Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған



бет31/46
Дата08.09.2017
өлшемі11,41 Mb.
#30154
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46

2 сабақ

Көлік географиясы




1- тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.

- Көлік дегеніміз не?

- Көлікті адамдар не үшін пайдаланады?

- Көліктің адамға пайдасы бар ма?

- Қазіргі заманда әрбір адам жеке көлік алуға тырысады неліктен?


2- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.

Көлік географиясы

Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен: түйе, жылқы, құлан, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Адамзат қоғамының дамуы барысында көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, поезд, ұшақтарға ығыстыра бастады.

Қазақстанда теміржол, автомобиль, әуе, ішкі су көлігін, жеткілікті дәрежеде дамыған көлік жүйесі қалыптасқан. Көліктің барлық түрлері республикада өткен ғасырдың 70-80 жылдары неғұрлым серпінді қарқынмен дамыды.

3- тапсырма. Берілген үстеулермен сөз тіркестерін құраңдар.

Қазір, биыл, әдейі, дұрыс, күнде, жиі.


4-тапсырма. Мына үстеулерді пайдаланып, сөйлем құраңдар.

Осы жылы, көктемде, жоғары, соншама, қазақша.


5 -тапсырма. «Қоғамдық көлік мәдениеті» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.


3 сабақ

Мен мектепке немен барамын?




  1. тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.

- Жүргінші тротуармен қозғалыс кезінде қай жағын ұстануға тиіс?

- Жүргінші тоқтап тұрған екі автомобильдің арасынан жолды кесіп жүріп өтуді бастағанда қандай сақтық шараларын қабылдауға тиіс?

- Автобустан түсісімен жолды қалай қауіпсіз кесіп жүріп өтуге болады?

- Егер жүргін бөлікте машина көрінбесе, жолды қалайша дұрыс және қауіпсіз кесіп жүріп өтуге болады?



- Егер жолды кесіп жүріп өтіп бара жатқаныңда қандай да бір затыңды түсіріп алсаң не істеу керек?

  1. тапсырма. Тірек сызбаны толтырыңдар.
















3-тапсырма.Мына сөйлемдерді оқып, үстеулерді анықтаңдар.

Айжан кейін жүреді. Сен мұнда кел. Әрі отыр. Жолшыбай сөйлеп келе жатыр. Біз осындамыз. Олар төмен түседі. Алды- артыңа қара


4- тапсырма. Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

Алға, ілгері, төмен, артта.


5- тапсырма.. «Менің үйден мектепке дейінгі жолым» деген тақырыпта әңгіме жазыңдар.

4 сабақ

Бағдаршам



1- тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.

- Ересек адамдар жолда жұру және жолды өту тәртібі туралы не дейді?

- __________________________________________________

- Машина көп жүретін жолдың қай бөлігінен өту керек екендігін білесің бе?

- _________________________________________________

- Жолдан өткенде не істеу керек?

- _______________________________________________

- Бағдаршамның қызметі неде?

- _______________________________________________


2- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.

Бағдаршам

Бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады. Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.
3- тапсырма. Жұмбақтарды шешіңдер.

1.Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Ысқырықпен түзеткен



Өміріңді күзеткен.

2.Көше бойлап аяңдайды,



Адам тасып аялайды .

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,



Іргеден басталып, алысқа жеткізген.

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,



Бақырайған үш көзі бар бірақ та.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет