Қазақ тілін оқыту барысында меңгерілетін құзіреттіліктер Құзыреттілік болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапасы



бет11/14
Дата07.02.2022
өлшемі43,35 Kb.
#97864
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
макала кузырет

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ  

Коммуникативтік құзыреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік даму процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздық педагогикалық қарым- қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейді меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс- әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, «бағдар ету», сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті. 


Жеке тұлғаны білімді және салауатты етіп қалыптастыру – бүгінгі күн талабы. Әрбір мұғалімнің алдында: «Қазіргі заман сұранысына жауап беретін тұлғаны қалай дамыту қажет?», «Дамып келе жатқан тұлға бойына қажетті құндылықтарды қалай сіңіреміз?», «Нәтижеге бағытталған білімді қалай үйрету керек?» деген проблемалы сауалдар тұр. Бұл сауалдарға нақты жауапты әрбір мұғалім өзінің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай алуынан, өзінің нақты мақсатты болжай алуынан, баланың іс –әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігінен, жалпы бір сөзбен айтқанда өзінің педагогикалық құзыреттілігін дамыту жолдарынан іздеу қажет. 
Тұлғалық және нәтижеге бағыттталған білім беру беру жүйесіне көшуде жаңа технология мен озық тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастықта зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Тұлғаға білім беру негізінде коммуникативтік құзыреттілікті орнату, сабақта тілдік қарым –қатынастағы әлеуметтік – мәдени нормаларды және стереотиптерді білу, яғни сөздің жанама тәсілдерін бейнелі сөздерді қолдану, енгізу. Мұнда фатикалық қатынас басты рөл атқарады, яғни тыңдаушының назарын өзіне аудару, сөзге тарту, сөз тақырыбына қызығушылығын оята білу көзделеді. Дискурстың ерекшелігі- экспрессивті эффект тудыру арқылы пікірлесушіні қызықтырып отыру. Сөз этикасы қатысымдық және этикалық сапалармен тығыз байланысып жатыр. Сондықтан олар да білім нәтижесінің 
көрсеткіші болып саналады.
Мұғалім баланы тұлға ретінде танытуда дайын жаттанды білімді меңгерте салмай, сол түсінікті игеру жолына бағыт беруі керек. Оқушы өзі танып, талдап, дәлелдеп, салыстырып, тұжырымдап білімнің кілтін табуы тиіс. Өзі түсініп жаңашылдыққа қол жеткізгенін түсіне білуі тиіс. Оқушының осы қарым-қатынасқа жетелеуде мұғалімнің асқан шеберлігі қажет, яғни мұғалім тұлғаға білім беруде оқытудың қажетті озық технологияларын тиімді пайдаланып сабақта қолдана білуі, ақпараттық сауаттылығы, коммуникативтік іс-әрекеті өте қажет. Әр оқушының негізгі құндылығы жеке басының тұлғасын таныту. Мұғалім әр тұлғаны жан-жақты ашып таныта білсе, өз шеберлігін көрсете білгені. Сонымен қатар педагог әр қарым-қатынас кезінде әр тұлғаның дұрыс және қапысыз шешім таба білуін жетілдіруіне басты назар аудару керек, яғни кез-келген жағдаяттардан шығар жолды да шеше білуі тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет