Қазақ тілін оқытуда жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру


Күнделікті өмірде болуы мүмкін жағдаяттық оқиғалар негізінде сұрақтар құрастыру



бет2/4
Дата21.02.2022
өлшемі23,32 Kb.
#132734
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:


1.Күнделікті өмірде болуы мүмкін жағдаяттық оқиғалар негізінде сұрақтар құрастыру. Адам баласы өмірде түрлі (екі ойлы, күмәнді, ыңғайсыздық тудыратын, қиындықтан шығу т.с.с) жағдайларға тап болып жатады. Сондай кезде «не істеу керек?» деген сұрақ туындайды. Қазақ тілі сабағында өтіліп жатқан тақырып төңірегінде жағдаяттық сұрақ өрбіту – мұғалімнің шеберлігі. Мәселен, 8-сыныпта өтілетін «Көне түркі жазбалары – баға жетпес құнды байлық» тақырыбына байланысты мынадай жағдаяттық тапсырма құрастыруға болады: «Сенің үйіңе шетелдік азаматтар қонаққа келді. Олар Қазақстанның тарихи мәдениеті тура білгісі келді. Сен оларға қандай ақпарат бере аласың?»
2.Жағдаяттық тапсырмаларды шешендік сөздер, аңыз әңгімелер, ертегілердің мазмұнынан алып, жағдаяттық оқиға желісі бойынша оқушыларға ой тастау. Оқушының берген жауабын шығармадағы автордың шешімімен салыстыру. Мәселен, Сырым мен Малайсары арасындағы диалогтан мынадай бір үзіндіні алып, оқушыларға жағдаяттық тапсырма беруге болады. « Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.
- Балалар, аман ба? - депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:
- Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! - дейді. Малайсары жалт қарап:
- Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, Ана тұрып қыз сөйлегеннен без. Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? - дейді...» Сонда сендер Сырымның орнында болсаңдар қалай жауап берер едіңдер?
Мұндай тапсырманы орындау арқылы оқушы шешендік сөзді есінде сақтап қана қоймайды, мәтін мазмұнындағы даналық сөздермен сөздік қорларын да байытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет