Қазақ тілін оқыту барысында меңгерілетін құзіреттіліктер Құзыреттілік болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапасы



бет4/14
Дата07.02.2022
өлшемі43,35 Kb.
#97864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
макала кузырет

Әлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.
Білім алушылардың іс-әрекетін белсендіруге және қарқындандыруға негізделген технологиялардың бірі «Проблемалық оқыту».Ерекшелігі: білім алушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту, білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттер қою. Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шәкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердлің нәтижелерін табуға 
бағыттап отырған. Руссо білімді игеру үшін ситуациялар қою арқылы жүзеге асырған. Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті ізденіс болса, соны өз тәжірибесінде кеңіне қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервегтің еңбегі зор. Проблемалық оқытудың басқалардан айырмашылығы - білім оқушыларға дайын күйінде хабарланбайды, керісінше олардың алдына өз бетінше шешуге проблема қойылады. Іздену әрекеті барысында білімді оқушылардың өздері табады. Сабақ соңында байқалғаны, осы проблемалы тапсырмалар оқушы сезіміне молырақ әсер етіп,олардың қызығушылығын, білімге іштей құмартушылығын арттырды деп ойлаймын. Қызығушылық оқушыны өздігінен ізденуге жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау жоқ. Проблемалық тапсырма нәтижесі оқушының өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілеті, іскерлігінің жетілген, ең жоғары дамыған саты деуге болады.
Кәсіптік құзіреттілікті жетілдіруде мамандық бойынша жүргізілетін тәрбие жұмысы да ерекше роль атқарады. Сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларда оқушылар өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып,болашақ маман ролін жоғары деңгейде орындауға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет