Қазақ тілін оқытуда жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру


Мәтіннің кіріспесін қызықты оқиғамен бастап, жалғастыруды талап ету



бет3/4
Дата21.02.2022
өлшемі23,32 Kb.
#132734
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:


3.Мәтіннің кіріспесін қызықты оқиғамен бастап, жалғастыруды талап ету. Тапсырма оқушының шығармашылық қабілетін оятып, танымдық білімін арттырады. Оқушы оқиға желісін дамытып, көркем мәтін құруға талпынады. Мысалы, «Түн. Айнала жым-жырт. Үй іші шырт ұйқыда. Кенеттен...»
4.Қандай да бір мәселені сурет, сызба немесе кесте түрінде шешуді тапсыру. Мұндай тапсырманы да мұғалім сабақтың тақырыбына немесе оқу мақсатына орай түрлендіріп беруіне болады. Оған мысал ретінде 8-сыныптың қазақ тілі оқулығындағы «Логистика туралы не білеміз?» тақырыбы бойынша берілген 5-тапсырмадағы жағдаяттық тапсырманы келтіруімізге болады. «Сен логист болып жұмысқа орналастың. Ресейлік тұтынушыдан киіз үйге тапсырыс түсті. Киіз үйді алу мен тұтынушыға жеткізуге дейінгі аралықтағы барлық процесті ұйымдастырудың кезеңдік сызбасын жаса» [4,77].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет