоматериалдар

6. интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар
9 слайд: 1.Қазіргі кезде сабақта әдістемелік мақсатқа қарай келесі бағдарламаларды қолдануға болады:


  1. Тренажер – бағдарламалар;

  2. Бақылаушы - бағдарламалар;

  3. Тәлімгерлік бағдарламалар;

  4. Көрнекіліктер бағдарламалары;

  5. Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар

Тренажер – бағдарламалар оқушының білімін, білік-дағдысын бекітуге, пысықтауға арналған.

Бақылаушы - бағдарламалар білім беру үрдісінің сапасын жоғарлатып, оқытушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін жоғарлатады. (бағалау)

Тәлімгерлік бағдарламалар - оқушылардың жауабын өндейтін бағдарламалар.

Көрнекілік - бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы ретінде қолдана отырып оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен таныстыруға болады.

Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар керекті ақпаратты алуға арналған. Оқушы компьютер арқылы кез келген ақпарат қорынан керек ақпаратын жинай алады.
10 слайд: 2.Электондық оқулықтар:

Мен мектепте келесі электрондық оқулықтарды қолданамын:

Merits, (орта буын сыныптарына)

“Қазақша үйренейік” (орта деңгейлі оқушылар үшін),

Тілашар (5-9 орта буын сыныптарына)

”Руханият” (бастауыш буын үшін)


11 слайд: 3 компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау.

Оқушыларды тестілеуге дайындау үшін «Тестер» бағадрламасын қолданамын. Оны екі жолмен қолдануға болады, сабақ кезінде және онлайн тестілеуді үй тапсырмасы ретінде беруге.

Үйге берген уақытта балаға нақты тапсырма беріледі. Ол үшін мен сайтқа сілтеме беріп, нақты мақсат қоямын. Шешкен нұсқадан лексикалық сұрақтарды, мақал-мәтелдерді, синоним, антоним, омонимдерді көшіріп жазу. Бала әр ережеге неше сұрақ түскенін санап келеді.
12 слайд: 4. электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар

Бұл жерде баланың дайын материалдың ішінен керектісін таба білуі. Сөздікпен пайдалану.



Сілтеме Аудио: Видео:

5. аудио видеоматериалдар

Әрбір мұғалім өз жұмысында түрлі аудио видео материалдарды қолданады. Мен өз сабағымда мазмұндама жазуда сөжеттік аудио материалдарды қолданамын. Видео материалдарды сабақтың әр түрлі кезеңдерінде қолдана беремін. Мысалы: хронологиялық кесте жасағанда, немесе рөлдік ситуация жасағанда. Балалар видеоны қарап өздері диалог құрастырады т.б жұмыс жасайды.


13 слайд: 6. Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар

Баланы қазақ сайтарынан материал іздеуге үйрету. Ол үшін балаға нақты талап қоя білу керек. Мысалы: Денсаулықты сақтау жолдарын анықтап, тезис жасап келу. Бала материалдың нақты және қысқа болуын түсінеді. Және сол материалды қорғауға 2 минут берілетінін ескерту керек. Сондықтан ол көптеген сайттардан сұрыптап ең негізгі 5-6 сөйлем тауып, тезис құрастырады.



14 слайд: Өткен жылдан бастап өз жұмысымда қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана бастадым.

Жұмыс барысында мен бұл технологияның басқа технологиялардан артықшылығына көз жеткіздім:

- кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;

- кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;

-оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;

-білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.

Бұл технологияны өз жұмысымда екі жолмен іске асырамын:

1.Желілік технология арқылы.

2.Кейстік технология арқылы.

15 слайд. Дарынды балалармен жұмыс жасағанда көп уақыт кететіндігі рас. Баланың қабілеттерін дамыту керек ол –сөзсіз, ал уақыт тығыз. Сондықтан мен Скайп және Майл ру агент бағдарламаларының көмегімен баламен қашықтықта байланыс орнатып оқытамын. Бұл - желілік технология. Бейнекамера арқылы баланы көремін, микрофон арқылы сөйлесеміз, ал тапсырмаларды бірі бірімізге сілтеме арқылы жіберіп отырамыз. Егер бірнеше баланы қоссып байланыс құрса, телеконференция болып шығады. Және бұл жұмыс түрі үйде оқып отырған балалар үшін тиімді.

Кейстік –технология –балалардың жасаған жұмыстарын файл ретінде электрондық поштаға қабылдау.


16 слайд: Ақпараттық технологияларды қолдануда оқушы мен мұғалім арасында достық қатынас пайда болады. Мұғалім – фсилитатор, яғни –Ұйымдастырушы, Саралаушы, Кеңесші, Өндеуші, ал бала- Білім қорын жинаушы, Өз бетімен әрекеттенуші.

17 слайд: Ал егер бала өз бетімен ақпараттық технологияны қолдана алса және көп материалдың ішінен өміріне қажеттісін таңдай алса- бұл ақпараттық құзыреттін болуы. Яғни, менің негізгі мақсатым баланың ақпараттық құзыретін дамыту.

18 слайд: Осындай жұмыстын нәтижесінде мен балаларды жоба жасауға үйретемін. Қашықтықтан оқыту арқылы бір топ балалармен бірнеше жоба жасап, жүлделі орындарға ие болдық.

Облыстық ғылыми жоба сайысында 2 орын, тестілеуден 1 орын алған 9 сынып оқушылары Хасанова Айгерим мен Чериязданова Айжан Рудный қаласынан ұсынылған 37 жобаның ішінде облыс атынан республикалық конференцияға барып келді, номинация иеленіп медаль әкелген.



19 слайд: Жоба жасаудың тағы бір түрі бұл- мультимедиялық жоба жасау. Бұл жерде бала әртүрлі бағдарламаларда жұмыс жасауға үйренеді. Фильмдерді кесіп үстіне музыка салу және түрлі суреттерді қосу, кейін бұның бәрінің үстіне қазақша аудио қосу.

Осындай жұмыстың нәтижесі «Қаһарман қызы қазақтың...» атты мультимедиялық жоба. Қала бойынша 9 сынып оқушысы Иванов Артем гран-при алды.



20 слайд: Жалпы айтқанда интернет желісіндегі мүмкіндіктерді өз жұмысымда қолдану туралы әріптестеріммен тәжірибе алмасамын

Тәжірибе алмасу формалары: публикациялар, баяндамалар, әдістемелік диагностикалар, электрондық презентациялар, әдістемелік есептер, жұмыс тәжірибесін жинақтау, шығармашылық сайыстар, педагогикалық шеберлік сайыстары.



21 слайд: Егер мұғалім ақпараттық технологияларды пайдаланым, тиімді әдістер мен формаларды таңдаса, онда оның жұмысы нәтижелі болады.

10 мектеп-гиназияда 2 жыл жұмыс істегелі қазақ тілін оқыту сапасы 5 сыныпта орташа айтқанда 7 % өсті, а МАБ 58% -дан 100% дейін өсті.



22 слайд: 4 жыл ішінде ең жақсы нәтиже көрсеткен балалар.

23 слайд: Қалалық білім бөлімі, қалалық мәдениет бөлімінің және мектеп директорының алғыс хаттары.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет