Қиысу – сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктелу ретімен бастауыштық және баяндауыштық қатынаста жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі. Мысалы, Мен оқимын (І ж.), сен оқисың (ІІ ж.), олар келеді (ІІІ ж.), біз дайындаламыз (І ж.).
Матасу – сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Мысалы, Алматтың үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым, т.б.
Меңгеру – сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі. Мысалы, балаға мейірімді, үзілісті күту, тауда жолығу, мектептен келу, еңбекпен табу, т.б.
Қабысу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелес байланысқан түрі. Мысалы, кең бөлме, орындалған арман, тоғызыншы сынып, үйдегі қызық оқиға, т.б.
Жанасу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелес тұрып байланысуы. Мысалы, телефон арқылы сөйлесу, үйге дейін бару, әдейі келу.
Сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен қарым-қатынасқа түскенде, бір жағынан, сол тіркеске тән лексика-грамматикалық мағына да пайда болады. Сөз тіркесіндегі грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің арасындағы үш қатынастан пайда болады. Олар: анықтауыштық қатынас, толықтауыштық қатынас және пысықтауыштық қатынас.
1. Анықтауыштық қатынас матаса, қабыса байланысқан есімді тіркестерге тән. Бесінші сынып, алтын сақина, менің інім, біздің қала, орындалған арман. Анықтауыштық қатынас басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қандай? қай? кімнің? ненің? қандай? қанша? неше? нешінші? деген сұраулар қою арқылы анықталады.
Анықтауыштық қатынастағы лексика-грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің лексикалық ерекшеліктеріне сәйкес даралық, нақтылық сипат алады. Матасу байланысындағы сөз тіркесі мынадай лексика-грамматикалық мағыналарға ие. Менің киімім – затқа меншіктілік, Тілектің әпкесі – туыстық, үйдің терезесі – бүтіннің бөлшекке қатынасы.
Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің беретін лексика-грамматикалық мағыналары: салқын жел – табиғи күй, ақ қар, көк шөп, қызыл гүл – заттың түсі, тәтті тамақ, ащы сорпа – тамақтың дәмі.
Бұл тіркестегі сөздердің бәрі сын есім болып, заттың әртүрлі сынын білдіруі олардың грамматикалық мағынасы болса, әр сөздің өзіне тән мағынасы лексикалық мағына болады. Сол лексикалық мағыналары арқылы бағыныңқы сөз басыңқы сөздің белгілерін, қасиеттерін даралайды, нақты сипат береді.
2. Толықтауыштық қатынас меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркестерге тән. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрау қою арқылы анықталады, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың тура я жанама объектісін, я сол объектіге қатысын білдіріп тұрады. Мысалы, тазалықты сүю, ойларын білдіру, жиналысты басқару, сөзге жауап қату.
3. Пысықтауыштық қатынас меңгеру, қабысу және жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән. Сұрақтары: қайда? қайдан? қашан? қайтіп? қалай? не мақсатпен? не үшін?
Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері мынадай лексика-грамматикалық мағынада жұмсалады: істің мезгілі, мекені, қимыл-сыны, мақсаты, себебі. Мысалы, оқу үшін келді, әдейі барды, жалтақтап қарау, биыл ашылмақшы, жалп етіп құлау.
Синтаксистік қатынастың түрлері
|
Байланысу түрлері
|
Сұрақтары
|
Мысалдар
|
Анықтауыштық қатынас
|
Матасу,
қабысу
|
Кімнің? Ненің?
Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші?
|
Адамның өмірі, екінші мамандық, уылжыған жүзім, шеткі үй.
|
Толықтауыштық қатынас
|
Меңгеру
|
Кімге? Неге?
Кімді? Нені?
Кімде? Неде?
Кімнен? Неден?
Кіммен? Немен?
|
Балаға мейірімді, жұмысты жандандыру, үзілісті күту, адамды сыйлау, ата-анасымен ақылдасу.
|
Пысықтауыштық қатынас
|
Меңгеру, қабысу,
жанасу
|
Қашан? Қайдан? Қайда? Қалай? Не үшін? Не себепті? Не мақсатпен?
|
Кештете келді, бүгін келді, былтыр ғана жеңіп ем, қасақана кешікті, оқу үшін келді, т.б.
|
30. Сөйлем дегеніміз – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе сөз тіркестері құрайды.
Сөйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері болу керек.
Сөйлем құрамына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Жай сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та біреу болып, тиянақталған бір ғана ойды білдіреді. Мысалы, Тілек пен Әлішер аулада ойнап жүр. Ал құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. Мысалы, Күз айы басталып, жер бетін сары ала жапырақ жапты. Сөйлем интонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болып төртке бөлінеді.
Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.
Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады; 2) белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ); 3) айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді; 4) хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді; 5) хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады.
Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады; 2) сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады; 3) сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады; 4) сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты болып бөлінеді.
Негізгі сұрақты сұраулы сөйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты сөйлем. Мысалы: Бізбен бірге саяхатқа барасың ба? Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесің? Балаңыз мектепті қашан бітірген? Бұл сөзбен не айтпақсыз?
Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.
Жетек сұрақты сұраулы сөйлем – негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сөйлем. Мысалы,
– Іссапарға кімдер барады?
– Жас қызметкерлер барады.
– Біздер ше?
Жетек сұрақты сөйлем толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.
Анықтауыш сұрақты сөйлем – екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты сөйлем. Мысалы,
– Бұл ойды кім айтты?
– Тілек айтты.
– Тілек?
– Иә, Тілек.
Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп аталады.
Лепті сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т.б. 2) лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы, Көзі мұндай өткір болар ма!
2) сөйлем -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы, Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!
3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы, Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!
4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.
Бұйрықты сөйлемге тән негізгі белгілер:
1) біреуге бұйыру, талап ету мақсатында айтылады; 2) бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады; 3) бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады;
4) бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ
|
|
ХАБАРЛЫ
СӨЙЛЕМ
|
СҰРАУЛЫ
СӨЙЛЕМ
|
ЛЕПТІ
СӨЙЛЕМ
|
БҰЙРЫҚТЫ
СӨЙЛЕМ
|
Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып тұрады.
|
«Есіл тасып барады» деген әнді естіп пе едің?
|
Шіркін, қарақат, тәтті де сұлу жеміс қой!
|
Атаның баласы болма, адамның баласы бол.
|
31. Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы сөз болу керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек; 3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беру керек. Мысалы, Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? – заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.
Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады. Мысалы, Аман жиналғандармен қысқа амандасты. Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.
Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады. Мысалы, Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді. Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш, Алтын Жұлдыз медалімен – күрделі толықтауыш, марапатталған еді – күрделі баяндауыш.
Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Мысалы, Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады.
Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі бастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?
Бастауыш баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады. Мысалы, Сен оқыдың, білім алдың, ұстаз көрдің
(ІІ жақ, жекеше). Біз надан өстік (І жақ, көпше).
Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі
Құрылысына
қарай бөлінуі
|
Мысалдар
|
Дара бастауыш
|
Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды.
|
Күрделі бастауыш
|
Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық қасиет.
|
Үйірлі бастауыш
|
Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын.
Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы.
|
Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі
Сөз табы
|
Мысалдар
|
Зат есім
|
Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?) оралмады.
|
Сын есім
|
Үлкендер (кімдер?) төрге, кішілер (кімдер?) есік жаққа жайғасты.
|
Сан есім
|
Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса, төбедегі келеді.
|
Есімдік
|
Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып қалды.
|
Есімше тұлғалы етістік
|
Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?) қалар ұятқа.
|
Тұйық етістік
|
Сыпайы сөйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі.
|
Одағай
|
Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті.
|
Үстеу
|
Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.
|
Еліктеу сөз
|
Дабыр-дүбір (не?) жақыннан естіле бастады.
|
Баяндауыш
Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше баяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді.
Баяндауыштың негізгі белгілері: 1) бастауыштың жай-күйін білдіреді;
2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады; 3) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; 4) сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұрады; 5) қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.
Баяндауыш дара, күрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді.
Дара баяндауыш бір сөзден жасалады. Бұл сөзге бәрі жамырай күлді. Дәмеш осы үйдің үлкені. Жолаушылар саны – отыздай.
Күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп сөзден тұрады. Бұл сөзге бәрі жамырай күліп жіберді. Дәмеш осы үйдің үлкені еді.
Үйірлі баяндауыш Тілек бұл сөзге онша таңғалған жоқ. Оның бар мақсаты – тезірек ер жету.
Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі
Құрылысына
қарай бөлінуі
|
Мысалдар
|
Дара
|
Басты байлық – денсаулық. Саябақ – демалыс орны.
|
Күрделі
|
Әр ата-ана өз баласынан үміт күтеді.
|
Үйірлі
|
Бұл дүниенің бақыты – мұратқа қол жеткізу.
|
Баяндауыш негізінен етістіктен болады. Көп кешікпей күннің көзін қалың бұлт бүркей бастады.
Баяндауыш зат есімнен де болады. Машинадан түскеннің бірі – қарт майдангер Қуандық қария.
Баяндауыш сын есімнен де болады. Күз аспаны бұлыңғыр, бұлтты.
Баяндауыш сан есімнен де болады. Бұл үйдегі адам саны – жетеу.
Баяндауыш есімдіктен де болады. Жамал апайдың жастарға айтпағы – осы.
Баяндауыш болатын сөз таптарының кестесі
Сөз табы
|
Мысалдар
|
Етістіктер
|
Төреқұлдың әңгімесін бәрі ұйып тыңдады.
|
Сын есімдер
|
Бұл үйдің балалары бір-бірімен өте тату.
|
Зат есімдер
|
Бүгінгі жастар – бақытты жастар.
|
Сан есімдер
|
Төрт жерде төрт – он алты.
|
Есімдіктер
|
Мәдениет сарайы – анау.
|
Көмекші етістік пен еліктеу сөз
|
Кенет әлдене тарс етті. Қуанғаннан жүзі күлмің-күлмің етеді.
|
Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына және интонация арқылы байланысуына қарай бастауыштан кейін төмендегі жағдайда сызықша қойылады.
1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Күреңтөбел мен Көкдауыл – аулымыздың аруағы.
2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – әр баланың міндеті.
3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Балалардың ортаншысы – Ақшолпан. Алты – жұп сан. Жорға Жұмабайдың мінгені – Құанабайдың торы аты.
4. Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Еңбек ету – басты парыз. Әр баланың міндеті – ата-анасын құрметтеу.
5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Үш жерде үш – тоғыз. Алты жерде алты – отыз алты.
6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышынан ажырату үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – адамның ерекше қабілетін танытады. Көрмес – түйені де көрмес.
7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін сызықша қойылады. Жүз – жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма – беске бөлінеді.
Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышты анықтап, толықтырып, пысықтап тұрады. Тұрлаусыз мүшелерге толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш жатады.
Толықтауыш – тұрлаусыз мүшелердің бірі. Ол – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалады.
Сөйлемдегі амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз сөйлем мүшесі толықтауыш деп аталады.
Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері: 1) атау мен іліктен басқа барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгеріп тұрады; 2) толық мағыналы сөздер туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірінің тіркесуінен жасалады; 3) толықтауыш болатын сөз заттық мағынаға ие болады; 4) толықтауыш болатын сөз Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде? Кім жайында? деген сұрақтарға жауап береді; 4) толықтауыштың байланысу түрі – меңгеру мен жанасу.
Толықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара толықтауыш; 2) күрделі толықтауыш; 3) үйірлі толықтауыш.
Бір сөзден болған толықтауыш дара толықтауыш деп аталады. Мысалы, Абай Ерболмен (кіммен?) ұзақ ақылдасты.
Күрделі сөздерден болған толықтауыш күрделі толықтауыш деп аталады. Күрделі толықтауыш төмендегідей жолдар арқылы жасалады:
1. Күрделі зат есімнен: Ата-анасын (кімді?) сыйлаған адам қор болмайды. Күрделі сын есімнен: Марат күрең қасқамен (немен?) ойқастай жүрді. Күрделі сан есімнен: Жүз – жиырма төртке (неге?) қалдықсыз бөлінбейді.
2. Негізгі сөз бен көмекші есім немесе көмекші етістік арқылы: Үй ішіне (кімдерге?) сырттағы дауыс қатты естілді. Абай биік мансаптың биік жартас екенін (нені?) айтқан.
3. Туралы, жөнінде, жайында шылауларының қатысуы арқылы: Абай Әбдірахманның болашақ жоспары туралы (не туралы?) сұрап-білді.
Үйірлі мүшеден болған толықтауыш үйірлі толықтауыш деп аталады. Мысалы, Көкірегі ашық, білімі тереңге (кімге?) өмірде қиындық кездеспейді. Қайсардың үйі аң терісі дегенге (неге?) толып тұр.
Мазмұны мен тұлғасы жағынан толықтауыш екі түрлі болады: 1) тура толықтауыш; 2) жанама толықтауыш.
Тура толықтауыш табыс септігінің жалғауын жалғап, сабақты етістікпен байланысты болып, тура объектіні білдіріп тұрады. Ол ауыл шаруашылығы академиясын (нені?) бітірген еді.
Жанама толықтауыш табыс септігінен басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының бірін жалғап, салт етістікке қатысты болып, жанама объектіні білдіреді. Терезеден (неден?) ай сәулесі дірілдей түсіп тұр. Абай Ерболға (кімге?) Әйгеріммен (кіммен?) ашық сөйлесуді тапсырды.
Тұрлаусыз мүшенің екінші түрі – анықтауыш. Сөйлемде зат есімнен не заттық ұғымда жұмсалған басқа сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп аталады. Анықтауыш Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Күрең (қандай?) ат еш нәрседен үрікпей сұлу (қандай?) жүрісімен сылаң қағып келеді. Екінші (нешінші?) соққыдан есін жинай алмай қалды. Қалиқа – Ұлжанның (кімнің?) ауылдан ертіп келген серігі. Шеткі (қай?) үйден көңілді (қандай?) әуен естіліп жатты. Тілек сегізінші (нешінші?) сыныпта оқиды. Анықтауыш өзі анықтайтын мүшемен қабыса және матаса байланысады. Мысалы, күрең ат, сұлу жүріспен, Ұлжанның серігі, шеткі үй, сегізінші сынып, т.б.
Анықтауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1) дара анықтауыш; 2) күрделі анықтауыш; 3) үйірлі анықтауыш.
Дара анықтауыш бір сөзден құралады. Мысалы, Елімізде орманды жерлер көп кездеседі.
Күрделі анықтауыш екі немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы,
Ұлпан Керей еліндегі Байтүменов Бекбердінің қызы екен.
Өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа жіктелетін немесе сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталатын анықтауыш үйірлі анықтауыш деп аталады. Жаны сұлудың (кімнің?) тәні сұлу. Қабілеті бар (қандай?) оқушы мақсатына жетеді. Қапырық ауаға тұншыққан (қай?) жолаушылар қалың талдың көлеңкесіне келіп саялады.
Анықтауыш болатын сөз таптарының кестесі
Анықтауыш болатын
сөз таптары
|
Мысалдар
|
Сын есімдер
|
Қарақат – тәтті де сұлу жеміс. Тоғайда кәрі үйеңкі, торы тобылғы өседі.
|
Зат есімдер
|
Тоғайдың күміс қабықты қайыңы мен мыс қабықты мойылы ерекше көз тартады.
|
Сан есімдер
|
Қазақстан жерінде тарихта қалған жеті керемет бар.
|
Есімдіктер
|
Бұл кітап адамды ізгілікке, парасаттылыққа тәрбиелейді.
|
Есімшелер
|
Алабұртқан көңілі әлденеге елеңдей берді.
|
Ілік септікте тұрған есім сөздер
|
Мойылдың дәмі таңдайыңнан кетпейді.
|
Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Не үшін?
Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1) іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, мөлшер, себеп, сын-қимыл жағынан пысықтап тұрады; 2) Қашан? Қайда? Қалай? Қайтіп? Неге? Не үшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап береді; 3) байланысу түрлері: қабысу, меңгеру, жанасу.
Пысықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара пысықтауыш;
2) күрделі пысықтауыш; 3) үйірлі пысықтауыш.
Пысықтауыштың құрамына қарай түрлерінің кестесі
Пысықтауыштың түрлері
|
Мысалдар
|
Дара пысықтауыш
|
Алыстан бірнеше салт атты көрінді.
|
Күрделі пысықтауыш
|
Тілек досына көмектесу үшін ерте келді.
|
Үйірлі пысықтауыш
|
Ит жоқта қораға шошқа үреді.
|
Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді: 1) мезгіл пысықтауыш; 2) мекен пысықтауыш; 3) мақсат пысықтауыш; 4) амал пысықтауыш; 5) себеп пысықтауыш; 6) мөлшер пысықтауыш.
Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің кестесі:
Пысықтауыштың мағыналық түрлері
|
Сұрақтары
|
Мысалдар
|
Мезгіл пысықтауыш
|
Қашан? Қай кезде?
Қай уақытта?
|
Жолаушылар кешке қарай аттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді.
|
Мекен пысықтауыш
|
Қайда?
Қай жерде? Қай
жақта? Қайдан?
|
Оқушылар қала сыртына демалуға бармақшы. Ата-анасы жайлауға көшкелі жатыр. Жоғарыдан бір топ аттылы төменге қарай түсіп келеді.
|
Мақсат пысықтауыш
|
Кім үшін?
Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен?
|
Кітапханадан кітап алғалы келді. Айдос жорта білмегенсіп отырды.
|
Амал пысықтауыш
|
Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?
|
Әйгерім бұл сөзге жымиып күлді. Жас әнші бұлбұлша сайрады. Бала үлкендерше сөйлеп отыр.
|
Себеп пысықтауыш
|
Неліктен?
Не себепті?
|
Жұмысты бітірмегендіктен уақытында тапсыра алмады. Олар шаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді.
|
Мөлшер пысықтауыш
|
Қанша? Қалай?
|
Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппай орындады.
|
32. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.
Бірыңғай бастауыш: Жаз келер, қыстыгүні қысым етіп, Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп (Шәкәрім). Бірыңғай баяндауыш: Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім, Жөнім жоқ сені мақтай сөйлемеске (Жамбыл). Бірыңғай толықтауыш: Бай бейілін, мейірін, Сән, салтанат сейілін, Ақыл күшін, зейінін, Ең ақыры, төбетін, Күймен, жырмен мадақтап, Бәйіт қылып беретін (Жамбыл). Бірыңғай анықтауыш: Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың Алданбайсың артынан ерте берсең (Шәкәрім). Бірыңғай пысықтауыш: Ол мойнын бұрып жан-жағына қарады да, түйенің табанындай аяқ-қолдарын асықпай, табандықта сермеп жүзіп жүре берді (Б. Момышұлы). Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Негізінен, мұндай реттерде ыңғайлас жалғаулықтар, қарсылықты жалғаулықтар және талғаулы жалғаулықтар қатынасады: Арбада, дөңгелектер де, адамдар да, олардың ойлары да қызғылт шаңның ішінде (М. Жұмабаев); Бірыңғай мүшелерідің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Ондай қызметті есімдіктер, сияқты, тәрізді сөздер, сондай-ақ сан есімдер де атқарады: Арқаға аяқ салып түскен барып Екі оттың — орыс, қытай арасына (М. Жұмабаев
33. Тест
1. “Терең”сөзінің ауыспалы мағынасын табыңыз.
A) Терең білім.
B) Терең су.
C) Терең өзен.
D) Терең көл.
E) Терең құдық.
2. Езулік дауыстылар қатарын толықтырыңыз:А, ә, е, э, ы, і, ...
A) Ө.
B) Ү.
C) О.
D) У.
E) И.
3. Соңы үнді дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.
A) Міндет.
B) Қозы.
C) Ағаң.
D) Көрпеш.
E) Кенесары.
4. Сөздің ең алғашқы мағыналық бөлшегін қалай атайтынын көрсетіңіз.
A) Күрделі сөз.
B) Қосарлама сөз.
C) Біріккен сөз.
D) Туынды сөз.
E) Түбір сөз.
5. Күрделі зат есімді табыңыз.
A) Жұмысшы.
B) Оқулық.
C) Асхана.
D) Өнеркәсіп.
E) Басшы.
6. Сан есімге қандай тыныс белгісі керек, анықтаңыз.
Қапты 2 ден көтеріңдер.
A) Үтір.
B) Дефис.
C) Қос нүкте.
D) Нүкте.
E) Тире.
7. Заттың өзін де, белгісін де, санын да білдірмейтін, есім сөздер орнына жұмсалатын сөз табын көрсетіңіз.
A) Етістік.
B) Сын есім.
C) Зат есім.
D) Есімдік.
E) Сан есім.
8. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
A) Барған.
B) Барды.
C) Бар.
D) Бармақ.
E) Барар.
9. Сөйлемде неше еліктеу сөз барын белгілеңіз.
Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.
A) 3.
B) 2.
C) 4.
D) 1.
E) 5.
10. Омоним бола алмайтын сөзді белгілеңіз.
A) Терезе.
B) Өлең.
C) Табыс.
D) Отау.
E) Орыс.
11. Сөз арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.
A) Жүз сом.
B) Салт-сана.
C) Қара торы.
D) Қол орақ.
E) Тоғай іші.
12. Салыстырмалы шырайды табыңыз.
A) Сарғылт.
B) Аса көп.
C) Сап-сары.
D) Өте сары.
E) Сары.
13. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
A) Тез келді.
B) Амалсыздан көнді.
C) Дереу жетті.
D) Етпетінен жығылды.
E) Жорта сөйледі.
14. Септеулік шылауды көрсетіңіз.
A) Шынар-ай, ойымды дөп бастың, сәулем.
B) Егер жолым болып кетсе, бәріңе жақсылық болады.
C) Жұмыстан бұрын сенімен кездесу қиын боп кетті.
D) Я ұл, я қыз болсын, ұрпақ болса болғаны.
E) Көкірегі ашуға толып тұр, бірақ оны сыртқа шығармады.
15. Жанаса байланысқан пысықтауыштық қатынасты табыңыз.
A) Мәдимен кездесу.
B) Мейірімді бала.
C) Ақсақ құлан.
D) Үздік оқу.
E) Жолдассыз адам.
16. Тура толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Тек жүрсең, тоқ жүресің.
B) Өтірікші өзін алдайды.
C) Оқусыз білім жоқ.
D) Әдеттің жөні-әдет.
E) Қар жауды.
17. Аралас құрмалас сөйлемнің арасына үтір мен сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Егер мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылды, менің жалданғым да келді, - оған Баймағамбет болмады.
A) Бірыңғай мүшеге.
B) Қарама-қарсылық мәні болғандықтан.
C) Күрделі сөз тіркестерінің арасына.
D) Қалған сөйлемге басыңқы сыңар ұйытқы болғандықтан.
E) Себеп мәнді мағыналы болғандықтан.
18. «Біріншіден, екіншіден» деген қыстырма сөздердің мағынасын анықтаңыз.
A) Көңіл-күй.
B) Өкіну.
C) Ой тәртібі.
D) Сендіру.
E) Мақұлдау.
19. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
операсы - қазақ музыкасын биік белге шығарған ірі туынды.Абай
A) Бастауыш - сан есім, баяндауыш - етістік.
B) Қосарлы айқындауыш.
C) Бастауыш - есім, баяндауыш - есім.
D) Бастауыш сын есім, баяндауыш зат есім.
E) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есім.
20. Грамматикалық тұлғаларында өзгерісі бар диалект сөзді табыңыз.
A) Маңдай.
B) Аласа.
C) Көз.
D) Пысқан.
E) Қырағы.
21. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.
A) Қырықаяқ.
B) Саңырауқұлақ.
C) Ақкенже.
D) Түрегел.
E) Ілімхан.
22. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
A) Қоян жүрек.
B) Су жүрек.
C) Қалта сағат.
D) Жүгіріп бара жатыр.
E) Төбе шашы тік тұру.
23. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Ердостың атқа мінгісі келді.
B) Абай шығармаларынан үзінді келтірді.
C) Асанмен бес жыл бірге оқыдым.
D) Қызықты кітап.
E) Мөлдір бұлақ.
24. Төлеу сөзді көрсетіңіз.
A) – Айналайын, келінжан, өркенің өссін!
B) Той да өтті, Ыбыштың есін алған көкпар да өтті.
C) Артына қарап өкініш көрсе, алдына қарап үміт көреді.
D) Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ.
E) Сәбит Мұқанұлы бір кітапты бітіріп, екіншісін бастағанда, демалатынын айтты.
25. Соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқан ғалымды табыңыз.
A) Ә.Кекілбаев.
B) М.Жұмабаев.
C) А.Байтұрсынов.
D) Б.Адамбаев.
E) С.Сейфуллин.
1. A
2. E
3. C
4. E
5. D
6. B
7. D
8. C
9. B
10. E
11. C
12. A
13. B
14. C
15. D
16. D
17. E
18. C
19. E
20. D
21. D
22. C
23. C
24. E
25. D
34.
Лексика-грамматикалық тест тапсырмаларын орындауға нұсқау:
1) Берілген 4 тапсырмаға жауапты 4 нұсқадан (А, В, С, D) табыңыз.
Үлгі:
1. Маржан қазақша жақсы жаза, ... А) оқу
2. Сен мына кітапты ... В) оқи алады
3. Дастан мына журналды ертең ... С) оқиды
4. Жақсы ... міндетің D) оқыдың ба?
Жауаптары: 1 – В; 2 – D; 3 – С; 4 – А.
Жауаптарын оң жақ нұсқадан таңдайсыз.
Дұрыс жауабын таңдаңыз.
1. Дастанның ... бар. A) қарындасына
2. Ол ... өте жақсы көреді В) қарындасы
3. Дастан ... кітап сатып алды С) қарындасын
1. - ... 2. - ... 3. - ...
4. Менің досым маған .... айтты. A) опера театрында
5. Ол ... айтты. В) опера туралы
6. Мен ... болған емеспін. С) опера театры туралы
4. - ... 5. - ... 6. - ...
7. Менің достарым ... шығар A) спорт залға
8. Жұмысшылар ... салып жатыр В) спорт залда
9. Кім ... барды? С) спорт залын
7. - ... 8. - ... 9. - ...
10. Менің ағам ... оқиды. A) медицина акедемиясы
11. Менің де ... түскім келеді В) медицина академиясында
12. Осы көшеде ... бар. С) медицина академиясына
10. - ... 11. - ... 12. - ....
13. Маржан ... болғысы келеді. A) дәрігер
14. Менің інім ... барады. В) дәрігерге
15. Мына әңгіме ... туралы. С) бала дәрігері
13. - ... 14. - ... 15. - ...
16. Менің әпкеме ... ұнайды A) француз әдебиеті
17. Ертең ... лекция болады В) француз әдебиетіне
18. Ол ... қызығады. С) француз әдебиетінен
16. - ... 17. - ... 18. - ....
19. Дәурен ... сатып алды. A) бүгінгі
20. Менде ... жоқ. В) бүгінгі газет
21. Мен ... бір мақаланы оқығым келді. С) бүгінгі газетті
19. - ... 20. - .... 21. - ...
22. Менің журналымда ... жоқ. A) осы мақала туралы
23. Маған ... керек. В) осы мақала
24. ... менің досым жазды. С) осы мақала
22. - ... 23. - ... 24. - ...
25. Біз ... жиі боламыз. A) ұлттық мұражайға
26. ... қаланың орталығында В) ұлттық мұражайда
27. ... 100 жыл болды. С) ұлттық мұражай
D) ұлттық мұражайдың
25. - .... 26. - ... 27. - ...
28. Біз ... концертінде болдық. A) танымал әншіні
29. Достар ... танысты. В) танымал әншінің
30. Олар ... туған күнімен құттықтады. С) танымал әншімен
D) танымал әншіге
28. - ... 29. - ... 30. - ...
31. Мына дүкен .... A) Абай даңғылы
32. Мен ... жақын тұрамын В) Абай даңғылында
33. ... қаладағы ең ұзын даңғыл. С) Абай даңғылына
D) Абай даңғылының
31. - ... 32. - ... 33. - ...
34. ..... қайда? A) қала кітапханасының
35. Мен ... кітап аламын. В) қала кітапханасы
36. ... ғимараты жақында салынған. С) қала кітапханасынан
D) қала кітапханасымен
34. - ... 35. - ... 36. - ...
Дұрыс жауабын таңдаңыз.
37. Біздің сыныпта ... қызды кездестірдім. A) болмаған
38. Мұражайда ... қызды кездестірдім. В) оқитын
39. Сабақта ... қызды кездестірдім. С) танысқан
D) келмеген
37. - ... 38. - ... 39. - ...
40. Бұл менің мектепте бірге ... досым. A) жазатын
41. Бұл менің менімен хат ... досым. В) оқитын
42. Бұл менің маған жиі хат .... досым. С) жазысатын
D) сөйлесетін
40. - ... 41. - ... 42. - ...
43. Дастан 30 мың сөзден ... сөздік сатып алды. A) айтқан
44. Дастан 8 мың теңге ... сөздік сатыл алды. В) тұратын
45. Дастан оқытушы ... сөздікті сатып алды. С) болмайды
D) болған
43. - ... 44. - ... 45. - ...
46. Оқытушы ертең ... айтты. A) қайталау керектігін
47. Оқытушы барлық оқушылардың В) бақылау жұмысы болатынын
грамматиканы ... айтты.
48. Айдос ережені ... өтінді. С) түсіндіріп беруді
D) бақылау жұмысы болғаны
46. - ... 47. - ... 48. - ...
49. Толғанайға осы күлгін түс ... А) келеді
49. – ... В) жарасады
С) болады
D) келіп тұр
50. Өткен аптада осы фильм қаланың А) өтіп жатыр
барлық театрында ... В) болған
50. - ... С) келе жатыр
D) бола жатар
51. Фильм басталайын деп жатыр, теледидарды ... А) өшір
51. - ... В) қос
52. Ыдыстарды мен жуайын, сен аздап ... А) демал
52. - ... В) демалып жүр
53. Спортпен үнемі ... А) айналысып жүр
53. - ... В) айналысып қой
54. Сенің ағам өзінің машинасын ... келеді. А) сатқысы
54. - ... В) сатады
55. Оған бұл мәселені шешуге ... керек. А) көмекке
55. - ... В) көмектесуге
С) көмектесу
56. Бүгін мына дәріні ... ұмытпа. А) ішу
56. - ... В) ішуді
57. Ол өзінің сапары туралы ... А) айта алмады
57. - ... В) айта алмау
58. Сағат сегіз, ... уақыт болды. А) тұру
58. - ... В) тұратын
59. Мен өзімнің кілтімді еш жерден ... алмадым. А) табу
59. - ... В) таба
60. Емтиханға бірге ... А) дайындалайық
60. - ... В) дайындалдым
С) дайындалу
61. Терезені ... да болады. Далада күн өте жылы. А) жапсаң
61. - ... В) жаппасаң
62. Ауру өте әлсіз. Оған әлі төсектен ... ... А) тұруға болмайды
62. - ... В) тұруға болады
Оқылым бөлігі
Оқыңыз.
Жер шарының үштен екісі – су. Оның 97% жарамсыз тұзды теңіз суынан тұрады. Бізде су көп пе, аз ба? Демек, жердің физикалық-географиялық картасына қарағанда көгілдір түс көбірек болғанымен, су ресурстары көп емес. Планета халқының үштен бірі қазірдің өзінде-ақ су тапшылығына ұшырап отыр. Жаңа ғасырда таза су тауарға айналды. Германия тұщы суды Швециядан сатып ала бастады, АҚШ бір текше метр тұщы су үшін Канадаға 5 центтен төлейді. Гонконг ауыз суды Қытайдан алады. Тасымал сумен тұтас бір мемлекет – Алжир тіршілік етіп отыр.
(Баспасөз беттерінен, 81 сөз )
63. Мәтін мазмұны ... туралы.
А) ауыз су
В) теңіз
С) өзендер
D) су ресурстары
64. Сөйлемді жалғастырыңыз.
Планета халқының үштен бірі қазірдің өзінде-ақ су тапшылығына ұшырап отыр, себебі ... ...
А) мұхиттар көп емес
В) су ресурстары көп емес
С) ауыз су көп
D) тұщы су көп
***
Балқаш көлі оңтүстік-шығыста орналасқан. Ұзындығы – 614 шақырым (км), ені – 74 шақырым (км).
Балқаш көліне Іле, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Қаратал, Мойынты сияқты өзендер құяды.
Балқаш көлінің орташа тереңдігі – 6 метр, кейбір жерлері – 27 метр.
Соңғы жылдары көлдің жалпы аумағы 2000 шаршы метрге (кв. км) азайды, деңгейі 3 метрге түсті. Тұздану арта түсті. Балық азайып жатыр. Арал апаты – бәрімізге сабақ. Үкімет Балқашқа назар аударуы қажет. Ресей мемлекетінде «Байкал көлі туралы» заң бар. Парламент «Балқаш көлі туралы» заң қабылдаса, артық болмас еді. Себебі Балқаш көлі еліміз үшін аса маңызды.
(Баспасөз беттерінен, 80 сөз)
65. Мәтін мазмұны ... туралы.
А) Жетісу өзендері
В) Балқаш көлі
С) Балқаш көлі туралы заң
D) Арал апаты
66. Сөйлемді жалғастырыңыз.
Балқаш көлі еліміз үшін аса маңызды, сондықтан ...
А) Байкал көлі туралы заң бар
В) Балқаш көлі туралы заң қабылдау керек
С) тұздану арта түсті
D) Арал апаты бәрімізге сабақ
***
Мектепте бәріміз химия пәнін оқыдық. Менделеев кестесімен таныстық. Осы кестені білуге тырыстық. Өйткені химиясыз өмір жоқ. Күнбе-күнгі тіршіліктегі қарапайым ғана дерек. Мұны кішінің де, үлкеннің де білгені дұрыс. Мысалы, салмағы 70 кг адам денесінде ғалымдардың айтуынша, шамамен, 12,6 кг көміртегі, 45,5 кг оттегі, 7 кг сутегі, 2,1 кг азот, 1,4 кг кальций 150 грамм натрий, 100 грамм калий, 200 грамм магний, 700 грамм фосфор, 157 грамм күкірт, 5 грамм темір, 100 грамм фтор, 1,1 грамм йод, 0,0005 грамм мышьяк болады екен. Адам денесінде дақ күйінде ізі байқалатын микроэлементтер: марганец, бром, мырыш, алюминий, кобальт, мыс, бор, берилий, барий, строний, ванадий, хром, кадмий, молибден тағы басқалары да кездеседі.
(«Егемен Қазақстан», 29 қаңтар, 2003 ж. 104 сөз)
67. Мәтіндегі негізгі ақпаратты айтыңыз.
А) Адам денесіндегі элементтер
В) Менделеев кестесі
С) адам денесі
D) химия пәні
68. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Адам денесінде ғалымдардың айтуынша, шамамен 12,6 кг көміртегі, 45,5 оттегі, 7 кг сутегі болады екен.
А) шамалап
В) шамалы
С) мөлшермен
D) мөлшерлі
***
Ертеде Үнді елінде ақылды данышпан болыпты. Ол шахмат ойынын ойлап тауыпты. Патшаға бұл ойын өте ұнапты. Данышпанға ойлап тапқаны үшін сыйлыққа қалағаныңды ал,- депті. Данышпан қарт патшадан алтын да, меруерт те сұрамапты, дән сұрапты. Дән шахмат шаршылары сайын екі есеге өсуі керек. Ақылды қарттың бұл сұраған сыйлығына бәрі күліпті, тіпті патша: «Менің жомарттығыма сай емес сыйлық сұрадың»,- деп ренжіп те қалыпты. Дана қарт өз сөзінде тұрып алыпты.
Сонымен сарай математиктері күндіз түні демалмастан санапты, санап болған кезде данышпанның сұрағанына Үнді еліндегі дән жетпепті.
Бәрі де шахматты ойлап тапқан данышпанның тағы бір тапқырлығына куә болып, таң қалыпты.
(Баспасөз беттерінен, 94 сөз)
69. Мәтін мазмұны ... туралы.
А) данышпан қарт
В) шахмат
С) патша
D) сарай математиктері
70. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Ертеде Үнді елінде ақылды данышпан болыпты.
А) Ескіде
В) Баяғыда
С) Өткен ғасырда
D) Өткенде
71. Асты сызылған сөзге мағынасы жақындау сөзді табыңыз.
Ақылды қарттың бұл сұраған сыйлығына бәрі күліпті.
А) кәрінің
В) қарияның
С) данышпанның
D) данышпаннан
***
«Отырар сазы» - Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық оркестрі. 1980 жылы Қазақ филармониясы жанынан Н.Тілендиев ұйымдастырды. Алғаш шағын ансамбль ретінде жұмыс істеді. 1982 жылдан бері оркестр. Мұндағы қос ішекті, үш ішекті домбыралар, қобыз, сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаңқобыз, асатаяқ секілді ертеден белгілі музыкалық аспаптардың орындауындағы шығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Кейіннен оркестрдің аспаптар құрамы кең шанақты және шіңкілдек домбыралар, нар қобыз, жез қобыз, мес қобыз (сазген), адырна, даңғыра тағы басқа музыкалық аспаптармен толықтырылды. Репертуарында: халық күйлері Кеңес, Сарыөзен, Халық композиторлары, Тәттімбеттің «Қос басар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», Сүгірдің «Кер толғау», «Бес жорға», Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», «Аңсау», «Көш керуен»; К.Күмісбековтың «Фараби сазы» шығармалары бар.
(«Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық анықтамалықтан, 101 сөз)
72. Мәтін мазмұны ... туралы.
А) күйлер
В) музыкалық аспаптар
С) музыка
D) музыкалық оркестр
73. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Шығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді.
А) бояуымен
В) өрнегімен
С) музыкамен
D) күйлерімен
74. Сөйлемді аяқтаңыз.
Мәтін мазмұнында ................
А) тек қана домбыралар бар.
В) ұлттық аспаптар түрлері көп.
С) қобыз туралы ғана
D) жетіген туралы ғана
***
Апта неге жеті күннен тұрады? Ертедегі астрономдар Айдың әрбір фазасы жеті сөткеге созылатынын байқаған. Сондықтан айлық кезеңді төрт аптаға бөлген. Әрқайсысы жеті күннен тұрады. Апта басы демалыс күні болып саналатын сенбіден басталған. Апта күндері аспан денелерінің атымен аталған: сенбі – Сатурн күні, дүйсенбі Айдың күні, сейсенбі Марстың күні, сәрсенбі Меркурийдің күні, бейсенбі Юпитердің күні, жұма – Шолпанның күні және жексенбі – Күннің күні болып аталған. Осы атаулардың кейбірі европа тілдерінде бүгінгі күнге дейін сақталған.
Кейбір тілдерде күннің аталуы олардың реттік нөміріне де, әдет-ғұрыпқа да байланысты болған.
(М.Исқақов. Халық календары кітабынан, 83 сөз)
75. Мәтін мазмұнындағы негізгі ақпаратты айтыңыз.
А) жеті сөтке
В) жеті апта
С) аптаның жеті күні
D) күннің аталуы
76. Сөйлемді жалғастырыңыз. Апта жеті күннен тұрады, себебі ...
А) айдың әрбір фазасы 7 тәулік
В) айдың әрбір бөлігі 7 апта
С) айдың әрбір фазасы 7 түн
D) айдың фазасы күн-түннен тұрады
***
Ерте замандарда әр халықтың уақыт есебін жүргізу ережесі әр түрлі болған, сондықтан әр түрлі күнтізбелер болған. Халықтар тарихында египет (мысыр) күнтізбесі, вавилон күнтізбесі, рим күнтізбесі, араб күнтізбесі, майя күнтізбесі болғаны белгілі.
Қазіргі «календарь» атауы Ежелгі Римді мекендеген латын халқының «календариум» деген сөзінен жасалған, ал оның өзі – сол латын тіліндегі календы сөзінен шыққан туынды сөз.
Қазіргі европалық күнтізбе бізге римдіктерден келген, ал рим күнтізбесінің өзі Ежелгі Египет күнтізбесі негізінде жасалған. Араб күнтізбесі – Ежелгі Вавилон күнтізбесінің жалғасы.
Күнтізбе – халықтардың ғасырлар бойы жасаған алтын қазыналарының бірі, атадан балаға қалып келе жатқан асыл мұрасы.
Күнтізбе жеке адамдарға да, мемлекеттерге де қажет, ол бүкіл адамзатқа да қажет. Жақсы күнтізбе табиғат құбылыстарына сәйкес, ғылым табыстары негізінде жасалады.
(М.Исқақов, Халық календары кітабынан, 112 сөз)
77. Мәтін мазмұны ... туралы.
А) уақыт
В) әр түрлі күнтізбелер
С) мұра
D) ғылым табыстары
78. Сөйлемді жалғастырыңыз.
Әр түрлі күнтізбелер болған, себебі ...
А) әр халықтың уақыт есебін жүргізу ережесі әр түрлі
В) әр халықтың өз дәстүрі болған
С) әр халықтың өз мәдениеті бар
D) әр халықтың өз тарихы бар
79. Мәтіндегі негізгі ақпарат ... туралы
А) әр халық
В) күнтізбелер
С) Ежелгі Рим
D) Египет
***
Уақытты басқару – өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ еш нәрсеге үлгере алмайды. Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді, әйтсе де, жұмысын өз уақытында орындап тастайды.
Кеңес Одағы кезінде адамдарда уақытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Міндетін орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді. Сондықтан кейбіреулер тәуліктің тең жартысын жұмысқа арнап жүр. Бірақ нәтижелі ме? Әркім өз уақытын меңгере ала ма? Қымбат минуттарыңызды үнемдеу бар ма? Өзгелердің уақытына құрметпен қарайсыз ба?
(Қаржы-қаражат журналынан, 67 сөз)
80. Мәтін мазмұны ... туралы.
А) мезгіл
В) жұмыс уақыты
С) уақыт үнемдеу
D) уақытты меңгеру
Достарыңызбен бөлісу: |