№
Пән
Бөлімдер
1
2
3
4
5
1
Қазақ тілі (Т1)
Тыңдалым
және айтылым
Оқылым
Жазылым
2
Сауат ашу
Тыңдалым
және айтылым
Оқылым
Жазылым
3
Әдебиеттік оқу
Тыңдалым
және айтылым
Оқылым
Жазылым
4
Математика
Сандар және
өдшемдер
Алгебра
Геометрия
Математика
-
лық модельдеу
5
Жаратылыстану
Мен -
зерттеушімін
Тірі табиғат Заттар және
олардың
қасиеттері
Жер және
Ғарыш
Т а б и ғ а т
физикасы
6
Дүниетану
Мен
және
қоғам
Елімнің
табиғаты
Тарих бет
-
терінен
«Қазақ тілі» (Т1), «Сауат ашу», «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша оқу
бағдарламаларының бөлімдері - тыңдалым және айтылым, оқылым және жазылым
Бастауыш мектептегі тілдік пәндердің (қазақ тілі, сауат ашу және әдебиеттік оқу) оқу
бағдарламаларының мақсаты – қазақ тілін үйренуге негіз қалау. Бұл әртүрлі қарым-қатынас
салалары мен жағдайлары, стилистикалық ресурстар, дұрыс дыбыстау, орфографиялық және
орфоэпиялық нормалар, сондай-ақ жанрлар мен стильдерді білуге қатысты құрылым мен
функцияларды қамтиды. Бағдарламада әртүрлі қарым-қатынас салаларында және жағдайларда өз
ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беретін айтылым және танымдық жаттығуларға, қарым-қатынас
жасай білу қабілеті мен дағдыларына ерекше назар аударылады. Қазақ тілін оқу барысында
оқушылар жалпы әлем мен адамзат туралы білім алады және тіл мен әдеби мұраның құндылығын
түсінеді, соның арқасында кез келген мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіре алады.
Жоғарыда келтірілген кестеде көрсетілген тілдік пәндердің әрқайсысы үшін үш бағыт
бірдей болып табылады: тыңдалым және айтылым, оқылым және жазылым. Алайда бұл пәндер
тілдің әртүрлі аспектілеріне бағытталғанына қарамастан, білім беру бағдарламасында, атап
айтсар болсақ, талап етілетін дағдылар бойынша ұқсастық бар. Бағдарламаның мазмұнындағы
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтай отырып, мұғалім тиісті оқу бағдарламаларын
өзара байланыстырып, нығайтатын жаттығуларды жоспарлай алады. Мысалы, «әдебиеттік оқу»
пәніндегі мәтіндерді жазылым дағдысын дамытуға арналған мықты модель ретінде пайдалануға
болады, ол орфографиялық және грамматикалық нормаларды қамтиды, сол себепті бұлар алдағы
уақытта жазылым бойынша жаттығуға негіз бола алады. Сондықтан олардың арасындағы
| 16 |
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды түсіну маңызды. Төменде келтірілген кестеде әрбір тілдік
бағыт үшін талап етілетін мазмұн, білім мен дағдылар ұсынылған: мұның алдында әр бағыттың
жалпы анықтамасы мен оның аясында қандай мәселелер қарастырылатыны ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: |