Қазақ тілін оқытуда жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру
ХХІ ғасырдың талабына сай елімізде білім беру саласында тың өзгерістер күннен-күнге артып келеді. Орта білім берудің мазмұны өзгеріп, жаңаша көзқарастар пайда болуда. Жаңартылған білім бағдарламасы педагогтердің де, ата-аналардың да көңілінен шығып, оң бағасын беруде. Бастапқыда дәстүрлі оқудың ықпалынан шыға алмай жүрген ұстаздарда жаңаша білім беру дағдылары қалыптасып, үйренісіп те кетті. Шәкірттерінің функционалды сауаттылығын арттыру басты орында болу керек екендігін ұқты. Функционалды сауаттылық ұғымын таратып айтар болсақ, оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс өмірде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Яғни орта білім беру мектептерінде республикамыздың зияткерлік қабілеті қалыптасқан, рухани тұрғысынан дамыған, бүгінгі жаһандану заманында көштен қалмай ілесіп отыратын азамат етіп тәрбиелеу. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, қолданыс аясын кеңейтуде білім беру саласындағы жаңалықтардың маңызы зор. Қазақ тілі сабағында қолданып жүрген қазіргі оқу тапсырмалары мен әдіс-тәсілдеріміз дәстүрлі оқыту жүйесінен біршама өзгеше, оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалардың түрлері өте көп. Соның бірі – қазақ тілі сабағында қолданылатын жағдаяттық тапсырмалар.
Жағдаяттық тапсырмалар пәндік білім арқылы оқушыларға өмірлік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Заманауи білім беру сапасы оның нәтижелері мен нәтижелерге қол жеткізу үшін жасалған жағдайлардың сапасы арқылы өлшенеді.
Жағдаяттық тапсырмалардың негізі – жағдаят деп алсақ. Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін «жағдаят» термині - жұмбағы шешілмеген терең ұғым. Философиялық еңбектерде жағдаят дегеніміз – байланыстың, қызметтің уақыттық-кеңістік шарттарының субъективтілік және объективтілік бірліктері деп беріліп, тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде қарастырылады.
Неміс философы К.Ясперс жағдаяттарды жалпы және жалқы деп жіктеп, біріншіге әр адамның басынан өтетін қуаныш, қайғы, қасіреттерді, екіншісіне бір ізді есепке алу жолдары жоқ, әр жағдаяттың өзіне тән жұмбақ фактілер жиынын жатқызады [1,520] .
Д.Магнуссон әртүрлі деңгейдегі жағдаяттарға талдау жасап, талдау жасап, талдау бірліктерінің арасындағы нақты шектің жоқтығын көрсете келіп, жағдаяттарды идеологиялық, әлеуметтік, мәдени деп бірнеше типтерге жіктеп, оның 5 түрлі факторларын ажыратады: оңды және толықтырушы, кері тартушы, жігерлендіруші, әлеуметтік өзара байланыстырушы, белгісіздік[2,416].
Ғалымдар У.Томас пен Ф.Знанецкий өздерінің еңбектерінде жағдаятты субъект қағидасы арқылы түсінудің қажеттілігін ашып көрсетіп, жағдаят – бұл құндылықтар жиынтығы деп, оларды белгілеріне қарай 3 типке топтастырады:
адамның немесе қоғамның әрекет жасауы үшін қажетті объективті жағдай. Бұл жағдайлар адам мен қоғамның санасына тікелей немесе жанама әсерін тигізуші экономикалық, діни, интеллектуалдық құндылықтар жиыны;
тікелей нақты мінез-құлыққа әсер етуші адамның немесе топтың өзіндік бекімі;
қандай да бір дәрежедегі нақты жағдайлар тұжырымы мен бекімдер сезімін көрсетуші жағдаят анықтамасы[3,416].
Сонымен, жағдаятты шешу біріншіден, фактіні айқындаумен, екіншіден, өзіндік бекемнің пайда болуымен, үшіншіден, жағдаяттың не екендігін түсінумен сипатталады.
К.Левин еңбектерінде жағдаят жалпы өмірлік жағдаяттарға да,жеке әп-сәтте болатын жағдаяттарға да қатысты делінген. Осы тұрғыдан алғанда автор жағдаят мәнін нақты бір сәттегі мінез-құлықты сипаттайтын барлық фактілер жинағын «психологиялық өмір кеңістігі» терминін пайдалана отырып түсіндіреді.
Жағдаяттық тапсырмалар оқушылардың мынадай қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді:
логикалық ойлауы дамиды;
сөздік қор, тіл байлығы молаяды;
танымдық қызығушылығы артады;
ізденімпаздық қасиеті жоғарылайды;
Сонымен қатар, жағдаяттық тапсырмалар орындау арқылы оқушының бойында мынадай дағдылар қалыптасады:
өзекті мәселені табуға талпынады;
мәселені шешудің балама жолдарын қарастырады;
ақпараттарды сұрыптайды;
тез ойлауға, терең ойлауға машықтанады;
нақты шешім қабылдауға үйренеді;
санадағы ойды зерделей біледі;
Көне Қытай философиясында Конфуцийден қалған «Маған айтып берсең, ұмытып қаламын, көрсетсең, есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң, үйренемін!» деген тұжырым бар. Жағдаяттық тапсырма беру арқылы мұғалім балаға ой тастайды, бала өз деңгейіне, аялық біліміне сай ықтимал жауап береді. Демек, оқушылар жағдаяттық тапсырмаларды орындағанда, ең бастысы оның өз бетінше жасаған әрекеті қалады екен.
Қазақ тілі сабағында жағдаяттық тапсырмаларды топтық, жұптық, жеке тапсырма ретінде де беруге болады. Мұндай тапсырмаларды жеке орындағаннан гөрі топта немесе жұптасып орындау балалардың тиімді, дұрыс шешім шығаруына септігін тигізеді.
Мақалада өз тәжірибемде қолданылған қазақ тілі сабағындағы жағдаяттық тапсырмалардың түрлері мен жүзеге асырылған технологиялардың тиімді, тиімсіз тұстарын көрсетпекпін. Жағдаяттық тапсырмаларды құрастырудың мынадай түрлері бар:
Достарыңызбен бөлісу: |