Андреас Шлейхер,
Білім беру және кәсіби дайындау басқармасы директорының
және ЭЫДҰ Бас хатшысының білім беру саясаты бойынша
арнайы кеңесшісі міндетін атқарушы (2014)
Білім беру бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы
Жоғарыда келтірілген тұжырым Қазақстанда білім беру саласына өзгеріс қажет екенін
анық көрсетеді. Технология, коммуникация мен ғылым салалардағы мұндай елеулі өзгерістер
әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, ХХІ ғасырда табысты болу үшін әрбір
азаматқа қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ, ұлт
-
тық экономикаға да ықпал етуде және қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз ету
-
ге бағытталған халықаралық бәсекелестік артты. Женевадағы Халықаралық еңбек ұйымының
(2006) баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін маңыздылығын көрсетті: «... көлік және ком
-
муникация саласындағы елеулі жетістіктермен қатар, сауда мен капитал ағымын ырықтанды
-
ру: өз еңбегінің жемісін сату үшін әлемдік нарықта өзара бәсекелестіктегі жұмысшылар мен
жұмыс берушілердің саны күннен-күнге артып келе жатқандығын көрсетеді» (7-б.). Жаһан
-
дану тек жұмыс орындарына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар, оның қолжетімді жұмыс
түрлеріне және сәйкесінше, жұмыс табу үшін қажетті білім мен дағдыға да әсері артып ке
-
леді. Гриффин және басқа авторлардың (2012) айтуы бойынша: «...экономикасы дамыған ел
-
дерде өнеркәсіптік өндірістен ақпараттық қызмет көрсету және байланыс қызметін көрсетуге
ауысып жатқаны айтарлықтай байқалды» (17-б.). Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл
экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі ХХІ ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қа
-
тынастың арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа райының өзгеруімен байланысты проблемалар;
бүкіл әлемдегі халық санының қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі;
осылардың барлығы мектеп оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу
үшін бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.
Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ
мерзімді стратегия болып табылады. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде
(2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз пікірлерін
айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтар
-
лықтай маңызды екендігін бүкіл әлем мойындауда. Муршед және басқа авторлар (2010) жоға
-
рыда аталған мәселелерді шешу мақсатында өзгеріс енгізу үдерісіне қатысатын жүйелердің
саны артып отырғанын, білім беруді реформалаудың қарқынды артып келе жатқанын атап көр
-
сетті.
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе
қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі
| 11 |
Center
of Excellence
керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды.
Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қол
-
данылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере ала
-
тындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы
ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласын
-
дағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды,
сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды,
мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды ха
-
лықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы
мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі бо
-
лып табылады.
Осы реформалау аясында бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасы да
қамтылмақ. Бұл оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым, проблемаларды шешу, ғылыми
зерттеу жүргізу және анықтамалық материалдарды зерделеумен байланысты дағдыларын да
-
мытуға көмектеседі. Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетінді
-
гін көрсете отырып, алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет.
Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп,
болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу
маңызды болып табылады.
| 12 |
Достарыңызбен бөлісу: |