Қазақ тілін оқыту барысында меңгерілетін құзіреттіліктер Құзыреттілік болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапасы



бет5/14
Дата07.02.2022
өлшемі43,35 Kb.
#97864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
макала кузырет

Арнаулы құзыреттілік. Оқу орны түлегі моделі - белгілі бір өндіріс, ғылым, мәдениет саласындағы жұмысшы құзіреттілігін сипаттай алуы. Сондықтан әр оқушының өз мамандығына байланысты арнаулы құзіреттілігін анықтау қажет. Арнаулы құзіреттілік - маманның сала ерекшелігіне байланысты кәсіби мәселелерді шешу, білім және іскерлік деңгейін көтеру сияқты қабілеттермен байланысты.
Оқытудағы құзыреттілік ұғымы
«Құзырет» термині соңғы кездерде ғылымның әртүрлі саласында қолданыс тауып, қолдану мүмкіндігіне қарай құзырет, құзыреттілік, құзыретті ұғымдары әр түрлі мәнде саралануда.
Латын тілінен келген «Компетентность» (лат.competentia – құқылы тиесілік) термині бір нәрсе жайында өзінің дәлелді, абыройлы пікірін білдіре алатындай білімді меңгеру, бір салаға қатысты хабардарлық, беделділік деген мағынаны білдіреді.
Competence – беделді тұлғаның нақты шарттарда белгілі бір іс-әрекеттерді
жасай алуының заңдастырылған мүмкіндігі, өкілеттілік шеңбері. Осыдан келіп, (competens – тиесілі, лайықты, мүмкіндігі бар) – өзінің білімі мен өкілеттілігі тұрғысынан шешім қабылдап, пікір білдіре алатын белгілі бір саланың білімді, білгір маманы». (Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы, 2000. – 208 б.)

«Компетенция» (лат. Competere – дегеніне жету, үйлесіп келу, талапқа сай болу) –


белгілі бір тұлғаның сол салада жақсы танымы, тәжірибесі, хабардарлығы бар мәселелер шеңбері;
біреудің, белгілі бір органның немесе лауазым иесінің өкілеттігі шеңбері.
С.И. Ожеговтың сөздігінде «құзыреттілік» сөзіне төмендегідей анықтама
берілген: «құзыреттілік – біреудің бір топ мәселе төңірегінде жақсы
хабардарлығы». (Ожегов С.И. Словарь русского языка.М.: «Оникс 21 век», 2004.)

Ал Ю.Н.Емельяновтың еңбектерінде құзыреттілік ұғымы ауқымды


жоспарда қарастырылады: «Құзыреттілік – дара тұлғаның өзіндік
қабілеттері мен статусы шеңберінде қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік және жеке дара формасын
үйрету деңгейі» деген анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және
тәжірибесі анық байқалып отыр
Оқытудағы «құзырет», «құзыреттілік» «құзыреттілік тәсіл» дегеніміз нені білдіреді, бұл ұғымдардың еліміздің білім беру жүйесінде қандай маңыздылығы бар және «шәкірт құзыреттілігін қалыптастыру» қалай жүзеге асады? Осы сұрақтар курстық жұмыстың осы бөлімінде талданады.
Қазіргі таңда «білім сапасы» категориясының мазмұнын ашуда құзырет ұғымы ерекше орын алады. Зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша құзырет тек білімге ғана емес, біліктілікке жақынырақ және адамның әртүрлі қажетті салалардан хабардар болуын сипаттайды. Яғни құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдардан тұрады. Бірақ құзыреттілік жай ғана бұл ұғымдардың жиынтығы емес, сонымен бірге ол студенттердің шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі көпфакторлы әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық қаныққан кеңістік жағдайында тіршілік ету әлеуетін, қабілетін көрсететін құзыреттер кешенін игертуге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді.
Құзыреттілік тәсілдің шығуына себепші болған проблема бүгінгі таңдағы білім беру мазмұнының «қазіргі заманғы экономика мен өркениеттің сұранысына» сәйкес болмауынан туындап отыр дейді И.Д.Фрумин. . (Фрумин И.Д. Компетентностный подход
как эстественный этап обновления содержания образования Педагогика
развития: ключевые компетентности и их становление: материалы 9-й
научно-практической конференции. – Красноярск, 2003. – С.36
)
Қазіргі қоғамда оқытуда «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарының қолданылуы туралы бірнеше пікір қалыптасқан. Мәселен, «бұл жаңа сөздерге еліктеушілік, оларды қолданбауға да болады, өйткені «мектеп бітірушінің дайындық деңгейі» және «оқу біліктіліктері» деген дәстүрлі қолданылып жүрген баламалары бар» дейтін, немесе «құзырет» және «құзыреттілік» адамның тіршілік қызметінің басқа салаларында да кеңінен қолданылып жүр және олар кәсіби іс-әрекеттің жоғары сапасын көрсетеді» дейтін де пікірлер бар. Дегенмен, «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдары студенттердің мәдениеттанымдық іс-әрекетінің күрделі құрылымын бейнелеп, білім беру мазмұнының өзін дамытуға жаңаша сипат беруде.
Құзырет пен құзыреттілік – бір-бірімен тығыз байланысты екі ұғым. “Құзырет – дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, іскерлік, дағды, әрекет тәсілі) жиынтығы болса, құзыреттілік – адамның сол әрекетке, оның пәніне деген жеке қатынасын қамтитын сәйкес құрауыштарды меңгеруі” болып табылады. Сондықтан да құзыреттілік ұғымына тек танымдық және әрекеттік-технологиялық құраушылар ғана емес, сондай-ақ мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық компоненттер де кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет