Қазақ тілінде оқытатын мектептерд егі бастауыш сы нып пəндері бойынша педагогика кадрларының


Спиральді білім беру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата25.01.2022
өлшемі0,51 Mb.
#114121
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Бастауыш Мұғалімге арналған бағдарлама

Спиральді білім беру бағдарламасы

Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің 

«Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. 

Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын бол

-

са, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады.



Брунер  адамның  танымдық  қабілеті  шартты  түрде  бөлінген  үш  сатыдан  тұрады  деп 

тұжырымдайды: 

•  белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);

•  бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);

•  таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).

Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған.

Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерек

-

шеліктері:



•  оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;

•  әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;

•  жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат 

тұрғысынан қарастырылады.

Спиральді білім беру бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтары

-

на назар аударады:



•  оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;

•  спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға 

қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;

•  оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қол

-

дануға жетелеу ұсынылады.



Бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасының құрылымына төмендегі бөлім

-

дерде  түсінік  беріледі.  Біріншіден,  білім  беру  бағдарламасының  үйлесімділігіне  арналған 



тәсілді сипаттай отырып, пәнге шолу жасалған. Сондай-ақ теориялық негіздемелерді қамти

-

тын бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасын әзірлеу бөлімі ұсынылады.




| 15 |

Center


of Excellence



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет