Қазақ тілінде оқытатын мектептерд егі бастауыш сы нып пəндері бойынша педагогика кадрларының



Pdf көрінісі
бет20/20
Дата25.01.2022
өлшемі0,51 Mb.
#114121
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Бастауыш Мұғалімге арналған бағдарлама

Пәндер

Сауат ашу

Қазақ тілі

Әдебиеттік оқу

Тек 1-сынып

2-4-сыныптар

2-4-сыныптар



Ж

алпы анықт

ам

асы / нег

е назар а

ударады

“Сауат ашу

 білім беру 

бағдарламасындағы аса 

маңызды пәндердің бірі болып 

табылады. Жалпы білімнің 

негізін қалыптастырады”.

(1.1-тараудан алынды)

Мыналарға назар 

аударады 

(1.2-тараудан 

алынды)

• 

Әңгімелер мен 



қиялын пайдалана 

отырып, оқуға деген 

қызығушылығын ояту;

• 

Кез келген пәнді 



оқу үшін қажетті 

дағдыларды дамыту: 

ойлау/тыңдау, есте 

сақтау, елестету/

шығармашылық, 

сондай-ақ оқылым 

және жазылым.

“Қазақ тілі

 білім беру 

бағдарламасындағы аса маңызды 

пәндердің бірі болып табылады. 

Жалпы білімнің негізін 

қалыптастырады”.

«Қазақ тілі - барлық мектеп 

пәндерінің тілі. Сондықтан 

басқа пәндерді түсінуі қазақ 

тілін білу деңгейіне тәуелді».

(1.1-тараудан алынды)

Мыналарға назар аударады 

(1.2-тараудан алынды)

• 

тілді, оның құрылымы 



мен функциясын түсінуді 

қалыптастыру;

• 

тіл дағдылары, соның 



ішінде сөйлеу мәнері, дұрыс 

дыбыстау, орфография, 

грамматика және лексика;

• 

... және жоғарыда 



айтылғандардың барлығы 

арқылы өз тілін құрметтеу, өз 

елін мақтан ету, басқаларға 

төзімділікпен қарау және 

оқушылардың кез-келген 

қоғамда өзін еркін ұстай 

білуі.

“Әдебиеттік оқу

 – оқушыларға 

қиялы мен тілін дамытуға, сөз 

өнерін түсінуге, әдеби және 

эстетикалық, сондай-ақ адамзат 

құндылықтарын түсінуге, олардың 

тілдік дағдылары мен оқылым 

дағдыларын қалыптастыруға 

мүмкіндік беретін жалғыз пән. Ол 

түсініп оқу және сауатты сөйлеу, 

тәуелсіз сын тұрғысынан ойлау 

дағдыларын қалыптастырып, 

оқушының тұлға ретінде дамуына 

көмектеседі". 

(1.1-тараудан алынды)

Мыналарға назар аударады 

(1.2-тараудан алынды)

• 

Қазақстанның әдеби мұрасын, 



мәдениетін, адамның мінез-

құлқын, қиялын түсіну 

үшін әдебиетті пайдалану 

("оқушының рухани 

құндылықтарын байыту");

• 

Тілді дамыту үшін әдебиетті 



пайдалану;

• 

Түрлі жанрларды, олардың 



ерекшеліктері мен құрылымын 

түсіну үшін әдебиетті 

пайдалану;

• 

«Класссика» болып табылатын 



әдеби туындылар (мысалы, 

ауыз әдебиеті, ұлттық және 

әлемдік балалар әдебиетінің 

үздік үлгілері) туралы білім 

қалыптастыру;

• 

Оқу мәдениетін дамыту.




| 17 |

Center


of Excellence

Пәндер

Сауат ашу

Қазақ тілі

Әдебиеттік оқу

Тек 1-сынып

2-4-сыныптар

2-4-сыныптар



Тыңда

лым және айтылым

Кез келген пәнді оқу 

үшін талап етілетін 

айтылым және тыңдалым 

дағдыларына назар аударады.

1-сыныпта оқушылар 

мыналарды дамытады:

• 

ақпаратты тыңдау және 



түсіну қабілеті (ТА1, ТА2, 

ТА7);


• 

дыбыс құрылымдарын, 

буындарды және сөздердің 

айтылуын түсіну (ТА9);

• 

тіл нормаларын 



пайдалану арқылы 

пікірлерді салыстыру, 

сұрақ қою, оқиғаларды 

жорамалдау және 

өлеңдерді, мақалдарды, 

жұмбақтарды және т.б. 

мәнерлеп оқу үшін тілдік 

және коммуникациялық 

дағдыларын дамыту 

(дауыс ырғағы, кідіріс, 

үнсіз тілдесу) (ТА3, ТА4, 

ТА5, ТА6, ТА8).



Айтылым және тыңдалым 

дағдыларын дамыту арқылы 

тілге назар аударады.

2-4-сыныптарда оқушылар:

• 

ауызша ақпаратты тыңдайды 



және мазмұнын/ идеяны, 

қолданылатын ишараларды 

түсінеді (ТА1, ТА2 және 

ТА4);


• 

ауызша материалдарды және 

тіл қалай пайдаланылғанын 

бағамдайды, мысалы, 

басқалардың көзін жеткізу 

үшін; әдеби тәсілдерді 

пайдаланады (ТА7);

• 

тиісті тіл нормаларын, әдеби 



тәсілдерді, құрылымдық/ 

визуалдық материалдарды 

пайдалана отырып, диалогке 

араласады, материалдың 

мазмұнын айтады, тұжырым 

жасайды (ТА3, ТА5, ТА6 

және ТА8).

Айтылым және тыңдалым 

дағдыларын дамыту арқылы 

әдебиетке назар аударады.

2-4-сыныптарда оқушылар:

• 

әдеби туындыларды талқылауға 



қатыса отырып, оның барысында 

әдеби мәтіндерді қалай 

түсінетінін көрсете алады 

(идеяларды анықтау, сұрақтар 

қою, өз пікірін айту, үзінділердің 

мазмұнын айту, оқиғалардың 

қалай өрбитінін жорамалдау 

арқылы) (ТА 1-5);

• 

сын тұрғысынан ойлау 



дағдыларын дамытады 

(1.1-тараудан алынды) / 

мәтіндерді бағамдайды (ТА6).

Оқылым

Кез келген пәнді оқу үшін 

қажет негізгі оқылым 

дағдыларына назар аударады.

1-сыныпта оқушылар 

мыналарды дамытады:

• 

мәтіндердегі негізгі 



ақпаратты оқу, түсіну 

және салыстыру 

дағдылары (О1, О2, О3, 

О5, О6, О8);

• 

мәтін бойынша қарапайым 



сұрақ қойып, жауап беру 

дағдылары (О4);

• 

дыбыстар, олардың 



бірізділігі және тиісті 

әріптік құрылымдар 

туралы түсінік (О9);

• 

түрлі оқылым тәсілдерін 



қолданып, мәтіннен 

ақпарат табу дағдылары 

(О6, О7).

Тілді дамыту мақсатында 

оқылымға назар аударады.

2-4-сыныптарда оқушылар:

• 

бірқатар оқылым тәсілдерін 



пайдалана отырып, мәтінді 

оқиды;


• 

мәтін мазмұнын және оларда 

пайдаланылған тілдің түрін, 

стилін және құрылымын 

түсінеді (О1, О2, О5, О6)

• 

мәтінде синтаксистік және 



лексикалық бірліктердің 

қалай қолданылғанын 

түсінеді (О3);

• 

оқылған мәтінді талдайды, 



салыстырады және үзінді ала 

алады (О4, О7 және О8).



Әдебиет туралы және тіл қалай 

пайдаланылатыны туралы білім 

алу мақсатында оқылымға назар 

аударады.

2-4-сыныптарда оқушылар:

• 

мәтіннің жанры, құрылымы 



және балама әдеби түрлері 

арасындағы айырмашылықты 

тани отырып, бірқатар әдеби 

туындыларды оқиды және 

түсінеді (О1, О2, О3, О5);

• 

бірқатар оқылым тәсілдерін 



құрады және мәтіннен қажетті 

ақпаратты алу үшін оларды 

пайдаланады (О6 және О7);

• 

оқылым арқылы сипаттау 



және сезімін білдіру үшін 

пайдаланылатын тіл бірліктері 

туралы білімін тереңдетеді (О4).



| 18 |

Пәндер

Сауат ашу

Қазақ тілі

Әдебиеттік оқу

Тек 1-сынып

2-4-сыныптар

2-4-сыныптар



Ж

азылым

Кез келген пәнді оқу үшін 

қажет негізгі жазылым 

дағдыларына назар аударады.

1-сыныпта оқушылар 

мыналарды дамытады:

• 

негізгі жазылым 



дағдылары: 

қаламды ұстаудан 

бастап қарапайым 

сөйлемдерді ұқыптап 

жазу, тақырыптарды, 

сөздерді, графиктерді/ 

диаграммаларды, 

кішкентай және бас 

әріптерді пайдалануға 

дейін (Ж3, Ж4, Ж5, Ж6, 

Ж7, Ж8)

• 

қарапайым тыныс 



белгілерін (нүкте, леп 

белгісі, сұрақ белгісі), 

орфографиялық 

және грамматикалық 

ережелерді пайдалану 

дағдылары (Ж9, Ж 10, Ж 

11 және Ж 12)

Жазылым дағдыларын 

(құрылымы, грамматика, 

тыныс белгілері және т.б.) 

дамытуға назар аударады.

2-4-сыныптарда оқушылар:

• 

тиісті лексика мен 



таныстырылым 

тәсілдерін пайдалана 

отырып, мәтіндердің 

әралуан түрлері мен 

стильдерін құрылымдайды 

(жоспарлайды) және жазады 

(Ж1, Ж2, Ж3, Ж4, Ж6);

• 

шығармашылық жұмыс 



үшін және естіген немесе 

оқыған материалды қорыту 

үшін жазылым дағдыларын 

пайдаланады (Ж5);

• 

мәтіндерді салыстырады 



(Ж7);

• 

орфографиялық, 



грамматикалық және 

тыныс белгілері ережелерін 

қолданады; 

• 

мәтіндерді дұрыстау және 



түзету үшін тіл туралы 

білімін пайдаланады. 



Шығармашылық жұмысқа назар 

аударады.

2-4-сыныптарда оқушылар:

• 

шығармашылық жұмыс жазуда 



өзінің әдебиет бойынша білімін 

пайдаланады (Ж1) және әдеби 

туындыларын басқа нысанда, 

мысалы, сурет, анимация түрінде 

ұсынады (Ж2); 

• 

Өз жұмысын дұрыстау және 



түзету үшін өзінің тіл туралы 

білімін пайдаланады (Ж3).



«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері 

Кішкентай балаларға бастауыш білім берудің маңызды мақсаттары мен мәселелерін ше

-

шуде  пән  ретінде  математиканың  қосатын  үлесі  зор.  Математика  тілінің  негіздерін  үйрену 



арқылы оқушылар басқа пәндер аясында, мысалы, жаратылыстануды оқу кезінде қажет бола

-

тын анағұрлым күрделі математиканы түсінуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, математи



-

ка әртүрлі мәселелерге қатысты қалай әрекет етіп, проблемаларды шешу жолдарын түсінуге 

көмектесе отырып, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, арифметикалық алгоритмдерді қол

-

дану, геометриялық құрылымдарды орындау және математикалық зерттеу жүргізу қабілетін 



жетілдіруге мүмкіндік береді. Оқу мақсаттарына негізделе отырып, оқушылар 

сандар мен өл

-

шемдер, алгебра,   геометрия және математикалық модельдеу

 туралы білу арқылы математи

-

каны түсінетін болады. Математикалық талдауды орындау арқылы оқушылар өз сұрақтарына 



және  басқа  адамдардың  сұрақтарына  жауап  беру  үшін  білімдерін,  рәсімдерді,  әдіс-тәсілдер 

мен технологияларды қолданады.



«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері 

Жаратылыстану пәні бойынша білім беру бағдарламасында ғылыми зерттеу жүргізу дағды

-

лары мен біз өмір сүретін әлем туралы білімге ерекше назар аударылады. Бастауыш сыныпта 



жаратылыстанудағы 

Мен - зерттеушімін, Тірі табиғат, Заттар және олардың қасиеттері, 

Жер және Ғарыш, Табиғат физикасы

 сияқты оқу бөлімдерін зерделеу оқушыларға мынадай 

дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі: зерттелетін тақырыпты таңдау; сұрақ қой

-



| 19 |

Center


of Excellence

ып, оған жауап беру тәсілдерін табу; зерттеу жүргізу жоспарын құру; болжам жасау; сұраққа 

жауап беру үшін зерттеу жүргізу, зерттеу нәтижесінде алынған түрлі деректерді жинау, өңдеу 

және түсіндіру. Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаратылыстану пәні бойынша білім 

беру бағдарламасы оларды жоғары сыныптарда және жоғары оқу орындарында биология, хи

-

мия және физика саласында одан әрі оқуға дайындайды.



«Дүниетану» пәні бойынша  бағыты

Дүниетану  пәні  бойынша  білім  беру  бағдарламасы  оқушылардың  қиялын  ояту  арқылы 

олардың білімқұмарлығын ынталандыруды көздейді. Ол бізді қоршаған әлемде болып жатқан 

үдерістерді  тарихи,  географиялық  және  әлеуметтік  тұрғыдан  түсінудің  маңызды  бөлігі  бо

-

лып табылатын фактіге негізделген білімді және ақпараттық контентті дамытуға бағытталған. 



Білім беру бағдарламасы Қазақстандағы адамдардың әлеуметтік, моральдық, шығармашылық 

және  қарым-қатынас  тәжірибесін  бейнелейді.  Ол  гуманитарлық  ғылымдар  мен  әлеуметтік 

ғылымдарды шынайы өмір жағдайында зерделеуге жол аша отырып, оқушыларға өзінің оқу 

үдерісін  бақылауға  мүмкіндік  береді.  Зерттеуге  негізделген  оқу  әдіс-тәсілдерін  пайдалану 

арқылы оқушылар ақпаратты жинап, талдап, ұсынатын болады, бұл оларға белсенді азаматтық 

ұстанымы бар адам болып өсуге көмектеседі.



Бастауыш сыныптың арнайы пәндері бағыты

Ескертпе: 

Қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің білік

-

тілігін  арттырудың  осы  бағдарламасы  аясында  «Орыс  тілі»,  «Бейнелеу  өнері»,  «Ағылшын 



тілі» және «Музыка» пәндері қамтылмайды, себебі бұл пәндер бойынша жеке біліктілікті арт

-

тыру курстары көзделген.





Пән

Бөлімдер

1

2

3

4

5

1 Қазақ тілі Т2

Тыңдалым

Оқылым


Айтылым

Жазылым


2 Бейнелеу өнері

Идеяларды 

зерделеу және 

дамыту


Әзірлеу және 

жасау


Шолу, талдау 

және бағамдау

3 Музыка

Музыканы 

орындау, 

тыңдау және 

талдау 

Музыкалық  

шығарма 

шылық 


жұмыстарды 

жасау 


Музыкалық 

шығармашылық 

жұмыстарды 

көрсету және 

бағалау 

4 Ағылшын тілі

Тыңдалым

Оқылым


Айтылым

Жазылым Ескерт

-

пе

Барлық пәндердің бөлімдері өз ішінде бөлімшелерге бөлінеді, олар дағды немесе тақырып, 



білім немесе түсінік деңгейіне қарай жіктеледі. Бөлімшелер сынып деңгейінде күтілетін нәти

-

желерді білдірген кезде оқу мақсаттары болып саналады. Осындай оқу мақсаттары оқушы



-

ларға оларға алда еңсеруге тура келетін белестерді белгілеп, мұғалімдерге жоспарлауға және 

бағалауға мүмкіндік бере отырып, әр бөлімшенің аясындағы алға ілгерілеуді көрсетеді.



| 20 |

Бастауыш мектеп аясындағы спиральді білім беру бағдарламасы

Спиральді  білім  беру  бағдарламасының  құрылымы  (жоғарыда  жан-жақты  сипатталған) 

бастауыш мектепке арналған әрбір білім беру бағдарламасының бағыттарын талдаған кезде 

барынша түсінікті болады. Ұйымдастыру түрлерінің бірнеше нұсқасын бастауыш сыныптарға 

арналған оқу бағдарламаларының құрылымынан көруге болады. Бөлімдер нақты бір пәннің 

кезеңдерін бейнелейтін ішкі тәртіп бойынша орналасқан.

Оқушылар  алға  ілгерілеу  шамасына  қарай  бір  сыныптан  келесі  сыныпқа  ауысқан 

сайын  бұл  тақырыптарды  анағұрлым  тереңірек  түсінеді  және  онымен  байланысты  тиісті 

тұжырымдамаларды  қолдануға  мүмкіндік  алады.  Мысалы,  бастауыш  сыныптарға  арналған 

математика пәні бойынша спиральді білім беру бағдарламасындағы ілгерілеуді оңай көруге 

болады, айталық оқушылар қосу және алу тұжырымдамаларының негізінде өткенді қайталайды 

және жаңа білім қалыптастырады:

1-сынып

Қосу және алу элементтерін білу 

2-сынып

Оқыған және жазған кезде қосу және алу элементтерінің атауларын пайдалану

3-сынып

Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және алу (ондықтарды ауыстыру арқылы)

4-сынып

Оқыған  және  жазған  кезде  қосу,  алу,  көбейту  және  бөлу  элементтерінің 

атауларын пайдалану 

Оқушылардың  бойында  өмір  бойы  білім  алу  дағдыларын  қалыптастыру  мақсатында 

бастауыш сыныпқа арналған пәндердің аясында мұғалімдер әрбір оқу жылында нені оқыту 

керектігін және оқу сапасы қандай болу керектігін нақты білуі тиіс. Оқушылардың, сондай-ақ 

мұғалімдер мен мектептердің әралуандығын қамту үшін бастауыш сыныпқа арналған білім 

беру бағдарламасы айтарлықтай икемді. Туған тілі қазақ тілі болып табылатын оқушыларға 

арнап бай, құнарлы тілдік орта ұсына отырып, білім беру бағдарламасы мұғалімдердің тіл са

-

ласында туындап қалуы мүмкін проблемалар туралы барынша хабардар болуын қамтамасыз 



етуге тиіс. Оқушылар әртүрлі пәндердің аясында қолдануға болатын білім алып, дағдылары 

мен мінез-құлқын қалыптастырады, бұл оқушыларға мектептен тыс өмірде қолдануға болатын 

дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Осындай дағдыларға сауаттылық, математикалық ойлау 

қабілеті, сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау кіреді, бірақ бұл тізім бұлармен шек

-

телмейді.



Пәнаралық байланыс орнату

Әр  пәнді  жеке  оқыту  (дискретті  оқыту)  маңызды  болып  табылатынына  қарамастан, 

пәнаралық байланыс жаттығулары пәндерді анағұрлым сапалы зерделеуге мүмкіндік береді. 

Каррдың (2007) пайымдауынша, пәнаралық байланыс тәсілі білім өзара байланысты құбылыс 

деп санаған Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың 

сындарлы  тәсілімен  тығыз  байланысты,  себебі  оқушылар  бірлесіп  жұмыс  істей  отырып, 

пәндердің араларындағы мәселелерді талқылап пікірталас жүргізеді (Hayes, 2010). Оқушылар 

бір пәннің аясында үйренген мәселелерін екінші пәнге пайдалана алады немесе бір пәннің 

негізінде басқа пәнді оқуды жақсарта алады. Білімдерді ықпалдастыру оқушы үшін оқу үдесірін 

анағұрлым  байланысқан  және  маңызды  етуге  бағытталған.  Бастауыш  мектептің  1-2  сынып 

оқушылары  жаттығуларды  белгілі  бір  пәнге  жатқызбайды,  сондықтан  пәнаралық  байланыс 

тәсілі олардың оқу түрін анағұрлым нақты көрсетеді.




| 21 |

Center


of Excellence

БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІ БОЙЫНША 

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

Критериалды бағалау

Қазақстанның орта білім беру жүйесіне жүргізілген ЭЫДҰ шолуының негізінде оқушылар 

үшін бағалауды барынша әділ және анағұрлым мәнді ету мақсатында барлық бастауыш және 

орта мектептерде критериалды бағалау моделін енгізу ұсынылды.

Критериалды  бағалау  кезінде  оқушылардың  үлгерімі  алдын  ала  белгіленген  критерий

-

лердің (Глейзердің енгізген ұғымы, 1963) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл баға



-

лау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағала

-

натын нормаға негізделген бағалаудан ерекшеленеді. 



Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау 

(ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ). 

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып та

-

былады  және  тоқсан  бойы  жүйелі  түрде  өткізіледі.  Қалыптастырушы  бағалау  үздіксіз  жүр



-

гізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және 

балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқуды 

өлшеу үшін және алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.

Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ ортақ тақырыптарын және белгілі бір 

оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпа

-

рат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. 



Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады, алайда 

бағалау  тәсілдері  пәннің  мазмұны  мен  ерекшеліктеріне  байланысты  ерекшеленуі  мүмкін. 

Жиынтық  бағалау  тәсілдері  пәндер  мен  сыныптар  бойынша  жиынтық  бағалауға  арналған 

нұсқаулықтарда толығырақ қарастырылады.

Мұғалімдер  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалаудың  нәтижелерін  оқушыларға 

кері  байланыс  беру  үшін  және  оқу  үдерісінің  барысында  ата-аналарға  ақпарат  беру  үшін 

пайдаланады.

Бағалаудың барлық түрлері пән бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнына негізделеді.

Критериалды бағалау моделі мен оны сыныпта қолдану тәсілдері туралы толығырақ ақпа

-

ратты  «Жалпы  білім  беретін  мектептердің  мұғалімдеріне  арналған  критериалды  бағалау  бо 



йынша басшылық» және «Мұғалімге арналған нұсқаулық» құралдарынан табуға болады.


| 22 |

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ

Пайдаланылған әдебиет

Alexander, R. (2002). The curriculum in successful primary schools: A response [Табысты бастауыш 

сыныптың білім беру бағдарламасы: жауап]. HMI Invitation Conference: The curriculum in 

successful primary schools. London: Ofsted.

Carr, D. (2007) Towards an educationally meaningful curriculum: epistemic holism and knowledge 

integration revisited [Маңызды білім беру бағдарламасына бет алу: эпистемиялық холизм 

және білімді ықпалдастыруды қайта қарау]. 

British Journal of Educational Studies

, 55(1): 

3–20.

Ewing, R. (2012). Competing issues in Australian primary curriculum: learning from international 



experiences  [Австралия  бастауыш  сыныпқа  арналған  білім  беру  бағдарламасы  мәселе

-

лері: халықаралық тәжірибеден сабақ алу], Education 3-13: International Journal of Primary, 



Elementary and Early Years Education, 40 (1), 97-111.

Gage, J. (2005). 



The Shape of Reason: argumentative writing in college 

[Себептің салдары: кол

-

ледждегі балама жазба]



 (4

th

 Ed).

 Longman.

Griffin, P. Blinkley, M. Erstad, O. Herman, J Raizen, S. et al. (2012). 

Assessment and teaching of 

twenty-first century skills 

[ХХІ ғасырдағы оқыту мен бағалау]. Springer science and business 

media.

Harnett, P. and Vinney, M. (2007). What’s happened to curriculum breadth and balance in primary 



schools? [Білім беру бағдарламасына не болды және бастауыш мектептегі теңгерім?] In: 

Harnett, P., ed. (2007) 



Understanding Primary Education: Developing professional attributes, 

knowledge and skills.

 London: Routledge, pp. 120-138

Hattie, J. (2011). 

Visible Learning for Teachers: Maximizing Impact on Learning 

[Мұғалімдерге 

арналған көзге көрінетін оқу: оқудың ықпалын арттыру]. Routledge, London

Hayes, D. (2000). 



Cascade training and teachers’ professional development 

[Каскадты оқыту және 

мұғалімдердің кәсіби дамуы]

ELT Journal Volume 54(2), Oxford University Press, Oxford.

Hayes,  D.  (2010)  The  seductive  charms  of  a  cross-curricular  approach  [Пәнаралық  байланыс 

тәсілінің көз тартарлық қасиеті]. 



Education 3–13: International Journal of Primary, Elementary 

and Early Years Education

, 38(4): 381–7.

Ko, J., Sammons, P. and Bakkum, L. (2013). 

Effective teaching: a review of research and evidence 

[Тиімді оқыту: зерттеулер мен дәлелдерді шолу]. CfBT, Reading

McBer,  H.  (2000). 

Research  into  teacher  effectiveness 

[Мұғалімнің  тиімділігін  зерттеу]



DfEE 


Research Report 216. Norwich.

Milovanovitch,  M.  (2014) 



Reviews  of  National  Policies  for  Education:  Secondary  Education  in 

Kazakhstan 

[Ұлттық білім беру саясатын зерделеу: Қазақстандағы орта білім]. OECD.

Mourshed, M. et al. (2010). 

How the worlds most improved school systems keep getting better 

[Әлем


-

дегі аса дамыған мектеп жүйелері сапаларын қалай сақтап тұрады?]



McKinsey & Company  

retrieved  from  http://mckinseyonsociety.com/how-the-worlds-most-improved-school-systems-

keep-getting-better/ 

Oates, T. (2010). 

Could do better: Using international comparisons to refine the National Curriculum 

England 

[Табысқа  қалай  жетуге  болады:  Англияның  ұлттық  білім  беру  бағдарлама

-

сын  жетілдіру  үшін  халықаралық  деректерді  пайдалану]



University  of  Cambridge  Local 

Examinations Syndicate

Roach, A.  T.,  Niebling,  B.  C.,  &  Kurz, A.  (2008). 



Evaluating  the  alignment  among  curriculum, 

instruction and assessments: Implications and applications for research and practice 

[Білім беру 

бағдарламасы, оқыту мен бағалаудың ретін бағамдау: зерттеу мен тәжірибе үшін маңызы 

мен ықпалы]. Psychology in the Schools, 45(2), 158-176.

Robinson,  K.  (2009)  ‘

The  Element:  How  Finding  Your  Passion  Changes  Everything’ 

[Элемент: 

Сіздің өзгеріске құштарлығыңыздың нәтижесі] Penguin.

Rychen, D.S. & Salganik L.H. (Eds.) (2003). 



Definition and Selection of Competencies Project 

[Құ


-

зыреттілік  анықтамасы  мен  іріктеу  жобасы]



Organization  for  Economic  Cooperation  and 




| 23 |

Center


of Excellence

Development. (OECD).

Schleicher, A. (Ed.). (2012). 

Preparing Teachers and Developing School Leaders for the twenty-first 

Century: Lessons from around the World 

[ХХІ ғасырға арнап мұғалімдерді даярлау және мек

-

теп көшбасшыларын дамыту: әлемдегі сабақ]. OECD Publishing



Schleicher, A. (2014). Retrieved from http://oecdeducationtoday.blogspot.fr/2014/04/educating-for-

twenty-first-century.html 

Schmidt W. and Prawat R. (2006). 

Curriculum Coherence and national control of education: issue or 

non-issue?

 [Білім беру бағдарламасының үйлесімділігі және білім беру саласындағы ұлт

-

тық бақылау: проблема әлде түкке тұрмайтын мәселе] Journal of Curriculum Studies 38(6). 



641-658

Smith, C., Dakers, J., Dow, W., Head, G., Sutherland, M., Irwin, R. (2005). 



A systematic review of 

what pupils, aged 11–16, believe impacts on their motivation to learn in the classroom 

[11-16 


жастағы оқушылар олардың оқуға деген уәжіне не ықпал етеді деп ойлайтынын жүйелі 

талдау]


.

  In: 


Research  Evidence  in  Education  Library

.  London:  EPPI-Centre,  Social  Science 

Research Unit, Institute of Education, University of London.

Wallace, T., Stariha, W.E. and Walberg, H.J. (2004). Teaching speaking, listening and writing [Ай

-

тылым, тыңдалым мен жазылымды үйрету]. Geneva: International Bureau of Education.



Wheeler,  K.  (n.d.). 

Toulmin  model  of  argument 

[Дәлелдеудің  Толминдік  әдісі]



Retrieved  19 

November 2014 from http://web.cn.edu/kwheeler/documents/toulmin.pdf

Қосымша әдебиет

Dweck, C. (2012). Mindset: How You Can Fulfil Your Potential [Ойлау сипаты: әлеуетті арттыру 

жолдары]. 

Hattie, J and Yates, G (2014). Visible Learning and the Science of How We Learn [Көзге көрінетін 

оқу және қалай оқу керектігі ғылымы].

Black, P. and William, D. (1998). Inside the black box [Қара жәшік ішінде].

Clarke, S. (2005). Formative Assessment in the Secondary Classroom [Орта мектептегі қалыпта

-

стырушы бағалау].



Lemov, D. (2010). Teach like a champion [Чемпион сияқты оқыту].


Теруге 09.12.2015. берілді. Басуға _______.02.2016 қол қойылды.

Пішімі 71х100/16. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. 

Шартты б. т. ____.  Таралымы _____ дана. Тапсырыс №________.

Педагогикалық шеберлік орталығы  

«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ

010000, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы



31-көше, 37-А ғимараты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет