Дискурсивті құзіреттілік - айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру. Бұл қазіргі
таңдағы ең қажетті құзіреттілік. Себебі, оқушыларды дұрыс сөйлем құрып, өз ойларын
дұрыс жеткізуге үйрету қажет. Ал мұның өзі мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту
ұстанымдарында ерекше айтылады. Онда сөйлеу тілін үйретуді фонетикадан емес,
синтақсистен, яғни, оқушыларға алдымен сөйлеуді үйрету қажеттілігі айтылған.
Стратегиялық құзіреттілік- әңгімелесуші адаммен байланыс жасау. Бұл - диалог құру
және оны жалғастыру барысында жүзеге асатын үрдіс. Бұның өзі бастапқы мәселенің
практикалық бөлігі болып табылады. Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс кезінде
жаттықтырады. Диалогтік тілдің оқушылар үшін күнделікті өмірде бір-бірімен қарым-
қатынас жасау кезінде маңызы зор екендігін әрбір оқушының санасына жеткізуге тырысу
керек.
Достарыңызбен бөлісу: |