Байланысты: С Рахметова Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі
Мәтінді дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстың үшінші түрі — шығарманы оқу. Мұнда көпшілікмұғалім шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса, оны әуелі өзі дауыстап оқып шығады. Осыған орай, шығарманы алдымен тұтас оқыған дұрыс па, әлде бөліп-бөліп оқыған дұрыс па деген сұрақ туады. Шығарма бірінші рет оқылғанда оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Егер бөлініп оқылса, балаларға оның мазмұнын түсіну оңай болмайды. Сондықтан шығарма алғаш рет тұтас оқылғаны жақсы. Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ тыңдаушылардың көкейіне қондырып, санасына жеткізу үшін, ол нақышына келтіріле, мәнерлеп оқылуға тиіс. Сондықтан оны әуелі мұғалімнің өзі оқиды немесе оқу техникасын меңгерген, мәнерлеп, дұрыс оқи алатын балаға оқытады. Бірақ әсіресе ырғағы қиын немесе жолдары ұзақ, бала демі жетіңкіремейтін өлендер, көркем фразалар мен сөз өрнектері қездесетін шығармаларды мұғалімнің өзі оқығаны жөн. Мысалы, В. Маяковскийдің «Кім болам?» өлеңін талапқа сай, әсерлі де асқақты үнмен оқыпберу балаларға оңайға түспейді. Кейбір оқуға жеңіл қысқа үзінділер мен мақала стилімен жазылған шағын әңгімелерді шамалылау оқитын оқушыларға оқытуға болады. Ондай материалдарды оку арқылы балалар оқу дағдысына төселеді, келе-келе мәнерлеп оқитын болады.
Мәтінді оқушыларға бөліп оқытқанда оны кез келген жерден үзбей, әр бөлімді белгілі бір аяқталған ойды білдіргені дұрыс.
Шығарманы бір рет тұтас оқып шыққанда балаларда жалпы ұғым ғана қалыптасады, енді осы тұтас қабылдаудан бірте-бірте оның жеке бөліктерін талдауға көшу қажет. Бірақ қайталап оқуға кіріспес бұрын оқушылардың мәтінді алғашқы қабылдау дәрежесін тексеріп алған жөн. Мұғалім мәтіндегі негізгі фактіні анықтау үшін екі-үш сұрақ қояды. Жауаптарына қарай, әңгіменің қай жері күштірек әсер етті, баланың ой жүрісі қандай бағытта т. с. с. анықтайды.
Бастауыш мектеп бағдарламасы тілдің көркемдік құралдарымен практикалық таныстыруды да міндеттейді. Бұл міндетті орындау үшін бақылау жургізу керек. Мұндай жұмыстар мәтіннің мазмұнын талдау барысында, сонымен қоса жүргізіледі.
Шығарманьщ көркемдік қасиетін таныту жұмысы дұрыс жүргізілсе, оның мазмұнын толық та терең түсінуге жағдай жасалады. Бұл жұмыс өте күрделі, сондықтан мұғалімнен үлкен шеберлікті, жан-жақты ойластыруды (белгілі бір шығарманың құрылысы мен тіліне оқушылардың зейіндерін қандай жолдармен аудару керек, кандай бақылаулар жүргізтуге болады, оқушыларға қалайда эстетикалық әсері күшті болу жағын ойластырған дұрыс т. б.) қажет етеді. Бұл тұрғыда оқу кітаптарында бірқатар тапсырмалар берілген. Дегенмен онымен ғана қанағаттанып қоймай, мұғалім өз тұрғысынан біраз жұмыстар іздестіруіне тура келеді.
Шығармағажоспаржасау. Жоспар шығарманың мазмұнын көрсететін уақиғалардың жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады:
1) әңгімені бөлімге бөлу;
2) бөлімдерге ат қою, оны тәртіптеп жазу.
Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлу үшін, ондағы басты ойды және қосымша мәселелерді анықтайды.
Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та терең түсінуге мүмкіндік береді. Бөлімдерге бөлу процесі шығарманы бір рет тұтас оқып шыққаннан кейін, қайталап оқу кезінде іске асады. Жоспар кейде қорытынды әңгіме кезінде жасалады, кейде оны жасап келуді үйге тапсыруға болады.
Кез келген шығармаға жоспар жасай берудің қажеті жоқ. Бастауыш сыныпта жоспардың жай түрі ғана үйретіледі. Мысалы, II сыныптағы «Еңбек мені қуанышқа бөледі» әңгімесіне мынадай жоспар жасауға болады: 1. Қуаныш. 2. Шәкірт. 3. Алғашқы кездегі қиыншылықтар. 4. Анна апай. 5. Машинаны жеке басқару. 6. Озаттар қатарында.
III—IV сынып оқушылары тұтас әңгімені өздері бөлікке бөліп, әр бөлікке ат қою жұмысын атқара алады. Екінші сөзбен айтқанда, әр әңгімеге өз беттерімен жоспар жасай алады. Мұндай жағдайда мұғалім тек «Бұл бөлімде не жөнінде айтылады?» деген сияқты сұрақтар арқылы балаларға бағыт қана беріп отырады. Мысалы оқулықта «Ноянның звеносы» әңгімесі берілген. Әңгіме сюжетті. Оқушылар осы әңгімені оқи отырып, әр бөлім де не жайында айтылғанын аңғарады да, соған орай, әр бөлімге ат қояды: 1. Пионер Ноян. 2. Ноянның атасының әңгімесі. 3. Ноянның апасының әңгімесі. 4. Ноянның мамасының әңгімесі. 5. Біздің еліміз — пионерлер елі.
Алайда шығарманы бөлімге бөліп оқыған сайын әр бөлімге ат қоя беруге болмайды. Өйткені шығармаға ат қою — күрделі жұмыс, көп ойлануды қажет етеді. Сондықтан қай материалға жоспар жасау керек, қайсыларын бөлімге бөліп, бірақ ат қойғызбай-ақ оқытуға болады, қайсыларын оқушылар өздері бөлімге бөліп қайсыларын мұғалімнің көмегімен бөледі — олардың барлығын мұғалім алдын ала ойластырады.
III сыныптағы оқу жылының басында істелетін жұмыстарды жоспар жасауға дайындық деуге болады. Мұнда суретті жоспар жасалады. Ол үшін мына сияқты жұмыстар жүргізіледі:
Оқулықта берілген суреттердің қайсысы мәтіннің қай бөліміне жататынын анықтау және оған ат қою. Егер суреттер мәтінді толық қамтитын болса, тағы қандай суреттер салуға болатынын ойлау. Қиялындағы суретке ат қою.
Мұғалім әңгімеге не ертегіге бірнеше сурет береді. Оқушылар оны шығарманың желісі бойынша реттейді.
Белінген бөлімдерге қандай суреттер салуға болатынын оқушылардың өздері айтады. Оған ат қояды.
Берілген тақырыптарды шығарманың желісі бойынша реттейді.
Мұғалімнің берген тақырыптары бойынша мәтінді әр бөлікке бөледі.
Мұғалімнің берген жоспарын талдайды.
IV сыныпта мәтінді бөлімдерге бөлу жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі:
Мұғалім оқушыларды оқып келе жатқанда тоқтатып, не жөнінде оқылғанын, нені білгендерін, мұндағы
басты ойдың не екенін сұрайды.
Ол бөлімнің неліктен аяқталғанын дәлелдетеді.
Мұғалім өзі бір бөлімді оқиды, балалар сол бөлімнің өзін нешеге бөлуге болатынын анықтайды.
Оқушылар кімге, қай бөлімнің ұнағанын айтады, сонан сон, барлығының айтқан бөлімдері ретке келтіріледі.
Оқушылардың өздері бөлімге бөледі және әр бөлімге ат қояды.
Жоспар немесе бөлімдерге ат қою III сыныпта әуелі хабарлы сөйлем түрінде, кейін бірте-бірте сұраулы сөйлем түрінде айтылады. Ал IV сыныптан бастап атаулы сөйлем түрінде жасалады.