Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша



Pdf көрінісі
бет58/72
Дата07.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#85884
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72
Байланысты:
Мұғалімнің жұмыс дәптері
Мұғалімнің жұмыс дәптері
Сыныптағы сенімділік 
Мұғалімдердің сенімділік коэффициентін есептеуге уақыт жұмсауы немесе олар 
өздері құрастыратын тест тапсырмалары немесе бағалау тапсырмалары үшін өлшемнің 
стандартты қателіктерін сипаттауы екіталай. Алайда бұл сенімділік мәселесі сыныптағы 
бағалауға қатысты жоқ дегенді білдірмейді, сенімді болып табылатын оқушыларды 
бағалау нәтижелерін пайымдау мен шешімге негіздеу өте маңызды. Сонымен, мұғалім 
сыныптың өз бағаларына сенімді екендігіне қалай көзін жеткізуге болады? Джеффри 
Смиттің (2003) пікірінше, сенімділіктің альтернативті анықтамасы сыныптағы бағалауға 
көбірек келеді деп тұжырымдайды. Ол «ақпараттың жеткіліктілігі» идеясын ұсынады.
Смит үшін сыныптағы бағалаудың нақтылығы туралы пайымдауы мынадай сұраққа 
құрастырылуы қажет: «Осы оқуға қатысты әр оқушының үлгерім деңгейі туралы пікір 
айту үшін бұл бағалау қажетті ақпараттарды ұсына ала ма?» (Смит, 2003).
Тейлор және Нолан (1996) да осы көзқарасты қолдайды. Олардың айтуынша
«бағалаудың кең ауқымды диапазоны ұзақ тестің мақсатына қызмет етуі мүмкін – 
ақпараттар мен нақтылық дәлелдерінің дереккөздері көп болған сайын сенімді шешім 
қабылдануы мүмкін».
Мұндай анықтама: «Қанша ақпарат жеткілікті?» деген сұрақты туындатады. 
«Жеткілікті ақпарат» пен мүлдем ұзақ бағалау арасында нақты сызық бар. Әрине, бұған 
жеңіл жауап беру мүмкін емес, түптеп келгенде, бұл кәсіби пайымдауға саяды. Дегенмен 
осы сұраққа қатысты кейбір тәжірибелік ұсыныстарды Энн Дэвис те ұсынды (2000). Ол 
мұғалімдер триангуляция концепциясын сенімділікті арттыру және сыныптағы бағаның 
негізділігінің тәсілі ретінде қолданады деп болжайды.
Триангуляция (бетті қисық сызықтарға бөлу әдісі) кез келген шешімді қабылдаудың 
негізі ретінде бағалауды дәлелдеудің үш түрлі дереккөзін қолданудан тұрады. Дэвис үшін 
бұл салалар – оқушылар жасайтын (тест нәтижелерін қоса алғанда) нәтижені, оқуды, 
сондай-ақ, әңгімелесуді меңгеруді бақылау. Мұғалімдер осы дереккөздердің 
әрқайсысының дәлелдерін қарастырған және жинақтаған кезде, олар көбіне тек бір салаға 
немесе нәтижеге сүйенгеннен гөрі оқушылардың ілгерілеуі туралы сенімді және маңызды 
шешімді шығаруға бейім келеді. Сенімділік мәселесі кездейсоқ өзгеріс, шын мәнінде, 
бағалау кезінде болуы қажеттігі туралы ескертеді. Бұл оқушыларды бағалаған кезімізде
әсіресе бағалау нәтижелері өздері тікелей қатысатын жеке оқушы және / немесе оқыту мен 
оқу бағдарламалары туралы шешім қабылдау үшін қолданылатын кезде бізге қатысты 
болуы тиіс.
Ескертпе: сенімсіз нәтижелердің оқушылар үлгерімі туралы дәйекті шешім 
шығаруға алып келмейтінін атап өту маңызды. Алайда бағалау нәтижелерінің сенімді 
болуы біздің маңызы барларын ғана бағалайтынымызды білдірмейді. Олай болса,
сенімділік қажетті болып табылады, бірақ әрекеттің жеткілікті жағдайында емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет